Шежірелер 2-ж. 1
1
Сүлеймен патшаның Құдайдан даналық сұрауы
1Дәуіттің ұлы Сүлеймен#1:1 Пат2 12:24-25. өз патшалығында жағдайын берік орнатып алды. Құдай Иесі оған жар болып, мерейін айрықша жоғарылатты.#1:1 32:23; Пат3 2:12; Шеж1 29:25.
2Бір күні Сүлеймен Исраилдің барлық мыңбасыларын, жүзбасыларын, төрешілерін және халықтың басқа да жетекшілері мен әулет басшыларының бәріне де жиналуға бұйрық берді. 3Мұнан соң Сүлеймен бүкіл жамағатты ертіп Гибеон қаласының биіктеу жеріндегі ғибадат орнына#1:3 Пат1 9:12. қарай беттеді. Өйткені Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса пайғамбардың иен далада жасатқан кездесу шатыры сол жерде тігілген болатын.#1:3 Мыс 40:16-25; Шеж1 16:39; 21:29.
4Дәуіт патша көзі тірісінде Иерусалимде бір киелі шатыр тұрғызып, дайындап қойып, осы орынға Кирият-Иғарымнан Құдайдың Келісім сандығын әкелген еді.#1:4 Пат2 6:17. 5Ал Һұр немересі Ұри ұлы Беселиел қоладан жасаған құрбандық үстелі#1:5 Мыс 31:1,9; 38:1-7. Жаратқан Иенің Гибеон қаласындағы кездесу шатырының алдында тұрды. Осы себепті Сүлеймен және жиналған жамағат Жаратқан Иенің еркін білу үшін сол жерге барды. 6Сүлеймен кездесу шатырының алдындағы қоладан жасалған құрбандық үстелінің қасына көтеріліп, Жаратқан Иеге арнап мың бас малды құрбандыққа шалғызып, өртетті.
7Сол түні Құдай Сүлейменге аян беріп:
— Өзіңе не сыйлағанымды қаласаң, соны сұра, — деді. 8Сүлеймен Құдайға былай деп жауап берді:
— Сен әкем марқұмға#1:8 Яки: әкем Дәуітке. зор рақымыңды көрсете отырып, маған оның орнын бастырып патшалық құрғыздың. 9Уа, Құдай Ие, мені жер бетіндегі құм түйіршіктеріндей сансыз көп халықтың үстінен патша етіп қойдың. Енді әкеме берген уәдеңді орындап, 10маған осы халықтың лайықты басқарушысы болуға#1:10 Яки: осы халықты лайықты түрде жетелеп бастауға (Рул 27:17; Заң 31:2; Пат2 5:2). даналық пен білім сыйлай гөр. Онсыз Сенің осыншама көп халқыңа дұрыстап билік жүргізу ешкімнің де қолынан келмейтін іс. — 11Сонда Құдай Сүлейменге:
— Жүрек қалауың осы болып, сен қазына-байлық пен атақ-даңқ#1:11 Яки: салтанатты ұлылық. және жауларыңның жеңіліп, құруы былай тұрсын, тіпті өзің үшін ұзақ өмір де сұраған жоқсың. Қайта, Мен сені патшасы етіп қойған халқыма билік жүргізуің үшін даналық пен білім сыйлауымды өтіндің. 12Сол үшін Мен өзіңе даналық пен білім сыйлап отырмын. Соған қоса қазына-байлық пен атақ-даңқты да сыйлаймын. Сенде бар болатын мол қазына-байлық пен атақ-даңққа саған дейінгі ешбір патша ие болған емес, сенен кейін де ешбір патша ие болмайды, — деп уәде етті.
13Сүлеймен кездесу шатыры орналасқан Гибеондағы биіктеу жерінен түсіп, Иерусалимге қайта оралғаннан кейін Исраилге патшалық құрды.
Патшаның сауда және әскери қуаты
14Сүлеймен соғыс күймелері мен аттарды#1:14 Немесе: соғыс күймелері мен салт аттыларды (яки: күйме айдаушыларды). жинап, жасақтады. Оның бір мың төрт жүз соғыс күймесі мен он екі мың жылқысы болды. Оларды соғыс күймелеріне дайындалған арнайы қалаларында және өзінің қасында астанасы Иерусалимде ұстады.#1:14 9:25; Пат3 10:26. 15Патша Иерусалимде алтын мен күмісті тас сияқты үйреншікті нәрсе әрі шетелден әкелінетін қымбат самырсындарды#1:15 (2:8; 9:27) Яки: балқарағайларды. өз елінің төменгі қыраттарында көптеп өсетін тұт ағаштары#1:15 9:27; Пат3 10:27; Шеж1 27:28; Амо 7:14. іспетті мол етті.
16Сүлеймен жылқыларын Мысыр мен Қуадан#1:16 Немесе: Мұзұр мен Кіликиядан (бүгінгі Түркияның оңтүстігінде орналасқан ежелгі елдер). алдыртты. Патшаның саудагерлері оларды белгілі бағаға Қуа елінен сатып алатын. 17Саудагерлер әрбір күймені алты жүз мысқал,#1:17 Шамамен 7 кг. (Бір жас құлдың бағасы 20 мысқал шамасында еді: Жар 37:28.) әрбір жылқыны жүз елу мысқал күміске Мысырдан сатып алып келетін.#1:17 Пат3 10:29. Олар сол тауарлардың бірқатарын күллі хеттік және арамалық#1:17 Яки: сириялық. патшаларға да жеткізіп, сатып отырды.
Currently Selected:
Шежірелер 2-ж. 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: