YouVersion Logo
Search Icon

Рут 3

3
Руттың қайнағасына өтініш білдіруі
1Бір күні Нағима:
— Қызым, саған жақсы болу үшін жайлы баспана тауып берсем, қалай болар еді? — деп құлақ қағыс етті. 2— Сен қызметші қыздарымен бірге жүрген Боғоз — біздің ет жақын қайнымыз ғой. Ол бүгін кеште қырманда арпасын ұшырып, тазартып жатыр екен. 3Кәне, жуынып-шайынып, иісмай жақ та, әдемі киініп алып, қырманға бар. Бірақ Боғоз кешкі асын ішіп-жеп болмайынша көзіне түспе. 4Ол ұйқыға кіріскенде жатқан жерін біліп ал. Кейін сонда барып, жамылғысының етегін аздап көтеріп, аяқ жағына жата кет. (Осылай сен Боғоздың өзіңе қамқоршы болуын сұраған тілегіңді білдіресің.)#3:4 Бір туысқанның жамылғысының астына кіру заңды түрде қамқоршы әмеңгері болуын өтінуді білдіретін. Осындай салт-дәстүр Батыс Азиядағы кейбір елдерде әлі күнге дейін сақталған. Әрі қарай заңды түрде не істеу керек екенін оның өзі айтар.
5— Айтқаныңыздың бәрін істеймін, — деп жауап берді келіні. 6Содан қырман басына барып, енесінің тапсырғандарын орындады.
7Ішіп-жеп, көңілі көтерілген Боғоз үйілген астықтың шет жағына жатып, ұйықтап қалғаннан кейін, Рут білдіртпей жамылғысын аздап көтеріп, аяқ жағына жата кетті. 8Түн ортасында Боғоз орнынан аударылып, шошып оянды. Аяқ жағында бір әйел жатыр екен! Ол абыржып:
9— Өй, сен кімсің? — деп сұрады.
— Мен Рутпын ғой, мырза. Мені қанатыңыздың астына ала көріңіз, әмеңгерім#3:9 Яки: туысқан қамқоршым (2:20). бола алатын қайнағам емессіз бе? — деп жауап берді ол. 10Сонда Боғоз былай деді:
— Қалқам, Жаратқан Ие сені жарылқасын! Мына игі ісің бүгінге дейін енеңе жасап келген жақсылығыңнан да асып түсті! Сенің бай болсын, кедей болсын жас жігіттердің артынан жүгірмегенің жөн болды. 11Енді уайымдамай-ақ қой, қарағым. Мен өтінішіңді түгелдей орындаймын. Қала халқының бәрі#3:11 Яки: Қала қақпасынан кіріп-шыққан жұртымыздың бәрі (4:1). сенің үлгілі әйел#3:11 Яки: абыройлы да еңбекқор әйел. екеніңді біледі. 12Менің саған әмеңгер бола алатын қайнағаң екенім рас. Бірақ менен де жақын қайның бар. 13Бүгін осында түнеп шық. Ертең сол адам саған әмеңгер болуға келіссе, онда жақсы, солай болсын. Ал егер ол бас тартса, мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдындағы адал сөзім: онда мен саған әмеңгерің болып үйленемін. Ал әзірше таңға дейін осы жерде ұйықтай бер.
14Осылай Рут сол жерде таң атқанша ұйықтап, адамдар әлі бір-бірінің бет-жүзін ажырата алмайтын қараңғы кезде тұрды. Боғоз (өсек тарап кетпеу үшін): «Әйелдің қырманға келгенін ешкім білмесін», — деген еді. 15Рут қайтып кетпес бұрын Боғоз: «Жамылғыңды жайып ұстай ғой», — деп, соған алты себеттей арпа құйып, буып-түйіп, Рутқа арқалатып жіберді. Өзі де қала жаққа жөнелді.
16Рут енесіне келгенде Нағима:
— Қалай болды, қызым? — деп сұрады. Келіні оған сол адамның не істеп, не қойғанын түгелдей айтып беріп:
17— Ол маған «Енеңе құр қол қайтпа» деп, мына алты себеттей арпаны беріп жіберді! — деп қосты. Сонда енесі:
18— Соңы немен бітерін білгенше тоса тұр, қызым. Бұл кісі бүгін осы істі аяқтамай тыным таппайды, — деп түйді.

Currently Selected:

Рут 3: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy