YouVersion Logo
Search Icon

Матай 3

3
Жақия пайғамбардың Мәсіхке жол дайындауы
1Сол заманда шомылдыру рәсімін#3:1 Сенуші осы рәсімнен өткенде өзінің теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіп, кешірілгендігін және ар-ұжданының тазарғандығын бекітеді (3:2,8,11; 28:18-20; Түсіндірмені де қараңыз). орындаушы Жақия пайғамбар келіп, Яһудея аймағындағы айдалада былай деп уағыз айта бастады:
2«Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай Патшалығының#3:2 Немесе: Көк Патшалығының (Дан 2:44; Түсіндірмені де қараңыз). жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!»
3Ишая пайғамбардың ежелде былай деп алдын ала айтқаны Жақия туралы болатын:
«Жар салған дауыс шығады айдалада:
Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар,
Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!»#3:3 (Иш 40:3) Ежелде патшалар бір жерге шығарда өкілдері халыққа оның жүретін жолдарын тегістетіп, жөндетіп қойғызатын. Мұнда Иеміздің өз халқына салтанатты шерумен келетіні және Оның халқының соған дайындалуға тиіс болатыны алдын ала айтылған.
4Жақия түйе жүнінен шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүретін.#3:4 Ежелде Ілияс және өзге де пайғамбарлар осылай киініп, белдерін буатын (Пат4 1:8; 2:13). Жейтін азығы шегіртке және жабайы араның балы болды. 5Сол уақытта Иерусалим қаласынан, бүкіл Яһудея аймағынан және Иордан жағасындағы барлық өңірден халық Жақияның қасына ағылып келіп жатты. 6Олар күнәларын мойындаған соң, Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді.
7Сол рәсімнен өту үшін көптеген парызшылдар мен саддукейлер#3:7 Парызшыл, саддукей (яки садықшыл): 23:13; 22:23; Түсіндірмені де қараңыз. де келді. Бірақ Жақия оларды көргенде, қатаң ескертіп былай деді:
— Ей, улы жыланның тұқымдары!#3:7 Яки: улы жыландай алдамшылар! (Әзәзіл шайтан «жылан» не «улы жылан» деп те аталады: Жар 3:1; Аян 12:9; 20:2.) Келешектегі қаһарлы жазадан құтылуды сендерге кім үйретті? 8Егер шынымен теріс жолдарыңнан қайтып, Құдай жолына түссеңдер, соған лайықты іс істеңдер! 9«Біздің түп атамыз — Ыбырайым» деп мақтанбаңдар! Сендерге шын айтамын: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да ұрпақ жасап бере алады. 10Қазірдің өзінде-ақ ағаш түбінде балта дайын тұр! Жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады!
11Мен сендерді теріс жолдан қайтқандарыңның белгісі ретінде суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр.#3:11 Құдай жіберген сол Билеуші Мәсіх Иса болды: 1:21; 2:2,6; 3:17; 12:15-18,21; 28:18-20. Ол сендерді Киелі Рухына әрі отқа#3:11 (Елш 2:2-4) Немесе: Киелі Рухқа я болмаса тозақ отына (3:12). шомылдырады. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. 12Ол бидайды желпушіге ұқсайды: күрегі қолында, қырманын тазартып, «бидайын» жинап, қамбасына құяды, бірақ «қауызын» тозақтың сөнбес отына жағады!#3:12 Бұл жерде «бидай» Құдайдың тура жолына түсіп, Оның еркін істейтіндерді, ал «қауыз» Құдайға бағынбағандарды білдіреді (13:30; 25:34,41; 28:19-20).
Шомылдыру рәсімінен өткен Исаға Құдайдың ризашылығын білдіруі
13Сол шамада Иса Жақияның шомылдыру рәсімінен өту үшін Ғалилеядан Иордан өзеніне келіп жетті. 14Бірақ Жақия Оны тоқтатып:
— Осы рәсімнен Сіздің мені өткізгеніңіз жөн бола тұра, қалайша маған келіп тұрсыз? — деді. 15Иса оған:
— Қазір осылай болсын. Солай Құдайдың әділ еркін толық орындауға тиіспіз,#3:15 3:16-17; Жыр 2:7; Иш 42:1. — деп жауап берді. Жақия Оның айтқанына көнді.
16Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін дереу судан шықты. Сол сәтте көк ашылып, Иса Өзіне көгершін сияқты төмендеп келіп, қонған Құдай Рухын көрді. 17Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым,#3:17 Немесе: сүйікті Ұлым. (Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы мәңгілік рухани байланысқа меңзейді: Жыр 2:2,6-9; Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Жар 1:26; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз.) Оған толықтай ризамын!» — деген дауыс естілді.

Currently Selected:

Матай 3: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy