Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар! Себебі бұл халықтың жүректері қасарысқан сезімсіз, құлақтары керең, олар көздерін жұмып алған. Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен түсініп, теріс жолдарынан қайтар еді. Сонда Мен оларды рухани дертінен сауықтырар едім.