1
Ишая 41:10
Киелі кітап
КК 2010
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Compare
Explore Ишая 41:10
2
Ишая 41:13
Себебі Құдайың Жаратқан Иемін, Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін. Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймын Деп саған берік уәдемді беремін.
Explore Ишая 41:13
3
Ишая 41:11
Саған өшіккендер ұятқа қалады, Жауларың дымы қалмай құртылады.
Explore Ишая 41:11
4
Ишая 41:9
Мен сені қиыр шеттен шақырып алып, жер бетінің түкпір-түкпірінен әкелгенмін. Менің қызметшімсің, сені таңдап алған едім, сенен бас тартпаймын да.
Explore Ишая 41:9
5
Ишая 41:12
Іздесең де, еш таппайсың оларды, Сенімен соғысқандар жоқ болады.
Explore Ишая 41:12
6
Ишая 41:14
Құрт секілді дәрменсіз Жақып халқы, Исраилдің азғантай жұрты, Қорықпа, Мен сені қолдаймын!» — Деп нық айтады Жаратқан Ие. Ол, Исраилдің Киелі Құдайы, сені туысқан қамқоршыдай азат етеді
Explore Ишая 41:14
7
Ишая 41:8
«Ал сен, Исраил халқы — Менің қызметшім, Өзім таңдап алған Жақыптың үрім-бұтағы әрі жаныма жақын Ыбырайымнан тараған ұрпақ, сөзіме құлақ сал
Explore Ишая 41:8
8
Ишая 41:18
тақыр төбелер мен аңғарлар ортасынан қайнар көздерін ашып, бетпақ даланы көлге айналдырып, шөл даламен де бұлақтар ағызбақпын.
Explore Ишая 41:18
9
Ишая 41:17
«Мына бейшара, мүсәпір халқым су іздеп, таба алмайды. Олар шөлдеп, таңдайлары кеуіп қалады. Ал Мен, Жаратқан Ие, мінажаттарына құлақ асамын. Мен, Исраил сиынған Құдай, оларды жалғыз қалдырмаймын
Explore Ишая 41:17
10
Ишая 41:4
Кім бұларды жоспарлап, жүзеге асырады? Кім болашақ дәуірлерді алдын ала жариялайды? Мұны істеуші Мен, Жаратқан Иемін! Алғашқы да, Соңғы да Өзіммін!»
Explore Ишая 41:4
11
Ишая 41:19-20
Мидай далаға балқарағай мен қараған, жасыл бұталар мен зәйтүн ағаштарын әрі құнарсыз, бос далаға қарағай, емен, шыршаларды бірге отырғызбақпын. Сонда адамдар Жаратқан Иенің бұл кереметтерді өз құдіретті қолымен істегеніне көз жеткізеді. Олар осыларды Исраил сиынған Киелі Құдайдың жаратқанын түсінеді».
Explore Ишая 41:19-20
Home
Bible
Plans
Videos