1
Жақыптың хаты 1:2-3
Киелі кітап
КК 2010
Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер.
Compare
Explore Жақыптың хаты 1:2-3
2
Жақыптың хаты 1:5
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Explore Жақыптың хаты 1:5
3
Жақыптың хаты 1:19
Ал енді, сүйікті бауырластарым, мынаны ескеріңдер: «Әркім тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, ашулануға баяу болсын».
Explore Жақыптың хаты 1:19
4
Жақыптың хаты 1:4
Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.
Explore Жақыптың хаты 1:4
5
Жақыптың хаты 1:22
Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар.
Explore Жақыптың хаты 1:22
6
Жақыптың хаты 1:12
Қиын сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты! Содан өтіп, сенімді екендігі дәлелденгеннен кейін, ол бәйге жүлдесіндей «шынайы өмірдің тәжін» иемденбек. Мұны Жаратқан Ие Өзін сүйгендерге сыйлауға уәде етті.
Explore Жақыптың хаты 1:12
7
Жақыптың хаты 1:17
көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Explore Жақыптың хаты 1:17
8
Жақыптың хаты 1:23-24
Өйткені Тәңір Иенің хабарын естігенмен, оны іске асырмайтын адам айнаға қарап, бет-әлпетін көрген біреуге ұқсайды: ол өзіне байыппен қарайды, бірақ былай шыға бере-ақ өз түрін ұмытып қалады.
Explore Жақыптың хаты 1:23-24
9
Жақыптың хаты 1:27
Құдай Әкеміздің алдындағы таза да мінсіз діншілдік мынау: мұқтаждық көрген жетім-жесірлердің қамын ойлау және өзін осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстау.
Explore Жақыптың хаты 1:27
10
Жақыптың хаты 1:13-14
Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де. Қайта, адамды өзінің құмарлықтары еліктіріп, ол солардың жетегінде кеткенде сынақтан өтеді.
Explore Жақыптың хаты 1:13-14
11
Жақыптың хаты 1:9
Қарапайым бауырластарың Құдай алдындағы жоғары дәрежесімен
Explore Жақыптың хаты 1:9
Home
Bible
Plans
Videos