1
Жақыптың хаты 3:17
Киелі кітап
КК 2010
Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады.
ប្រៀបធៀប
រុករក Жақыптың хаты 3:17
2
Жақыптың хаты 3:13
Араларыңдағы қайсың парасатты да саналысың? Сондай адам онысын үлгілі мінез-құлқымен, парасатты инабаттылығымен көрсетсін.
រុករក Жақыптың хаты 3:13
3
Жақыптың хаты 3:18
Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл «тұқымның» жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады.
រុករក Жақыптың хаты 3:18
4
Жақыптың хаты 3:16
Қай жерде қызғаныш пен қара бастың абыройын ойлау болса, тәртіпсіздік пен зұлымдық атаулы да сол жерде.
រុករក Жақыптың хаты 3:16
5
Жақыптың хаты 3:9-10
Біз тілімізбен Жаратқан Ие — Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз. Алайда Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды сол тілімізбен қарғаймыз да! Осылайша алғыс та, қарғыс та бір ауыздан шығады. Бауырластарым менің, бұлай болмасын!
រុករក Жақыптың хаты 3:9-10
6
Жақыптың хаты 3:6
Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады.
រុករក Жақыптың хаты 3:6
7
Жақыптың хаты 3:8
Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы.
រុករក Жақыптың хаты 3:8
8
Жақыптың хаты 3:1
Бауырластарым менің, бәрің бірдей тәлім беруші болуға ұмтылмаңдар! Иеміздің бізге, тәлім беретіндерге, басқалардан гөрі қатаңырақ төрелік айтатынын білесіңдер.
រុករក Жақыптың хаты 3:1
គេហ៍
ព្រះគម្ពីរ
គម្រោងអាន
វីដេអូ