1
Қолостықт. хат 3:13
Киелі кітап
КК 2010
Өзара төзімді болыңдар. Егер біреуге реніш сақтап, тағатын кінәларың болса, кешірімді болыңдар: сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер!
Compare
Explore Қолостықт. хат 3:13
2
Қолостықт. хат 3:2
Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!
Explore Қолостықт. хат 3:2
3
Қолостықт. хат 3:23
Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар!
Explore Қолостықт. хат 3:23
4
Қолостықт. хат 3:12
Ал енді, Құдай сендерді сүйіп, өз халқым деп таңдап алғандықтан, ұдайы жанашыр, мейірімді, кішіпейіл, ілтипатты, сабырлы болып, осы қасиеттерге бөленіңдер!
Explore Қолостықт. хат 3:12
5
Қолостықт. хат 3:16-17
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар! Не айтып, не істесеңдер де, бәрін Иеміз Исаның атымен жасап, Иеміз арқылы Құдай Әкемізге шүкірлік етіңдер!
Explore Қолостықт. хат 3:16-17
6
Қолостықт. хат 3:14
Барлық қасиеттердің бастысы ретінде сүйіспеншілікке бөленіңдер, ол бәріңді толықтай біріктіреді.
Explore Қолостықт. хат 3:14
7
Қолостықт. хат 3:1
Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көкке лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр.
Explore Қолостықт. хат 3:1
8
Қолостықт. хат 3:15
Иеміз Мәсіх сыйлаған тыныштық сендерге билігін жүргізсін! Ол сендерді біртұтас рухани дененің құрамдас мүшелері ретінде татулықта тұруға шақырды. Сонымен қатар ризашылықтарыңды білдіріңдер!
Explore Қолостықт. хат 3:15
9
Қолостықт. хат 3:5
Ал енді, күнәкар дүниеге жататын қылықтарыңды біржола тоқтатыңдар: неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық, нәпсіқұмарлық және арам пиғылдан аулақ жүріңдер; ашкөздікке де салынбаңдар, ол жалған тәңірлерге табынумен бірдей!
Explore Қолостықт. хат 3:5
10
Қолостықт. хат 3:3
Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.
Explore Қолостықт. хат 3:3
11
Қолостықт. хат 3:8
Ал мына қылықтарды енді тастаңдар: ашу-ыза, кек сақтау, қаралау, бейпіл ауыздық
Explore Қолостықт. хат 3:8
12
Қолостықт. хат 3:9-10
бір-біріңе өтірік те айтпаңдар! Себебі сендер ескі күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетін тастап, жаңа ізгі болмысқа ие болдыңдар. Оны жаратып берген Иеміз Өзін жақынырақ тануларың үшін сендердің рухани жағынан Өзіне ұқсас болуларыңды көздеп соған ұмтылуда.
Explore Қолостықт. хат 3:9-10
13
Қолостықт. хат 3:19
Күйеулер, әйелдеріңді сүйіп, оларға қатаң болмаңдар!
Explore Қолостықт. хат 3:19
14
Қолостықт. хат 3:20
Балалар, барлық жағдайда да ата-аналарыңның тілін алыңдар, өйткені Иемізге осы ұнайды!
Explore Қолостықт. хат 3:20
15
Қолостықт. хат 3:18
Әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар! Иемізбен байланыстағы сендердің осылай істегендерің жөн.
Explore Қолостықт. хат 3:18
Home
Bible
Plans
Videos