YouVersion Logo
Search Icon

Тімотеге 1-хат 2

2
Қауымның Құдайға сиынуы
1Ал енді, ең алдымен мынаны ескертемін: барлық адамдар үшін Құдайға сиынып, өтініштерің мен алғыстарыңды білдіріңдер. 2Патшалар мен басқа да барлық әкімшілік иелері үшін де мінажат ету керек;#2:2 Яғни Құдай оларға даналық сыйлап, әділ шешімдер қабылдатсын деп Оған сиыну қажет (Пат3 3:9,12,28; 10:8; Нқл 8:12-21; 20:8; 29:4). соның нәтижесінде біз барлық жағдайда Құдайға ұнамды да адал болып, тыныш та бейбіт өмір сүрмекпіз. 3Бұл игілікті әрі Құтқарушымыз Құдайға ұнамды. 4Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды. 5Құдай — Біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх. 6Бәрін күнәнің құлдығынан босату үшін Мәсіх жанын құрбан етіп, соның төлемін өтеді. Бұған дер кезінде куәлік берілді.#2:6 Немесе: Бұл (құрбандық өлім) Құдайдың адамзатты құтқарғысы келгендігін дер кезінде дәлелдеді. 7Оны жариялау үшін уағыздаушы және елші болуға тағайындалдым. Еш өтірік емес, Мәсіх алдында нағыз шындықты айтып тұрмын: Ол мені халықтарға сенім мен шындық туралы тәлім беруге жіберді.
8Сонымен ер адамдардың әр жерде адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын. 9Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, інжу-маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын. 10Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық.
11Әйелдер тыныштықпен, әр жағдайда (қауым жетекшілерінің басшылығына) мойынсұнып тәлім алсын. 12Олардың (Құдайдың ілімі жайлы) тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргізулеріне жол бермеймін; олар тыныш болсын. 13Алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған 14және Адам ата емес, әйел әзәзілге алданды. Осылай ол Құдайдың бұйрығын бұзды.#2:14 Жар 2:7,22; 3:1-6. 15Ал егер әйелдер сенім мен сүйіспеншілікті, қасиеттілік пен ұстамдылықты ұстанса, аналық міндетін атқарғанда (күнәнің ықпалынан) аман сақталады.#2:15 (4:16; 5:15) Немесе: ұстанса, бала туғанда (ажалдан) аман сақталады. Яки: ұстанса, («әйелдің Ұрпағы» Мәсіхтің) туғаны (әрі жанын құрбан етіп, қайта тірілгені) арқылы құтқарылады (Жар 3:15; Сал1 1:10).

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Videos for Тімотеге 1-хат 2