1
Ефестікт. хат 6:12
Киелі кітап
КК 2010
Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.
Compare
Explore Ефестікт. хат 6:12
2
Ефестікт. хат 6:18
Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
Explore Ефестікт. хат 6:18
3
Ефестікт. хат 6:11
Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар!
Explore Ефестікт. хат 6:11
4
Ефестікт. хат 6:13
Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.
Explore Ефестікт. хат 6:13
5
Ефестікт. хат 6:16-17
Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!
Explore Ефестікт. хат 6:16-17
6
Ефестікт. хат 6:14-15
Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар! «Аяқкиімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар!
Explore Ефестікт. хат 6:14-15
7
Ефестікт. хат 6:10
Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!
Explore Ефестікт. хат 6:10
8
Ефестікт. хат 6:2-3
«Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: «Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».
Explore Ефестікт. хат 6:2-3
9
Ефестікт. хат 6:1
Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс.
Explore Ефестікт. хат 6:1
Home
Bible
Plans
Videos