YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 15

15
Жоғалып, табылған қой және теңге туралы астарлы әңгімелер
1Салықшылар#15:1 3:12; 5:29-30; 7:29-30. мен өзге де күнәкарлар Исаны тыңдау үшін көптеп қасына жиналатын. 2Бірақ парызшылдар мен дін мұғалімдері мұны көріп:
— Мына кісі күнәкарларды қабылдап, солармен тіпті дастарқандас болады! — деп күңкілдесті. 3Сонда Иса оларға астарлап былай деді:
4— Егер араларыңдағы біреудің жүз қойы болып, солардың бірін жоғалтып алса, ол не істемек? Тоқсан тоғыз қойын далада қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме? 5Оны тауып алған соң, қуана-қуана иығына салып алады. 6Үйіне келгеннен кейін: «Жоғалған қойымды тауып алдым, қуанышыма ортақ болыңдар!» — деп достары мен көршілерін шақырады.
7Сендерге шын айтамын: сол сияқты, «Маған теріс жолдан қайтудың қажеті жоқ» дейтін тоқсан тоғыз «әділ»#15:7 Яки: әділсінген (5:32). кісіден гөрі, теріс жолдан қайтқан бір күнәкарға көктегілер көбірек қуанады!
8Әлде он күміс теңгесі бар әйел біреуін жоғалтып алса, оны тапқанша шам жағып, үйді сыпырып, бар ынтасымен іздемей ме? 9Тауып алған соң: «Жоғалтқан күміс теңгемді тауып алдым! Менің қуанышыма ортақ болыңдар», — деп достары мен көрші-қолаңдарын шақырады.
10Сендерге шын айтамын: Құдайдың періштелері теріс жолдан қайтқан бір күнәкар үшін де дәл солай қуанады!
Адасып, қайта оралған ұл туралы астарлы әңгіме
11Иса тағы мына әңгімені де айтып берді: «Біреудің екі ұлы болыпты. 12Кенжесі:
— Әке, маған тиісті еншімді бөліп беріңізші! — дейді. Сонда әкесі ұлдарына мал-мүлкін бөліп береді.
13Көп уақыт өтпей кіші ұл бәрін жинап алып, алыс бір елге кетеді. Сол жерде ол азғындық жолға түсіп, еншісін шашып, ысырап қылады. 14Бәрін жұмсап бітірген кезде сол елде қатты ашаршылық болып, жігіт мұқтаждық көре бастайды. 15Елдің бір тұрғынына барып, жармасып жүріп, жалшысы болады. Сол оны даласына жіберіп, шошқаларын баққызып қояды.#15:15 Тауратта шошқа арам хайуан делініп, исраилдіктерге оның етін жеуге тыйым салынған еді (Леу 11:7). Сондықтан яһудилер сол хайуандармен айналысудан жиренетін. Демек, осы жігіт ең төменгі дәрежеге түсті. 16Жігіт шошқалар жейтін қабықтарды жеп тойсам деп аңсайтын, бірақ оған соны да бермепті.
17Сонда ол ақылға келіп, ішінен былай дейді: Әкемнің соншама көп жалшысы нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым. 18Қой, жолға шығып, әкеме қайтып барайын: Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім.#15:18 Немесе: мен көкке (20:4; Мар 11:30) және өзіңізге қарсы күнә жасап келдім. 19Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін. Мені жалшыңыздай қабылдасаңыз екен, — дейін.
20Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді. 21Баласы оған:
— Әке, мен Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін, — дейді. 22Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып:
— Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік,#15:22 Мөрлі жүзік биліктің белгісі болатын (Жар 41:42; Дан 6:17). аяғына кебіс кигізіңдер! 23Сосын бордақыланған#15:23 Яки: арнайы семіртілген. өгізшені әкеліп, сойыңдар, ішіп-жеп, көңіл көтерейік! 24Өйткені менің мына ұлым өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды! — дейді. Сөйтіп олар көңілді тойды бастап жібереді.
25Ал әкенің тұңғыш ұлы далада жүр екен. Қайтып келе жатып, үйіне жақындағанда ол қуана ән салып жатқан дауыстарды естиді. 26Қызметшілердің бірін шақырып алып:
— Бұл не? — деп сұрайды.
27— Ініңіз қайтып келді! Әкеңіз оны аман-есен көргені үшін бордақыланған өгізшені сойып, той жасап жатыр, — деп жауап береді ол. 28Үлкен ұл ашуланып, үйге кіргісі келмейді. Әкесінің өзі шығып, оны шақырады. 29Сонда ол әкесіне былай деп жауап қатады:
— Міне, мен сізге қанша жыл бойы қызмет етіп келе жатырмын, еш уақытта бұйрығыңызға қарсы шыққан емеспін. Бірақ сіз маған достарыммен бірге отырып көңіл көтеруім үшін, тым болмаса, лақ та берген емессіз! 30Алайда бұзылған әйелдермен бірге болып, мал-мүлкіңізді шашып-төккен мына балаңыз#15:30 15:13-14. қайтып келгенде, сіз оған арнап бордақыланған өгізшемізді сойып, той жасап жатырсыз!
31— Ұлым, сен әрдайым менімен біргесің. Барлық меншігім сенікі ғой.#15:31 Сол заманда тұңғыш ұлы әкесінің ерекше батасын және иелігінен інілерінен гөрі екі есе көп мұра алып, әкесінің ізбасары да болатын (Жар 25:32-34; 27:36-39). 32Ал мына інің болса, өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды. Сондықтан қуанып, көңіл көтеруіміз керек қой! — дейді әкесі».

Currently Selected:

Лұқа 15: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy