Патшалықтар 2-ж. 7
7
Құдайдың Дәуітпен жасаған Келісімі
1Сонымен Дәуіт патша сарайына орнығып алды. Жаратқан Ие оған айналасындағы барлық жауларынан тыныштық сыйлады. 2Сол тұста патша Натан пайғамбарға:
— Міне, мен самырсыннан салынған сарайда#7:2 (5:11) Немесе: самырсын (яки: балқарағай) тақтайларымен қапталған (сәулетті) сарайда (Ерм 22:14; Хақ 1:4). тұрып жатырмын, ал Құдайдың сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. 3Натан:
— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Жаратқан Ие сізге жар болады, — деп жауап берді.
4Бірақ сол түні Жаратқан Ие Натанға сөзін арнап былай деді: 5«Қызметшім Дәуітке барып, оған хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: Жер бетіндегі тұрағым болу үшін сен Маған арнап үй салмақсың ба? 6-7Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған рубасыларына#7:6-7 Немесе: Исраилді бағып жүруге тағайындаған руларына; яки: билерге (Шеж1 17:6). ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін.
8Ал енді, қызметшім Дәуітке былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Сені қой бағып жүрген жайылымнан таңдап алып, халқым Исраилдің басшысы болуға тағайындаған Менмін! 9Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын. 10Мен өз халқым Исраил үшін тұрақты орын дайындап, оларды сол жерге қоныстандырамын. Осы мекендерінде халқым тыныш өмір сүріп, бұдан былай ешкім оларды қорқытып, мазаламайтын болады. Зұлымдар оларға бұрынғыдай зорлық-зомбылық жасамайды. 11Мен халқымды басқаратын билер#7:11 Пат1 12:9-11; Бил 3:7-11. тағайындаған заманнан бері де жауыздар солай істеулерін жалғастырып келеді. Ал енді Мен саған барлық жауларыңнан тыныштық сыйлаймын.
Жаратқан Ие саған тағы мынаны да айтады: Оның Өзі сенің шаңырағыңды бекітіп, әулетіңе де патшалық билік құрғызбақ!#7:11 Немесе: Жаратқан Ие сенің үйіңді (яғни әулетіңді) бекітпек. 12Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде#7:12 Яғни о дүниеге аттанғаныңда. Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. 13Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын.#7:13 7:16; Шеж1 28:7; Жыр 88:4-5,29-30,36-38; Иш 9:7. 14Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады.#7:14 Яки: Мен оны бауырыма басып рухани Әкесі боламын, ал ол рухани ұлым болады (Жыр 2:7; 88:27-28). Егер ол жамандық істесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын. 15Мен өзіңнен бұрынғы Саулдан оған деген рақымымды алып қойдым,#7:15 Пат1 13:13-14; 15:28; 16:14. бірақ сенің ұлыңнан рақымымды ешқашан алмаймын. 16Сенің үйің мен патшалығың Менің көз алдымда#7:16 Немесе: Сенің алдыңда. мәңгілікке нығаяды, ұрпақтарыңның патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ».
17Жаратқан Ие аян беріп айтқан осы сөздерінің бәрін Натан пайғамбар Дәуітке айтып берді.
Дәуіттің Құдайға шүкірлік айтқан мінажаты
18Сонда Дәуіт (киелі шатырға) кіріп,#7:18 Немесе: Дәуіт (өз бөлмесіне) кіріп. Жаратқан Иенің алдында отырып былай деді: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, мені осылай дәріптейтініңдей менің өзім, шыққан әулетім соншама кімбіз? 19Бірақ бұл Сен үшін әлі де аз болып көрінді, о, Жаратушы Тәңір Ием. Сен алдыңдағы пендеңнің#7:19 Яки: қызметшіңнің. келер ұрпақтарының болашағы туралы да айтып бердің. Әлде Сен әдетте адам баласына осылай әрекет етесің бе? Уа, Жаратушы Тәңір Ием, 20Дәуіт Саған тағы не айта алады? Өзіңнің қызметшіңді жақсы білесің ғой. О, Жаратушы Тәңір Ием, 21өз уәдең мен еркіңе сай, Сен осы ұлы істердің бәрін орындап, оны алдыңдағы пендеңе білдірдің.
22Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ. 23Сенің халқың Исраил сияқты жер бетінде қандай басқа халық бар еді? Себебі Сен, уа, Құдай, оны меншікті халқың болу үшін таңдап, Мысырдан азат етіп, көшіріп алдың. Олардың алдарында жүріп, ұлы кереметтер, үрей туғызатын ғажап істер жасай отырып, (Саған мойынсұнбайтын) бөтен ұлттар мен олардың тәңірлерін уәделі елден қуып шықтың.#7:23 Немесе: Себебі Сен, уа, Құдай, қасына келіп, оны Мысырдан, өзге халықтардан және олардың табынған тәңірлерінен азат еттің. Сонда Сен халқыңның көз алдында ұлы да үрей туғызатын кереметтер жасадың. Бұл істеріңмен Сен өз есіміңнің даңқын асырдың.#7:23 Мыс 9:16; Шеж1 17:21; Иш 63:11-14. 24Осылай Исраилді әрдайым меншікті халқың болуға Өзің үшін бекітіп қойдың, уа, Жаратқан Ие, әрі олардың ғибадат ететін Құдайы болдың.
25Ал енді, о, Құдай Ием, Өзіңнің осы қызметшің және оның әулеті туралы берген сөзіңді барлық уақытқа бекітіп, уәдеңді орындайтын бола гөр. 26Содан адамдар: «Әлемнің Иесі — шынымен Исраилдің үстінен қарайтын Құдай!» деп, әрдайым Сенің атыңның даңқы шығады және қызметшің Дәуіттің әулеті Сенің алдыңда нық тұрады.
27Уа, Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, Сен «шаңырағыңды бекітемін»#7:27 Яки: «Әулетіңнің билігін нығайтамын». (Немесе: «Саған үй салып беремін».) деп маған ашық білдірдің. Сол себепті қызметшіңнің осылайша мінажат етуге батылы барды. 28Уа, Жаратушы Тәңір Ием, Сен Құдайсың, Сенің сөздерің ақиқат. Осы қызметшіңе сол игіліктерді уәде еттің. 29Сонымен енді пендеңнің әулетін әрқашан өз алдыңда жалғаса берсін деп жарылқай гөр. Уа, Жаратушы Тәңір Ием, осыны Өзің айтқандықтан, Сенің ақ батаңмен пендеңнің әулеті ұдайы жарылқанатын болады».
Currently Selected:
Патшалықтар 2-ж. 7: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: