YouVersion Logo
Search Icon

Рут 1

1
Қайғы шеккен жесір әйелдің адал келіні
1Исраилді билер басқарып тұрған заманда#1:1 Бил 2:16-18. бірде елді аштық жайлады. Сонда Яһуда руының Бетлехем қаласынан бір ер адам әйелі мен екі ұлын ертіп, Исраилден көшіп кетті. Олар жат жұрттықтар ретінде Моаб елінде уақытша тұра тұрмақ болды.#1:1 Жар 12:10; 26:1; Бил 3:30. 2Сол адамның аты Елімәлік, әйелінікі Нағима,#1:2 Бұл есім Нохамин деп те дыбысталады. ал екі ұлы Махлон мен Хилион еді. Олар ефраталықтар,#1:2 Ефрата: Бетлехем қаласы мен аймағының көне атауы (Жар 35:19). Яһуда жеріндегі Бетлехем қаласының тұрғындары болатын. Осылай бұл отбасы Моаб еліне барып, сонда тұрып жатты.
3Алайда күйеуі Елімәлік қайтыс болып, Нағима екі баласымен жесір қалды. 4Ұлдары моабтық қыздарға үйленді, келіндерінің біреуінің аты Орпа, екіншісінікі Рут еді. Отбасы Моаб елінде он жылдай тұрғаннан кейін 5Нағиманың ұлдары Махлон мен Хилион да қайтыс болды. Сонымен әйел күйеуі мен ұлдарынан айырылып, жалғыз қалды.
6Моаб елінде жүрген Нағима Жаратқан Ие Өзінің таңдап алған халқы Исраилді жарылқап, елде астықтың бітік шыққаны туралы естіді. Содан Нағима екі келінін ертіп Моаб жерінен өз еліне кері қайтуға жиналды. 7Сонымен олар уақытша тұрған мекенжайын тастап, Яһуданың жеріне қарай сапарға шықты.
8Жолшыбай Нағима келіндеріне:
— Ал енді, сендер әке-шешелеріңнің үйлеріне қайтыңдар. Менің өзіме, марқұм ұлдарыма адал да мейірімді болып келдіңдер. Лайым сендерге сол үшін Жаратқан Ие рақымын түсіре көрсін! 9Ием сендерге жақсы күйеу мен жайлы баспана сыйлай көрсін! — деп батасын беріп, беттерінен сүйді.
Бірақ олар зар еңіреп жылап:
10— Сізбен бірге біз де ел-жұртыңызға барайықшы, — деп өтінді. 11Алайда Нағима:
— Қыздарым, үйлеріңе қайтсаңдаршы! Маған несіне ересіңдер? Сендерге үйлене алатын басқа ұлдарым жоқ қой. 12Кері қайтыңдар, қарақтарым! Өзім енді күйеуге шығуға кәрімін. Тіптен бүгін күйеуге шығып, ұлды болармын деген үмітім болған күнде де, 13олар ер жеткенше күте алар ма едіңдер? Соларға бола күйеуге шықпай жүре берер ме едіңдер? Жоқ, қыздарым, Жаратқан Иенің маған жіберген қайғысын бірге бөлісіңдер деп сендерді ұстауым дұрыс болмас, — деп жауап берді.
14Екеуі бұрынғыдан бетер зар еңіреп жылады. Соңында Орпа енесінің бетінен сүйіп қоштасты, ал Рут одан айырылмай қалып қойды. 15Нағима Рутқа:
— Көрдің ғой, абысының ел-жұртына және сиынатын тәңірлеріне#1:15 (Еш 24:15; Бил 11:24) Немесе: тәңіріне. қайта оралды. Сен де оның ізімен кері қайтсаңшы, — деді. 16Алайда Рут:
— Сізді тастап, қайта оралуға мені қинай көрмеңіз. Сіз қайда барсаңыз, мен де сонда барамын. Қайда тұрсаңыз, мен де сонда тұрамын. Сіздің халқыңыз менің халқым, сіздің Құдайыңыз менің Құдайым болады! 17Қайда өлсеңіз, мен де сонда өліп, жерленемін. Егер мен бұ дүниеден кеткенше сізден ажырассам, мені Жаратқан Ие жазалаған үстіне жазалай түссін! — деп тұрып алды.
18Руттың өзімен бірге жүруге белді бекем буғанына көзі жеткен соң, Нағима оны әрі қарай үгіттеуін доғарды.
19Сонымен екеуі Бетлехемді бетке алып, жүріп кетті. Оған жеткенде, қала халқы толқып:
— Ойбай-ау, мынау Нағима ғой?! — десті. 20Сонда ол:
— Мені Нағима («Бақытты») емес, Мара#1:20 Түпнұсқадағы «Мара» сөзінің «ащы, қайғылы» деген мағыналары бар (Мыс 15:23). («Қайғылы») деп атаңдар, — деді. — Себебі құдіреті шексіз Құдай маған қайғылы өмір бұйырды. 21Бұл жерден үй ішіміз түгел аттанған едік, ал енді Жаратқан Ие менің жалғыз қара басымды ғана қайтарып отыр. Сендер мені несіне «Бақытты» деп атайсыңдар? Жаратқан Ие маған қарсы шығып, құдіреті шексіз Құдай басыма бақытсыздық түсірді ғой.
22Осылай Нағима моабтық келіні Рутпен бірге Моаб елінен қайта оралған еді. Олар Бетлехем қаласына келгенде арпаны жаңа жинай бастаған кез болатын.#1:22 Сол өлкеде арпа сәуір, ал бидай мамыр мен маусым айларында орылады (2:23).

Currently Selected:

Рут 1: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy