YouVersion Logo
Search Icon

Матай 2

2
Шетелдік ғұламалардың Құдай жіберген Патшаға ізет білдіруі
1Иса Иродтың#2:1 Исраил елінің қатыгез патшасы, шетелдік Едом ұлтынан шыққан Ирод І (Түсіндірмедегі «Ирод әулетін» қараңыз). патшалық құрған заманында Яһудея аймағындағы Бетлехем қалашығында дүниеге келді. Біраздан кейін Иерусалимге#2:1 Бетлехем: Яһудея (Иудея) аймағының таулы өңірінде, Иерусалимнен 8 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан шағын қала, ежелгі патша әрі пайғамбар Дәуіттің шыққан атамекені (Пат1 16:1,11-13). Иерусалим: Яһудея аймағының астанасы, Дәуіт пайғамбардың бүкіл Исраилге патшалық құрған қаласы (Пат2 5:6,9,12). шығыс өлкесінен жұлдыз санаушы ғұламалар сапарлап келіп: 2«Яһудилердің жаңа туған Патшасы қайда екен? Біз Оның жұлдызының шығыс жақтан туып, жарқырағанын көрдік. Жаңа туған Патшаға ізет білдіру үшін келіп тұрмыз», — деп сұрастыра бастады.
3Ирод патша мұны естігенде қатты абыржып, онымен бірге Иерусалимнің бүкіл халқы да мазасызданды. 4Патша елдің барлық басты діни қызметкерлері мен дін мұғалімдерін жинап алып, оларға:
— Мәсіх қай жерде дүниеге келуге тиіс? — деген сұрақ қойды. 5Олар былай деп жауап берді:
— Яһудея аймағындағы Бетлехемде дүниеге келуге тиіс. Себебі (Миха) пайғамбар Құдайдың мына сөздерін жазып қалдырды: 6«Ал сен, Яһуда жеріндегі Бетлехем, Яһуданың басты қалаларының арасындағы ең маңызсызы емессің: сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады».#2:6 (Мих 5:2) Яки: Исраилді бағатын Көсем шығады. (Ежелде ел басшылары отарын бағып, қамқорлайтын шопанға ұқсатылып бейнеленетін.)
7Сонда Ирод жат жерлік ғұламаларды астыртын шақыртып алып, жұлдыздың аспанда қашан көрінгені туралы сұрап, біліп алды. 8«Барып, осы Бала туралы мұқият сұрастырып біліңдер, Оны тапқан соң маған хабарлаңдар! Мен де барып, Оған ізет білдірейін», — деп, оларды Бетлехемге жіберді.
9Ғұламалар патшаны тыңдап алып, жолға шығып кетті. Міне, қызық! Өздері бұрын шығыс жақтан көрген жұлдыз алдарында жылжып отырып, ең соңында Нәресте жатқан жердің үстінен тоқтады. 10Жұлдызды байқаған олардың қуаныштары қойындарына сыймады. 11Үйге кіргенде анасы Мәриямның қасындағы Нәрестені көрген ғұламалар жерге жүгіне кетіп, Оған иіліп ізет білдірді. Содан олар алып келген сандықшаларын ашып, Сәбиге сый-тартуларын: алтын әрі жұпар шайыр мен мүр атты хош иісті заттарды#2:11 Жұпар шайыр: яки ладан (Лұқ 1:9-10; Мыс 30:6-8). Мүр: яки смирна (Жыр 44:9; Мар 15:23; Жох 19:39-40). ұсынды.
12Мұнан кейін ғұламалар көрген түстерінде Құдайдан «Иродқа қайта оралмаңдар!» деген бұйрық алғандықтан, өз елдеріне басқа жолмен қайтып кетті.
Мәсіхтің отбасының Мысырға қашып құтылуы
13Ғұламалар кетіп қалғаннан кейін, Жаратқан Иенің періштесі Жүсіпке түсінде аян беріп: «Тұр, Нәресте мен анасын алып, Мысырға қашып құтылыңдар! Өзім айтқанға дейін сол жерде қала беріңдер. Себебі Ирод Нәрестені өлтіру үшін іздемекші», — деді.
14Сонда Жүсіп орнынан тұрып, түн ішінде Сәбиді анасымен бірге алып, Мысыр еліне жөнелді. 15Олар Ирод өлгенге дейін Мысырда тұрақтап қалды. Осылайша Жаратқан Иенің (Ошия) пайғамбар арқылы: «Мен рухани Ұлымды Мысырдан шақырып алдым»#2:15 2:19-20; Ош 11:1. дегені жүзеге асты.
16Жат жерлік ғұламалардың өзінен амалын асырып кеткенін түсінгенде Ирод долдана ашуланып, жасақшыларын жіберіп, Бетлехемдегі және соның маңайындағы екі жасқа дейінгі ер балалардың бәрін де өлтіртті. Бұл жасты ол ғұламалардан біліп алған мезгілге сәйкес белгілеген еді. 17Сонда Құдайдың Еремия пайғамбар арқылы жіберген мына хабары іске асты:
18«Рамақ жерінде зор қасіреттен
Дауыс естіледі зар еңіреген.
Рахила өлген балаларын жоқтап,
Жұбанудан бас тартады зар жылап:
Келмеске кетті олар көздері құрып!»#2:18 Ерм 31:15.
Мысырдан қайтып, Назаретке орналасу
19Ирод патша өлгеннен кейін, Жаратқан Иенің періштесі Мысырда Жүсіпке түсінде аян беріп:#2:19 2:13-15. 20«Тұр, Нәресте мен анасын алып, Исраилге қайтыңдар! Себебі Нәрестенің өмірін құртқысы келгендер өлді», — деді. 21Жүсіп орнынан тұрып, Нәресте мен анасын алып, Исраил еліне қайта оралды.
22Алайда ол Яһудеяға әкесі Иродтың орнын басып Архелайдың билік құрғанын естіді. Сондықтан Жүсіп сол аймаққа барудан қорықты. Көрген түсінде Құдайдан алған бұйрыққа сай Жүсіп Ғалилея аймағына#2:22 4:12,15; Еш 20:7. жөнелді. 23Сол жердегі Назарет қаласына барып, сонда орын тепті. Пайғамбарлар жазбаларында (Мәсіх туралы) мынадай сөздер алдын ала айтылған еді: Ол назареттік деп аталатын болады.#2:23 Назарет: Ғалилея көлінен батысқа қарай 20 шақырым қыратты жерде орналасқан шағын қала. Иш 11:1-дегі «жас өскін» түпнұсқа тілде «назареттік» деген сөз іспетті дыбысталатын. Бұл осылайша жүзеге асты.

Currently Selected:

Матай 2: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy