1
Ишая 42:6-7
Киелі кітап
КК 2010
«Сені әділдікпен Өзім шақырдым, Қолыңнан ұстап, қорғаймын, әрі қойдым Келісімнің кепілі болуға өз халқыма, Жол көрсеткіш Нұр да өзге ұлттарға. Соқыр көзді ашып, тұтқынды түрмеден, Түнектегіні қапастан босату үшін Сені Мен, Тәңір Ие, жіберемін.
Compare
Explore Ишая 42:6-7
2
Ишая 42:8
Жаратқан Иемін, бұл — Менің есімім. Даңқымды басқаға бере салмаймын, Жалған тәңірлермен оны бөліспеймін!
Explore Ишая 42:8
3
Ишая 42:1
«Міне, Менің қолдап жүрген Қызметшім, Жаным рақат табатын таңдаулым! Оған қондырдым Өзімнің Рухымды, Ол халықтарға жеткізбек әділ үкімді.
Explore Ишая 42:1
4
Ишая 42:3-4
Ол майысқан таяқты сындырмайды, Бықсыған білтені де сөндірмейді, Шынында әділдікті орындайды. Ол соны берік орнатқанша жер бетіне Күші тасып, алған бетінен қайтпайды. Алыс елдер үміт артар оның тәліміне».
Explore Ишая 42:3-4
5
Ишая 42:16
Шындықты көрмейтін халқымды Менің Өзі білмейтін жолмен жетелеймін, Бейтаныс жолдармен бастап алып жүріп, Түнекті алдынан нұрға айналдырамын, Қисық жолдардың бәрін түзетемін. Халқым үшін осыларды жасаймын, Ешқашан оны жалғыз қалдырмаймын!»
Explore Ишая 42:16
6
Ишая 42:9
Жүзеге асты бұрынғы айтқандарым, Енді жаңа жайттарды жариялаймын, Сендерге алдын ала хабарлаймын».
Explore Ишая 42:9
Home
Bible
Plans
Videos