YouVersion Logo
Search Icon

Патшалықтар 2-ж. 8

8
Дәуіт патшаның жеңістері
1Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырды. Содан ол елдерінің басты қаласын#8:1 Яғни Ғат қаласын (Шеж1 18:1). Түпнұсқада: Метег-Амма. філістірлердің қолынан тартып алды. 2Дәуіт моабтықтарды да жеңді. Оларды жерге жатқызып, арқанмен өлшеді. Арқанның екі рет өлшеуімен алынғандар өлімге кесіліп,#8:2 Моабтықтар Исраил халқын азғындыққа салынып, жалған тәңірлерге табынуға еліктірген еді (Рул 22:4-6; 25:1-4). толық бір рет өлшеумен алынғандар тірі қалды. Сонымен моабтықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды.
3Бірде Дәуіт Евфрат өзенінің жағасындағы билігін қалпына келтіруге аттанып, Соба елінің патшасы Рехоб ұлы Ададәзерге#8:3 Соба (яки: Цоба): бүгінгі Сирияның астанасы Дамаскіден солтүстікке қарай жүз шақырымдай жерде орналасқан ежелгі қала мен патшалық, Саул олардың патшаларын жеңіп шыққан еді (Пат1 14:47-48). Ададәзер есімінің Хададәзер мен Адраазар деген түрлері де бар. шабуыл жасап, оны жеңіп шықты. 4Сонда Дәуіт оның бір мың жеті жүз аттылы және жиырма мың жаяу жасақшысын қолға түсірді. Дәуіт жаудың соғыс күймелеріне жегілетін барлық жылқылардың тілерсектерін қиып тастап, жүз соғыс күймесіне жетерлік аттарды ғана аман қалдырды.
5Соба патшасы Ададәзерге дамаскілік сириялықтар#8:5 Яки: сириялықтар (Жар 25:20). көмекке келген кезде Дәуіттің жасағы олардың жиырма екі мың жауынгерін қырып салды. 6Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.
7Дәуіт Ададәзердің нөкерлерінің алтын жалатқан қалқандарын жинап, Иерусалимге алып келді. 8Ададәзердің қол астындағы Бета мен Беротай деген екі қаладан Дәуіт патша өте көп мөлшерде қола олжалап алды.
9Хамат патшасы Тоу#8:9 Имаф деп те аталатын Хамат қаласы Дамаскіден солтүстікке қарай екі жүз шақырымдай жерде орналасқан еді. Тоу: осы есім Той немесе Фой деп те дыбысталады. Дәуіттің Ададәзердің бүкіл әскерін жеңгенін естігенде, 10өз ұлы Жорамды Дәуіт патшаға жіберіп, жеңісімен құттықтаған сәлемін жолдады. Себебі Ададәзер Тоу патшамен жауласып жүрген болатын. Жорам Дәуітке күміс, алтын, қоладан жасалған бұйымдарды ала келіп, сыйға тартты. 11Дәуіт патша осы заттарды Жаратқан Иеге бағыштады. Ол бұрынырақ жеңген барлық елдерден: 12Едом,#8:12 Немесе: Арама; яки: Сирия. Моаб, аммондықтар, філістірлер және амалектіктер елдерінен алынған күміс пен алтынды, әрі Соба патшасы Рехоб ұлы Ададәзерден түскен олжаны да осылай Жаратқан Иеге арнаған болатын.
13Осылай Дәуіттің атағы кеңінен жайылды. Сол жорықтан қайта оралған соң, ол Тұзды аңғарда он сегіз мың едомдықты#8:13 Немесе: арамалықты; яки: сириялықты. жеңіп шықты. 14Дәуіт Едом еліне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.
Патшаның уәзірлері, нөкерлері және патшазадалары
15Дәуіт бүкіл Исраилге билік жүргізіп, күллі халықтың арасында заңдылық пен әділдікті жүзеге асырды. 16Сарұяның ұлы Жоғаб — әскер қолбасшысы, Ахилуд ұлы Жосапат#8:16 Оның есімі Еһошапат деп те жазылады. — уәзір әрі жылнамашы,#8:16 (20:24; Пат1 4:3) Яки: шежіреші. 17Ахитұб ұлы Садық пен Абиятар ұлы Ахимәлік — діни қызметкерлер, Серая — хатшы, 18әрі Еходай#8:18 Еходай: осы есім Еһояда не Иодай деп те дыбысталатын. ұлы Бенаях — кереттік және пелеттік#8:18 Крит аралы арқылы Таяу шығысқа көшіп келген пелеттіктер філістірлермен ұлттас, ал кереттіктер Крит аралының жергілікті халқынан шыққан болса керек. ұлан бөлімдерінің қолбасшысы болды. Дәуіттің ұлдары да патшаның қызметінде тұрды.#8:18 Немесе: ұлдары діни қызметтерді атқарды.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in