YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 14

14
Діни ережені сақтау мен қайырым көрсетудің қайсысы маңыздырақ?
1Иса бір діни демалыс күні парызшылдар қауымының қайсыбір бастығының үйіне дәм татуға келгенде, бәрі Оны бақылап отырды. 2Кенеттен Оның алдына шемен ауруына ұшыраған біреу келді. 3Сонда Иса Таурат заңын үйретуші ғұламалар мен парызшылдарға мына сұрақты қойды:
— Демалыс күні ауруды сауықтыруға бола ма?#14:3 13:10,15-16.
4Олар үндемегенде Иса әлгі адамға қолын тигізіп, оны сауықтырды да, өз жөніне жіберді. 5Мұнан кейін жиналғандарға:
— Егер біреуіңнің есегің немесе өгізің құдыққа түсіп кетсе, оны демалыс күні болса да, дереу шығарып алмас па едіңдер?! — деген сауал қойды. 6Олар бұған қарсы ештеңе айта алмады.#14:6 (13:17; 20:40; 22:68; Мат 22:46; Рим 9:20) Яки: бұған жауап бере алмады.
Өзімшілдік және кішіпейілділік
7Қонақтардың төрдегі құрметті орындарды таңдап алып жатқанын байқаған Иса соны мысалға алып, мынадай тәлім берді:
8— Біреу сені тойға шақырғанда, төрдегі құрметті орынға жантая кетпе! Шақырылғандардың ішінде жолы сенен де үлкен біреу болуы мүмкін. 9Онда екеуіңді шақырған үй иесі келіп, саған: «Мына кісіге орныңды бер», — дейді, ал сен ұялып, амалсыздан ең төменгі орынға барып отырасың. 10Сондықтан қонаққа барғанда ең төменгі орынға отыр. Сонда үй иесі қасыңа келіп: «Досым, жоғары шық», — демек. Осылай дастарқандас болғандардың алдында мәртебең өсіп қалады.
11Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.#14:11 18:14.
12Содан кейін Иса Өзін шақырған үй иесіне қарап былай деді:
— Түскі немесе кешкі қонақасы бергенде дос, бауыр, туысқандарыңды, я болмаса бай көршілеріңді шақырма. Себебі олай етсең, олар да сені қонаққа шақырып, есесін қайтармақ. 13Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр! 14Олар саған есесін қайтара алмайтындықтан бақытты боласың.#14:14 Яки: Құдай саған риза әрі сені жарылқайтын болады (6:20; 14:15). Әділдер#14:14 Яки: Құдай алдында ақталғандар (3:3,8; Мат 25:46; Жох 3:16,21; 5:29). қайта тірілетін қиямет күні саған соның есесі қайтарылатын болады, — деді.
Үлкен тойға шақырылғандар
15Исамен бірге дастарқандас болғандардың бірі осыны естігенде Оған: «Құдайдың Патшалығындағы тойға#14:15 13:29; Иш 25:6. қатысатындар бақытты!» — деді.
16Иса оған астарлап былай деді: «Біреу үлкен қонақасын дайындап, көп адам шақырады. 17Тамақ ішетін уақыт болғанда, шақырғандарына қызметшісін жіберіп былай дегізеді:
— Келіңдер, барлығы дайын тұр! 18Бірақ бәрі бірдей кешірім сұрап, біреуі:
— Егіндік жер сатып алдым, соны барып көруім керек. Өтінемін, маған кешірім ете гөр! — десе, 19келесі біреуі:
— Бес пар өгіз сатып алып едім, соларды сынап жегіп көруге бара жатырмын.#14:19 Пат3 19:19. Өтінемін, мені кешір! — дейді. 20Ал тағы біреуі:
— Мен жаңа ғана үйленген едім, сондықтан бара алмаймын, — дейді.
21Қызметшісі қайта оралып, мұны қожайынына айтып береді. Үй иесі қаһарланып, қызметшісіне:
— Тез барып, қаланың үлкенді-кішілі көшелерін аралап, жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды алып кел! — деп бұйырады. 22Кейінірек қызметшісі:
— Мырза, бұйрығыңызды орындадым, бірақ әлі де бос орын бар, — дейді. 23Ал қожайыны былай деп тапсырады:
— Қаладан шығып, үлкен жолдарда әрі үйлердің айналасында жүргендерді шақырып, келуге көндір! Осылайша үйім толсын. 24Сендерге шындығын айтамын: алдымен шақырылғандардың ешқайсысы да қонақасымнан ауыз тимейді!» (Неге десеңдер, шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз.)#14:24 Мат 22:14.
Жан-тәнімен Мәсіхтің жолымен жүру
25Жолшыбай қарақұрым халық еріп келе жатқанда, Иса оларға бұрылып, былай деді:
26— Кім Маған келіп, Мені әке-шешесінен, әйелі мен балаларынан, бауырларынан#14:26 Яки: аға-інілері мен апа-қарындастарынан не әпке-сіңлілерінен (18:29-30; Мат 10:37-39). және өз өмірінен артық көрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды. 27Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
28Сендердің біреуің бір мұнара салғысы келеді дейік. Сонда ол құрылысты аяқтауға қаражатының жетер-жетпесін білу үшін алдымен отыра қалып, кететін шығынды есептеп алады. 29Ол солай етпесе, іргетасын қалағаннан кейін бастаған ісін аяқтай алмас еді. Мұны көргендердің бәрі: 30«Мынаның құрылысты бастағанымен аяқтауына шамасы жетпеді, ә?!» — деп оны мазақтар еді.
31Немесе бір патша басқа бір патшамен соғысатын болса, келе жатқан қарсыласының жиырма мың жасақшысына өзінің он мыңымен төтеп бере ала ма, жоқ па — алдымен отыра қалып, соны ақылға салмас па еді? 32Шамасы келмейтін болса, ана патша әлі де алыста келе жатқан кезде оған елшілерін жіберіп, бітім шартын сұрар еді. 33Сол сияқты, сендердің ешқайсың да бар нәрсеңнен бас тартпай#14:33 Демек, Исаның шәкірті қолындағы барларын өзімдікі деп есептемей, Құдайдың еркі бойынша қолданғаны жөн (14:26-27; 18:29-30; Мат 15:3-9). Менің шәкіртім бола алмайсыңдар.
34(Тағамды бұзылудан сақтау үшін) тұз пайдалы. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады?#14:34 Сол заманда жұрт теңіз суынан айырып алған тұз қосындыларын жай қыш құмыраларда сақтайтын. Тұрған жері дымқыл болса, ас тұзы еріп, қыштан өтіп кететін, ал қалғаны дәмсіз әрі тағамдарды бұзылудан сақтауға жарамай қалатын (Мат 5:13; Мар 9:50). 35Ол тіпті жер өңдеуге не қиға қосуға жарамсыз болып шыққандықтан, жұрт оны лақтырып тастайды.
Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!

Currently Selected:

Лұқа 14: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy