Ефестікт. хат 6
6
Ата-ана мен балаларына өсиет
1Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. 2«Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: 3«Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».#6:3 Заң 5:16; Мыс 20:12.
4Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!#6:4 Яки: Ал, әкелер, балаларыңа шамасы келмейтін талап қойып, ашуландырмай, Иеміздің тәлімі мен нұсқауын беріп, тәрбиелеңдер!
Қожайын мен жалшыларына өсиет
5Басыбайлы қызметшілер,#6:5 Яки: Құлдар (Қол 3:22; Філимон. хатқа берілген мәліметті де қараңыз). Мәсіхке мойынсұнғандай, жер бетіндегі қожайындарыңа да шын жүректен мойынсұнып, жамандық жасаудан шошыныңдар! 6Айтқандарын тек көңілдерінен шығу үшін, олар сендерді бақылап тұрғанда ғана емес, ұдайы жан-тәндеріңмен орындай беріңдер! Осылай Құдайдың еркін Мәсіхтің қызметшісі ретінде іске асырыңдар! 7Сөйтіп қызметтеріңді адамға емес, Иемізге арнағандай ынтамен атқарыңдар.#6:7 Қол 3:23; Қор1 10:31. 8Мейлі басыбайлы, мейлі ерікті болсын, әркімнің істеген игі істерінің лайықты сыйын Иемізден алатынын біліп қойыңдар.
9Ал сендер, қожайындар, қызметшілеріңе осылай қарап, қатаңдықты жұмсартыңдар! Көкте олардың да, өздеріңнің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер. Ол ешкімнің бет-жүзіне қарамайды.#6:9 Яки: қорқытуды қойыңдар! Көкте олардың да, өздеріңнің де Иелеріңнің бар екенін білесіңдер. Ол бәрін де әділ шешеді.
Әзәзіл шайтанның «әскеріне» қарсы рухани күрес
10Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер! 11Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! 12Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі#6:12 Яки: аспан астындағы. (Бізді қоршаған дүниеде көзге көрінбейтін рухтар бар: Құдайдың періштелері және шайтанға бағынышты зұлым рухтар — жындар: 1:21). зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. 13Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.
14Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп»,#6:14 Яки: әділ өмір сүріп, «кеуделеріңе сауыт киіп» (Сал1 5:8). табанды тұрыңдар! 15«Аяқкиімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар! 16Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; 17құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!#6:17 Иш 59:17; Сал1 5:8. 18Киелі Рух арқылы#6:18 Яғни Киелі Рухтың күші мен жетегінде (Жох 14:16; Рим 8:15-16,26-27). әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
19Сөйлеген сайын Ізгі хабардың құпиясын қаймықпай жариялауыма қажетті сөз аузыма түссін деп, мен үшін де мінажат етіңдер! 20Бұл хабарды жеткізуге жіберілген елші ретінде осы жерде бұғаудамын. Сондықтан оны тиісті түрде батыл жариялай алуымды Құдайдан тілеңдер.
Елшінің соңғы хабарлары мен ақ батасы
21Сүйікті бауырымыз әрі Иеміздің адал қызметшісі Түхік#6:21 Елш 20:4; Тит 3:12. менің жағдайым мен қызметім туралы білулерің үшін сендерге бәрін хабарламақ. 22Түхікті сол мақсатпен жіберіп отырмын. Ол жағдайымызды білдіріп, жүректеріңді жігерлендірмек.
23Лайым Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх барлық бауырластарға тыныштық, сүйіспеншілік және сенім сыйлай көрсін! 24Иеміз Иса Мәсіхті шын беріле сүйгендердің бәріне Құдай жар болып, рақымын жаудыра берсін!#6:24 Яки: Иеміз Иса Мәсіхті сүйгендердің бәріне Құдай рақымын әрі мәңгілік өмірді сыйлай көрсін!
Currently Selected:
Ефестікт. хат 6: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.