Шежірелер 2-ж. 2
2
Ғибадатхана құрылысын дайындау
1Сол кезде Сүлеймен Жаратқан Иенің даңқын шығаруға арналған ғибадатхананы және өзі үшін патша сарайын салуға әмір етті. 2Патша жетпіс мың адамды тас тасушы, тағы сексен мыңын тауда тас қашаушы, ал үш мың алты жүзін жұмысшылар үстінен қараушы болып жұмыс істеуге белгіледі.
3Сүлеймен Тир#2:3 Тир: ежелде Жерорта теңізінің жағалауындағы зор сауда орталығы болған үлкен қала және оның шығыс жағындағы аймақ (Пат2 5:11; Пат3 5:1). патшасы Хирамға мынадай сәлем жолдады:
«Әкем марқұм өзіне сарай салған кезінде Сіз оған самырсын#2:3 (Шеж1 14:1) Яки: балқарағай. ағаштарының бөренелерін жіберген едіңіз. 4Қазір мен Құдай Иемнің даңқын шығаратын ғибадатхана салып, Оған бағыштамақпын. Сол жерде Жаратқан Иеге арнап хош иісті заттар түтетіліп, Оның алдында әрдайым арнайы нан тартулары ұсынылуға тиіс.#2:4 Мыс 25:30. Күн сайын таңертең және кеште, демалыс күндері, айдың бірінші күні#2:4 Пат1 20:5. әрі Құдай Иеміздің басқа да мейрам кездерінде құрбандықтардың шалынып, өртеліп ұсынылулары керек. Бұл рәсімдер Исраил халқына тұрақты бекітілген.
5Біз сиынатын Құдай барлық тәңір атаулыдан ұлы. Сондықтан да мен Оған арнап салатын ғимарат орасан зор болмақ. 6Расында Құдайға лайықты үй салып беруге кімнің шамасы жетеді?! Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Оны сыйғыза алмайды!#2:6 6:18; Пат3 8:27. Мен де Оған арнап киелі үй салатындай кіммін сонша? Тек Оның алдында арнайы сый-тартуларды өртеп ұсынатын орын дайындамақпын.
7Сол себепті маған бір шеберіңізді жіберсеңіз екен. Ол алтын, күміс, қола және темірді өңдеп, күрең қызыл, қырмызы, қою күлгін түсті жүн жіптерден мата тоқып, түрлі бұйымдарды әшекейлеп ою оя алатын болсын,#2:7 Дәл осындай шеберлік пен зат түрлері ежелде киелі шатырды дайындау үшін де қолданылатын (Мыс 31:1-6). әрі Яһуда мен Исраилде әкем марқұм кезінде белгілеген шеберлеріммен бірге жұмыс істесін.
8Сондай-ақ маған Ливан тауларынан самырсын, қарағай және арша#2:8 Немесе: балқарағай, кипарис және алғұм. ағаштарының бөренелерін де жіберсеңіз екен. Сол жердегі ағаштарды кесіп, құлату жағынан қызметшілеріңіздің ерекше тәжірибелі екенін білемін. 9Қажетті бөренелерді молынан дайындауда өз қызметшілерім де көмектеспек. Себебі салайын деп отырған ғимаратым зәулім де керемет салтанатты болуға тиіс. 10Ал мен ағаштарды кесіп, құлатуға жұмсаған адамдарыңызды тамақтандыру үшін жиырма мың қаптан бидай мен арпа және жиырма мың күбіден#2:10 20000 қап 3000 тонна, ал 20000 күбі 6000 гектолитр шамасында болатын. шарап пен зәйтүн майын жіберемін».
11Тир патшасы Хирам Сүлеймен патшаға жауап берген хатында былай деп жазды:
«Жаратқан Ие өз халқын сүйгендіктен Сізді патша етіп тағайындады! — 12Хирам хатын одан әрі былай деп жалғастырды: — Исраилдің сиынатын Құдайы — аспан мен жерді жаратқан Тәңір Ие мадақталсын! Ол Дәуіт патша марқұмға дана, ақылды да зерек ұл сыйлапты! Ізін басқан бұл ұлы енді Жаратқан Иеге арнап ғибадатхана, өзіне патша сарайын салмақшы екен.
13Сізге Хурам-Әби#2:13 4:11,16. есімді ақылды да шебер адамымды жібергелі отырмын. 14Шешесі Дан руынан,#2:14 Ежелде киелі шатырды дайындап, тұрғызу жұмыстарын басқарушы Беселиелдің орынбасары Аһолияп та Исраилдің Дан руынан шыққан болатын (Мыс 35:34). ал әкесі тирлік. Хурам-Әби алтын, күміс, қола, темір, тас және ағашпен, күрең қызыл, қою күлгін, қырмызы түсті жүн және жіңішке зығыр жіптермен жұмыс істей алады. Әр түрлі ою ойып, барлық жобаларды жүзеге асыру қолынан келеді. Бұл кісі өз шеберлеріңізбен және тақсыр ием — әкеңіз Дәуіт марқұмның шеберлерімен бірге істейтін болады.
15Ал енді, тақсыр ием, өзіңіздің айтқаныңызға сай осы қызметшілеріңізге бидай, арпа, зәйтүн майы және шарабыңызды жібере көріңіз. 16Сіз үшін Ливан тауларынан керекті ағаштарыңызды құлатып, бір-біріне байластырып сал жасап, теңіз арқылы Яффаға#2:16 Яффа (яки Иоппе): Жерорта теңізінің жағалауындағы айлақты (кемежайы бар) қала (Еш 19:46; Жүн 1:3). жеткізіп береміз. Әрі қарай Иерусалимге өзіңіз алып кетерсіз».
17Әкесі Дәуіт көзі тірісінде істегендей, Сүлеймен де Исраилде тұратын басқа ұлттық ер адамдардың санағын өткізген еді.#2:17 2:2; Шеж1 22:2. Олардың жалпы саны бір жүз елу үш мың алты жүз болды. 18Бұлардың жетпіс мыңын жүк тасушы, сексен мыңын тауда тас қашаушы, ал үш мың алты жүзін жұмысшылардың үстінен қарап, жұмыстарды алға жұмылдырушы етіп белгілеп қойды.
Currently Selected:
Шежірелер 2-ж. 2: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: