YouVersion Logo
Search Icon

3D-жаттықтырушысы (KZ)Sample

3D-жаттықтырушысы (KZ)

DAY 1 OF 5

Сіз неге жаттықтырасыз?

ДАЙЫН:

Сіз жаттықтырушысыз, және мен де. Сол себепті де сіз мүмкін, осы оқу жоспарын жүктеген боларсыз. Бұл жоспарды сізбен біреу бөліскен болуы мүмкін, немесе осы тақырыптың атын көріп қалғандықтан осылай істеп жатқан шығарсыз. Сіз жаттықтырушысыз. Осының өзі істің мәні болып табылады. Үш өлшемді жаттықтырушы (немесе 3D жаттықтырушы) болу - бұл ойынды жоспарлау өнері немесе жаңа шабуыл немесе қорғаныс схемасы емес. Бұл жаттығулар мен дайындықтар немесе спортшыларыңыздың барлық мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін құпия туралы емес. Егер сіз жеңісті жаттықтырушы болғыңыз келсе, мұның бәрі маңызды және қажет.

Бірақ 3D жаттықтырушысы ол тереңірек бару туралы. Әңгіме спортшыларды үш өлшемде көру арқылы ойыншылардың жүрегін жаулап алу туралы: дене, ақыл және рух. Бұл біз білсек те, білмесек те барлығымыз бірге келе жатқан саяхат туралы. Бұл жаттықтырушы ретіндегі сіздің нақты мақсатыңыз не екенін және жолда жоғалтқан қуанышты қайта табу туралы. Әңгіме мен «бас жаттықтырушы» деп атайтын Иса Мәсіхтің көзімен жаттықтыру қандай болатыны туралы. Еврейлерге 12: 2-дегі жолдауында Исадан көзімізді алмау керек дегенді есімізге салады: «Көзімізді дініміздіңавторы және орындаушысы Исаға аударайық».

Маған қәзіргі дәрежеме жету үшін, 20 жылға жуық сәтсіздіктер мен көңіл қалушылықтар, тағы 10 жыл сынақ пен қателіктерді  басымнан өткеруқажет болды. 3D жаттықтырушысы жаттықтыру алаңының әсер ету аймағында жағымды өзгерістерге шабыттандыратын, ынталандыратын және қол жеткізетін күші туралы біледі. Мен жаттықтырушылардың өз әсерін барынша арттырып, жаттықтырушы ретінде трансформациялық мақсатын орындай алатындай 3D жаттықтыру стратегиясын құрғанын қалаймын.

Қарқынды оқу арқылы мен қазір үш өлшемді жаттықтыру деп аталатын реляционалды, мақсатты көшбасшылықты жақсырақ түсіне бастадым. Бұл спорттың физикалық жағынан да бөлек, тереңірек болатын принциптердің ашылуы болды.

Мен тұтас жаттықтыру үш бағытта өтетінін білдім:

1-ші өлшем = негіздер (дене)

2-ші өлшем = психология (ақыл)

3-ші өлшем = жүрек (рух)

Мен әлі де үйреніп келемін! Оқу процесі сіз ысқырықты мәңгілікке іліп қоятын күнге дейін жалғасады деп ойлаймын. Неліктен сіз жаттықтыратыныңызды бірге білейікші. Сіз маған осы сапарға қосылуға шешім қабылдағаныңызға өте қуаныштымын!

ОРНАТУ:

1. Сіз неге жаттықтырасыз?

2. Сіз неге жаттықтырудың осы жолын таңдадыңыз?

3. Сіздің басшылығыңызбен жаттыққын адам қандай сезімде болады?

ӨТУ:

«Қымбатты Құдай, мен транзакциялық жаттықтырушы емес, трансформациялық жаттықтырушы болғым келеді. Маған 3D-жаттықтырушысы болуды үйретіңіз. Мен өз ойыншыларымның жүрегін жаулағым келеді. Неліктен жаттығып жүргенімді түсінгім келеді. Мен осы сапарда жаттықтырушы ретінде өзгеруім үшін күш-қуат беріңіз. Исаның атымен, аумин.

Day 2

About this Plan

3D-жаттықтырушысы (KZ)

Доктор Джефф Дюк 40 жылдан астам уақыт бойы спортшылар мен жаттықтырушыларды жаттықтырып келеді. Ол «ЗD: Спортшылардың жүректеріне жету» атты бестселлердің авторы. Егер сіз кез-келген деңгейдегі жаттықтырушы болсаңыз, 3D-жаттықтырушының оқу жоспары спортшылардың жүрегін жаулап алуға көмектеседі. Үш өлшемді жаттықтырушы (дене, ақыл, рух) бола отырып, сіз транзакциялық жаттықтырушыдан трансформациялық жаттықтырушыға ауысасыз.

More