YouVersion Logo
Search Icon

Рут 4

4
Қайнағасының Рутқа қамқорлық жасауы
1Боғоз қала қақпасының қасындағы алаңға#4:1 Қала тұрғындары сол жерде маңызды істерін жүргізіп, даулы мәселелерін шешетін (4:11; Жар 23:10-18; Нқл 31:23,31). барып отырды. Қараса, өзі Рутқа айтқан туысқаны қасынан өтіп бара жатыр екен. Боғоз оған: «Туысқан, мұнда келіп, отыра тұр», — деді. Ол қасына келіп, жайғасқаннан кейін 2Боғоз қаланың он ақсақалын шақырып алып: «Қасымызға отырсаңыздар екен», — деп өтінді. Содан ақсақалдар да жайғасып отырды.
3Боғоз жаңағы туысқанына қарап былай деп сөз бастады:
— Моаб елінен қайтып келген Нағима ағайынымыз Елімәлікке тиісті мұралық жер үлесін сатпақшы.#4:3 Яғни мұралық жер үлесін қайта сатып алу құқығын сатпақ (Леу 25:25). 4Соны сенің құлағыңа салғым келеді. Халқымның ақсақалдарының және мына отырған жұрттың алдында саған ұсыныс жасаймын: соны сен сатып ал. Егер сол отбасының қамқоршысы болғың келсе, бола бер. Ал бас тартсаң, ашығын айт, мен білейін. Себебі қамқоршы бола алатын ең жақын туысқан сенсің, сенен кейінгі кезек менікі. — Туысы:
— Жарайды, құнын төлеп, сатып алайын, — деді. 5Сонда Боғоз:
— Егер сен Нағимадан жерді сатып алсаң, онда марқұмның моабтық жесір келіні Руттың әмеңгері болып соған үйленесің. Рут ұлды болғанда тұңғыш ұлы марқұмның ұрпағы деп есептелініп, мұралық жер үлесін сол иемденбек, — деді.#4:5 Заң 25:5-10. 6Бұған туысы:
— Олай болса, жерді сатып ала алмаймын. Бұл өзімнің мұралық үлесіме нұқсан келтірмек.#4:6 Яки: Бұл менің өз балаларыма қалдыратын мұрамды азайтпақ. Одан да сенің қамқоршы болып, жерді сатып алғаның жөн. Ал менің қолымнан келмейді, — деп жауап берді.
7Ежелгі заманда Исраилде мынадай дәстүр бар болатын: егер біреу туысқан қамқоршы ретіндегі борышын басқа біреуге аударса, онда ол бұл істі растау үшін бір аяқкиімін шешіп алып, сол адамға беруге тиісті еді. 8Сондықтан туысқаны «Жерді өзің сатып ал» дегеннен кейін Боғозға аяқкиімін шешіп берді.
9Сонымен Боғоз айналасындағы ақсақалдар мен барлық жұртқа қарап былай деді:
— Бүгін сіздер менің Нағимадан Елімәліктің, Хилионның және Махлонның бүкіл меншігін сатып алғандығыма куәсіздер. 10Мен, сондай-ақ, марқұмның ұрпағын жалғастырып, соған барлық мұрасын қалдыру үшін Махлонның жесірі моабтық Рутты әйелдікке аламын. Осылай марқұмның аты өз әулеті мен қала шежіресінен өшуден аман сақталмақ. Сіздер бүгін соған куәсіздер.
11Ақсақалдар және қақпа алдындағы алаңда жиналған барлық адамдар:
— Иә, куәміз, — деп растады. Олар Боғозды құттықтап: — Жаратқан Ие сенің үйіңе кіретін бұл әйелді Исраилдің үрім-бұтағын таратқан Рахила мен Лиядай#4:11 Жар 29:16; 35:23-26. ұрпақты ете көрсін! Сен Ефрата аймағында күшті болып, атың Бетлехемде жасасын! 12Тамар ата-тегіміз Яһудаға Паресті#4:12 Жар 38:16,29. туып беріп, үлкен әулетті таратқандай, Жаратқан Ие осы жас әйелден сыйлайтын ұрпақтарың арқылы сені де үбірлі-шүбірлі қыла көрсін! — деп баталарын берді.
Дәуіт пайғамбардың ата-тегі
13Осылай Боғоз той жасап Рутқа үйленді. Жаратқан Иенің жарылқауымен Руттың аяғы ауырлап, ұл туды. 14Әйелдер Нағиманы құттықтап: «Жаратқан Ие мадақталсын! Енді Ол сені қамқорлайтын мұрагермен қамтамасыз етті. Баланың атағы Исраилге жайылсын! 15Ол өміріңді қуанышқа кенелтіп, қартайған шағыңда сүйенішің болады. Себебі оны туған — өзіңді жақсы көріп, соншама адал болып келген келінің. Осы келінің саған жеті ұлдан да артық!» — деді.
16Нағима нәрестені қолына алып, бауырына басып, бағып-қақты. 17Көрші әйелдер: «Бұл — Нағима үшін туылған ұл», — деп, оған Ғабит#4:17 Осы есімнің басқа түрлері: Обид, Абди; оның мағынасы: «Қызметші», яғни Құдайдың құлы. деген есім берді. Ғабит Есейдің әкесі, Дәуіттің#4:17 Дәуіт пайғамбар әрі патша (Пат1 16:1,11-13; Пат2 5:1-3). атасы болды.
18Парес әулетінің тарау тегі мынау: Парестен Хесрон, 19Хесроннан Рам, Рамнан Әминадап, 20Әминадаптан Нағасон, Нағасоннан Салмон, 21Салмоннан Боғоз, Боғоздан Ғабит, 22Ғабиттен Есей, ал Есейден Дәуіт туды.

Currently Selected:

Рут 4: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy