1
Ишая 40:29
Киелі кітап
КК 2010
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Compare
Explore Ишая 40:29
2
Ишая 40:30-31
Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды, Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды, Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
Explore Ишая 40:30-31
3
Ишая 40:28
Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің: Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең, Шексіз зор даналығы Өзінің, Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін! Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды
Explore Ишая 40:28
4
Ишая 40:3
Жар салған дауыс шығады айдалада: «Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар! Құдайымызға арнап иен далада Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!
Explore Ишая 40:3
5
Ишая 40:8
Шөптер сарғайып қурап, гүлдер солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады.
Explore Ишая 40:8
6
Ишая 40:5
Сонда Жаратқан Иенің ұлылығы Бар адамзатқа көрінетін болады, (Оның өз халқын құтқарып алғанын) Барлығы да ап-анық көре алады. Себебі Жаратқан Иенің Өзі Осы бұйрықтарды шығарған еді».
Explore Ишая 40:5
7
Ишая 40:4
Жолдағы сай-салалар толтырылсын, Әрі тау-төбелер аласартылсын, Бұралаң жерлері де түзетілсін, Ой-қырлары да түгелдей тегістелсін!
Explore Ишая 40:4
8
Ишая 40:11
Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді.
Explore Ишая 40:11
9
Ишая 40:26
Аспанға көз жіберіп қараңдаршы: Кім жаратты ондағы жұлдыздарды?! Бір-бірлеп алып шығып шоқжұлдыздарды, Ол әрқайсысын өз атымен шақырады. Жаратқанның құдіреті сонша зор болып, Біреуі шет қалмай, бәрі Оған бағынады.
Explore Ишая 40:26
10
Ишая 40:22
Жасаған Ие жер шарының үстіндегі «тағында» отыр! Жер бетіндегілер Оның алдында шегірткелердей кіп-кішкентай. Жаратқан Ие аспанды шымылдықтай жайып жібереді, оны шатырдай тігіп, Өзіне мекен етеді.
Explore Ишая 40:22
11
Ишая 40:2
Иерусалимге жылы сөз айтыңдар, Мына хабарды оған жариялаңдар: «Өтіп кетті басыңдағы ауыр кезең, Кінәңнің құны өтеліп, кешірілдің! Себебі Жаратқан Иенің қолы саған Бар күнәңнің жазасын берді молынан».
Explore Ишая 40:2
12
Ишая 40:6-7
— Жар сал! — деп бір дауыс бұйырды. — Не туралы жариялайын? — деп сұрады хабаршы. — Күллі пенде атаулы көк шөп секілді! Бар салтанаты мен сенімділігі дала гүлдеріндей өткінші: Жаратқан Ие ыстық лебін үрлесе, шөп қурап, гүлдер солып қалады. Шынында халық сондай шөпке ұқсайды!
Explore Ишая 40:6-7
13
Ишая 40:10
Біліп алыңдар, Жаратушы Тәңір Ие жуырда зор құдіретімен келіп, билікті өз қолына алады. Жеңісінің олжасы мен сыйы Оның қасында: азат еткен халқы алдында жүреді.
Explore Ишая 40:10
14
Ишая 40:1
— Халқымды Менің жұбатыңдар, Көңілін оның орнықтырыңдар! — Дейді сендер сиынған Құдай Иең.
Explore Ишая 40:1
15
Ишая 40:12-14
Кім теңізді алақанымен сарқып өлшеген, Аспанды қарысымен қамтып белгілеген? Кім жердің топырағын себетке салған, Тау-төбелерді де таразыға тартқан? Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, Кеңесшісі болып бағыт берді Оған? Жаратқан Ие кіммен ақылдасқан, Кім түсінік беріп те еді Оған? Кім Жаратушыны білімге үйреткен, Оған даналық жолын да нұсқаған?
Explore Ишая 40:12-14
Home
Bible
Plans
Videos