Шежірелер 2-ж. 3
3
Сүлейменнің ғибадатхананы салуы
1Сонымен Сүлеймен Иерусалимдегі Мория#3:1 Жар 22:2,14. төбесінде Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылысына кірісті. Бұрын ебустік Орнанның астық бастыратын қырманы болған сол жерде Дәуітке Жаратқан Ие аян берген еді. Содан Дәуіт бұл орынды ғибадатхана салуға дайындап қойған болатын.#3:1 Пат2 24:16-25; Шеж1 21:18-22:1. 2Сүлеймен құрылысты Өзінің патшалық құрған төртінші жылының екінші айының екінші күні#3:2 Б.з.д 966 ж. сәуір айында (Пат3 6:1). бастады.
3Оның Құдай үйіне арнап салған іргетасының өлшемдері мыналар болды: ұзындығы алпыс, ені жиырма шынтақ. Мұнда шынтақтың көне өлшемі қолданылды.#3:3 Шынтақтың көне өлшемі 52,5 см, ал кәдімгі өлшемі 45 см шамасында болды (Езк 40:5). 4Алдыңғы жағындағы бағаналы кіреберістің#3:4 29:17; Пат3 6:3. ені, жалпы ғимараттың еніндей, жиырма шынтақ, ал биіктігі жүз жиырма шынтақ#3:4 Немесе: биіктігі жиырма шынтақ. болды.
Сүлеймен киелі үйдің ішін саф алтынмен қаптатты. 5Оның үлкен бөлмесінің қабырғаларын қарағай тақтайшалармен, солардың үстін саф алтынмен қаптатты. Алтынның бетіне құрма#3:5 Яки: пальма. ағашы мен шынжырға ұқсаған нақыштар ойғызып, 6киелі үйді асыл тастармен#3:6 Шеж1 29:2,8; Иш 54:11-12. де әшекейлетті. Қолданылған саф алтын Парваим жерінен#3:6 Бұл жердің оңтүстік-шығыс Арабияда болуы ықтимал. әкелінген болатын. 7Сүлеймен киелі үйдің ішін: төбесіндегі бөренелерді, босағаларын, қабырғалары мен есіктерін алтынмен қаптатып, қабырғалардың беттеріне керуб атты періштелердің#3:7 Керубтер: Құдай жаратқан, үнемі Оның қасынан табылатын арнайы періштелер (Жар 3:24). бейнелерін ойып жасатты.
8Сүлеймен киелі үйдің ең қасиетті бөлмесін де салғызды. Соның ұзындығы мен ені, киелі үйдің жалпы еніндей, жиырма шынтақтан болды. Патша бөлменің ішін салмағы алты жүз ат басындай#3:8 Шамамен 21 т. саф алтынмен қаптатты. 9Онда қолданылған алтын шегелердің салмағы елу мысқал#3:9 Шамамен 600 г. болды. Киелі үйдің жоғарғы бөлмелерінің қабырғалары да алтынмен қапталды.
10Патша киелі үйдің ең қасиетті бөлмесі үшін керуб делінген күзетші періштелердің#3:10 Мыс 25:18. екі мүсінін ойдырып жасатты да, алтынмен қаптатты. 11Мүсіндердің жайған қанаттарының ұзындығы бес шынтақтан болып, олар екі жаққа қарай түгелімен жиырма шынтаққа созылды. Бірінші мүсіннің бір қанаты бөлменің бір қабырғасына, өзге қанаты екінші мүсіннің қанатына тиіп тұрды. 12Сол сияқты, екінші мүсіннің де бір қанаты бөлменің қарама-қарсы қабырғасына, өзге қанаты бірінші мүсіннің қанатына тиіп тұрды. 13Осылайша жайылған қанаттардың жалпы ұзындығы жиырма шынтақ болды. Екі мүсін тік тұрған күйі жасалып, беттері үлкен бөлмеге қарап орналастырылды.
14Сүлеймен қою күлгін, күрең қызыл, қырмызы жүн және жіңішке зығыр жіптерден маталар тоқытып, олардың бетіне керубтердің бейнелерін кестелетіп, шымылдық дайындатты.
15Патша екі бағана жасатып, киелі үйдің алдына тұрғызды. Олардың биіктігі отыз бес шынтақтан, ал үстіңгі иықтарының биіктігі#3:15 (Пат3 7:16) Яки: олардың бастарындағы капителдерінің биіктігі. бес шынтақтан болды. 16Патша алқа іспетті оралып тұратын шынжырлар да жасатып, оларды бағаналардың жоғарғы жақтарына іліп қойғызды. Ол сонымен қатар анар жемісінің жүз мүсінін де дайындатып, оларды шынжырларға бекіттірді. 17Патша осы екі бағананы киелі үйдің дәл алдына, біреуін кіреберістің оң жағына, екіншісін сол жағына тұрғызды. Оң жағындағысын Жахин («Берік Орнатушы»), сол жағындағысын Боғоз («Құдірет Иесі») деп атады.#3:17 Пат3 7:21.
Currently Selected:
Шежірелер 2-ж. 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: