Тімотеге 1-хат 3
3
Қауым жетекшілері мен қызметшілері
1«Егер біреу қауым басқарушысы болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны». Бұл — дәл айтылған шынайы сөз. 2Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал,#3:2 Немесе: бір әйелге ғана үйленген. салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы, 3не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс. 4Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт. 5Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады? 6Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе ол әзәзіл шайтан іспетті мақтаныштан кеудесін көтеріп, Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін.#3:6 (Пет2 2:4) Немесе: кеудесін көтеріп, өсекшінің сынына ұшырауы мүмкін. 7Сондай-ақ, масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін#3:7 Тім2 2:26; Пет1 5:8. қауымнан тыс жұрттың да оған жақсы куәлік берулері керек.
8Сол сияқты, қауым қызметшілері де байыпты, өтірік айтпайтын жандар болып, маскүнемдік пен пайдақұмарлықтан аулақ жүрулері қажет. 9Олар бізге сенім туралы ашылған шынайы ілімдерді#3:9 Яғни Құдайдың бізге сенім туралы ашып білдірген құпия ілімін (3:16; Жох2 1:9-10; Еф 1:9-11). ұстанып, таза ар-ұжданмен өмір сүруге ұстануға тиіс.#3:9 1:5,19. 10Бұлар да алдымен сыналсын.#3:10 Яғни қауымда уақытша міндетін атқарып сыналсын. Содан кейін, егер айыпсыз болса, міндеттеріне кіріссін.
11Сондай-ақ (қауым қызметшілерінің) әйелдері#3:11 Немесе: (қауымда қызмет ететін) әйелдер (Рим 16:1). де байыпты, өсек айтпайтын, салауатты, қай нәрседе де адал болуға тиіс.
12Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып,#3:12 Яки: бір әйелге ғана үйленген (3:2). балалары мен отбасыларына жақсы басшылық етулері керек.
13Міндеттерін жақсы атқаратындар зор беделге және Мәсіх Исаға деген сенімде үлкен батылдыққа ие болады.
«Сенімнің ұлы құпиясы»
14Жақын арада саған баруға үміттенсем де, осы хатты жазып отырмын. 15Сөйтіп, егер кешіксем, сенушілердің «Құдайдың отбасының» мүшелері ретінде#3:15 Немесе: Құдайдың үйінде. қалай әрекет етуге тиіс екенін сен білетін боласың. Ал Оның «отбасы» — мәңгі тірі Құдайдың қауымы; ол шындықты бағана мен тіреу іспетті көтеріп ұстайды.#3:15 Лұқ 12:8; Флп 1:27; 2:16; Тім2 2:15,19.
16Құдайға ұнамдылық туралы бізге ашылған мына құпияның ұлы екендігі еш шүбәсіз:
Мәсіх#3:16 Яки: Құдай (Сөзі) (Жох 1:1,14; Жох1 1:1-2; 4:2; Мат 1:23). адам болып дүниеге келді,
Киелі Рух әділдігін дәлелдеді,
Содан Мәсіх періштелерге көрінді,
Халықтарға Ол жарияланды,
Жер жүзінде Оған көбі иланды,
Ол ұлылықпен көкке қабылданды.
Currently Selected:
Тімотеге 1-хат 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.