YouVersion Logo
Search Icon

Руларды санау 15

15
Қосымша сый-тартулар
1Кейінірек Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: 2«Исраилдіктерге мынаны айт: Мен сендерге#15:2 Яғни халықтың жас ұрпағы (14:22-23,31). табыстағалы тұрған елге еніп, қоныстанатын боласың. 3Бұдан кейін сендер Өзіме ұнамды хош иісті тартулар ұсынатын боласыңдар. Осы тартуларды адам шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық ретінде, не өзінің Жаратқан Иеге берген сертін орындау үшін, не өз еркімен немесе белгілі мейрамға орай беретін тарту ретінде бағыштай алады. Құрбандықтар мүйізді ірі қара не ұсақ малдан бола алады. 4Сонда сый-тартуды ұсынушы адам шалатын құрбандығына қоса мынадай астық тартуын да әкелсін: ол пұттың оннан біріндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын екі қадақ зәйтүн майымен араластырып, астық тартуы ретінде ұсынуы керек.#15:4 Мыс 29:40. 5Түгелдей өртелетін тарту ретінде құрбандыққа шалынған әрбір тоқтыға қоса сұйық тарту ретінде екі қадақ#15:5 Яки: Һіннің төрттен бір бөлігі мөлшеріндегі (шамамен 1 л). шарап та ұсынылсын.
6Ал егер құрбандыққа қошқар ұсынсаңдар, оған арналған астық тартуы үш қадақ#15:6 Яки: Һіннің үштен бір бөлігін (1,33 л). зәйтүн майымен араластырылған бір пұттың оннан екі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұны болсын. 7Сонымен қатар сұйық тарту ретінде үш қадақ шарап та ұсыныңдар. Бұлар Маған хош иісті де ұнамды тарту болады.
8Түгелдей өртелетін құрбандыққа, не берілген сертке байланысты шалынған құрбандыққа, не Өзіммен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандыққа бір жас бұқаны әкелгенде, 9бұқамен бірге астық тартуы ретінде бір пұттың оннан үштей мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын төрт жарым қадақ зәйтүн майымен араластырып ұсыну керек. 10Соған қоса сұйық тарту ретінде бес қадақ шарап та ұсыныңдар. Бұлар Маған өртелу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту болады.
11(Құрбандыққа шалынып, өртелетін) әрбір жас бұқа не қошқарға, әрбір тоқты не ешкіге қоса осы тартулар ұсынылсын. 12Әрқайсыларың әкелген құрбандық малдарыңның санына қарай осылай істеңдер. 13Елде туған әрбір адам Маған өртелу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту әкелгенде, бұларын осы нұсқауға сай істеуге тиіс.
14Араларыңда уақытша не тұрақты тұрып жатқан жат жұрттықтар Маған өртелу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды құрбандық ұсынса, олар да сендер сияқты істеулері керек. 15Халыққа арналған ережелер сендер үшін де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар үшін де бірдей болуға тиіс. Бұл — келер ұрпаққа да арналған тұрақты ереже. Мен Жаратқан Иемін, әрі Менің алдымда сендер де, жат жұрттықтар да бірдей боласыңдар. 16Заңдар және шешімдер сендер үшін де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар үшін де бірдей болулары керек».
17Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:
18— Исраилдіктерге мынаны айт: Мен сендерді#15:18 Яғни жас ұрпақты (14:22-23,31). алып бара жатқан елге жеткен соң, 19елдің өнімін жейтін боласыңдар. Сонда Жаратқан Иеге бағышталған тарту ретінде өнімнің арнайы бөлігін ұсыныңдар. 20Қырманның алғашқы өнімінің тартуы ретінде диірменде тартылған алғашқы ұннан#15:20 (Мыс 34:26; Леу 23:10,14) Яки: алғашқы қамырларыңнан. пісірілген дөңгелек нанды әрі-бері тербеп Жаратқан Иеге ұсыныңдар. 21Диірменде тартылған алғашқы ұннан Жаратқан Иеге тарту ұсынуды барлық келер ұрпақтарың да орындасын.
Абайламай жасалған күнәнің құнын өтейтін құрбандық
22Егер Жаратқан Иенің Мұсаға берген осы өсиеттерін абайламай бұзып алатын болсаңдар, 23яғни Жаратқан Иенің алғашқы кезден бастап Мұса арқылы берген барлық өсиеттерінің бірін болашақ ұрпақтарың да 24абайламай бұзып алатын болса және бұл туралы ешкім де білмесе, онда бүкіл қауым бір жас бұқаны шалып, түгелдей өртеп, Жаратқан Иеге хош иісті де ұнамды құрбандық ретінде ұсынсын. Соған тиісті астық және сұйық тартуларын да алып келсін, әрі күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалсын. 25Осылайша діни қызметкер Исраил халқының бүкіл қауымын күнәларының арамдығынан тазартып, олар кешіріледі. Себебі сол күнә әдейі емес, абайламай жасалған еді, әрі исраилдіктер осы теріс істері үшін Жаратқан Иеге арнап өртелу арқылы жасалатын және күнәнің құнын өтейтін құрбандықтарын шалып, өртеп ұсынған болатын. 26Сонда бүкіл исраилдік қауым және араларында тұрып жатқан жат жұрттықтар да кешіріледі, себебі бұны бүкіл халық абайламай істеген болатын.
27Егер бір жеке адам абайламай күнә жасаған болса, онда ол бір жасар ешкіні күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде шалсын. 28Діни қызметкер абайламай күнә жасаған адам үшін оны күнәсінің арамдығынан тазартатын рәсімді Жаратқан Иенің алдында орындайды, осылайша сол адамның күнәсі кешіріледі. 29Абайламай күнә жасаған адам тумысынан исраилдік болсын не араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық болсын, екеуіне де қолданылатын заң бірдей болады.
Әдейі жасалған күнәнің жазасы
30Бірақ тумысынан исраилдік болсын не жат жұрттық болсын, әдейі күнә жасайтын кез келген адам сонысымен Жаратқан Иені қорлайды. Ондай адам халықтың арасынан аластатылсын. 31Жаратқан Иенің сөзін түкке тұрғысыз деп есептеп, өсиеттерін бұзғандықтан ондай жан міндетті түрде аластатылсын. Оның кінәсі өз мойнында қалады.
32Исраилдіктер елсіз далада жүрген кезде (араларындағы) бір адам діни демалыс күні отын жинап жүрген жерінен ұсталып қалды. 33Ұстағандар әлгі адамды Мұса мен Һаронның және жамағаттың алдына алып келді. 34Оған қандай шара қолдану керек екендігі анық болмағандықтан, адам қамауға алынды. 35Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Сол адам өлуге тиіс. Бүкіл жамағат оны қоныстың сыртына шығарып, таспен атқылап өлтірсін».
36Бүкіл жамағат адамды қоныстың сыртына алып шығып, Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сәйкес оны таспен атқылап өлтірді.
Өсиеттерді еске түсіруге арналған шашақтар
37Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
38— Исраилдіктерге мынаны айт: Олар киімдерінің етектеріне арнап шашақтар жасап, оларды етектің бұрыштарына байлайтын болсын. Әр шашақтың қою күлгін түсті жіптен жасалған бауы болуы керек. Келер ұрпақтарыңның бәрі де осындай шашақтарды тағып жүретін болсын. 39Осы шашақтар сендерге ескертпе болады. Ондағы мақсат — шашақтарды көрген сайын естеріңе Жаратқан Иенің барлық өсиеттері түсіп, соларды орындауларың, әрі өз жүректерің мен көздеріңнің құмарлығымен жүріп, Маған опасыздық жасаудан аулақ болуларың. 40Мұны Менің өсиеттерімді әрқашан естеріңде ұстап, орындауларың үшін және осы арқылы Маған, өз Құдайларыңа, бағышталған киелі#15:40 (Леу 11:44) Яки: қасиетті. болуларың үшін істеңдер. 41Мен сендердің Құдайларың болу үшін өздеріңді Мысырдан алып шыққан Жаратқан Иемін. Иә, Мен өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Иемін.#15:41 Мыс 6:7; 20:2-3,20; Леу 18:4; 25:38.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in