Руларды санау 2
2
Рулардың қоныс пен көштегі орналасу тәртібі
1Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді:
2— Исраилдіктердің әрқайсысы өз әулетінің таңбалары бар байрағының#2:2 Яки: туының. (Исраилдің он екі руы айдалада көшіп-қонып жүрген кезде төрт топқа («тұраққа») бөлінді. Әр топтың өз байрағы болды: 2:3,10,18,25.) астында қоныстануға тиіс. Олар кездесу шатырынан#2:2 Яғни киелі шатырдан (1:1). біраз қашықтықта, оны айналдыра қостарын тіксін.
3Ел қонысының күншығыс жағында Яһуда руының тұрағы мен байрағы орналассын. Яһуданың рубасы — Әминадап ұлы Нағасон. 4Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — жетпіс төрт мың алты жүз.
5Одан кейін Исашар руы қостарын тігеді. Исашардың рубасы — Суғар ұлы Нетанел. 6Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу төрт мың төрт жүз.
7Сол тұрақтағы үшінші ру — Забулон. Забулонның рубасы — Хелон ұлы Елияп. 8Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу жеті мың төрт жүз.
9Яһуда руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сексен алты мың төрт жүз. Исралдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көштің алдында жүретін болсын.
10Ел қонысының оңтүстік жағында Рубен руының тұрағы мен байрағы орналассын. Рубеннің рубасы — Шедеур ұлы Елисур. 11Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық алты мың бес жүз.
12Одан кейін Шимон руы қостарын тігеді. Шимонның рубасы — Суришадай ұлы Шелумиел. 13Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу тоғыз мың үш жүз.
14Сол тұрақтағы үшінші ру — Ғад. Ғадтың рубасы — Рәгуел ұлы Әлиасаф. 15Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық бес мың алты жүз елу.
16Рубен руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу бір мың төрт жүз елу. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында екінші болып жүретін болсын.
17Бұлардан кейін Леуі руы кездесу шатырын әрі өздерінің тұрағын басқа рулардың тұрақтарының арасында алып жүрулері керек. Олардың орналасу тәртібі қонған кезде қалай болса, көшкен кезде де дәл солай болып сақталсын. Әркім өз байрағының маңындағы орнында жүрсін.
18Ефрем руының тұрағы мен байрағы ел қонысының батыс жағында орналассын. Ефремнің рубасы — Амихуд ұлы Әлишама. 19Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық мың бес жүз.
20Одан кейін Манаса руы қостарын тігеді. Манасаның рубасы — Педасур ұлы Гамалиел. 21Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз екі мың екі жүз.
22Сол тұрақтағы үшінші ру — Бунямин. Буняминнің рубасы — Гидеони ұлы Абидан. 23Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз бес мың төрт жүз. 24Ефрем руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сегіз мың бір жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында үшінші болып жүретін болды.
25Дан руының тұрағы мен байрағы көштің солтүстік жағында орналассын. Данның рубасы — Амишадай ұлы Ахиезер. 26Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — алпыс екі мың жеті жүз.
27Одан кейін Ашир руы қостарын тігеді. Аширдің рубасы — Охран ұлы Пагиел. 28Рудағы санақтан өткен жасақшылардың саны — қырық бір мың бес жүз.
29Сол тұрақтағы үшінші ру — Нафталим. Нафталимнің рубасы — Енан ұлы Ахира. 30Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу үш мың төрт жүз.
31Дан руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу жеті мың алты жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру өз байрақтарының астында көштің соңында жүретін болды.
32Шыққан ата-тектерінің әулеттері бойынша санақтан өткен исраилдіктер — осылар. Олардың тұрақтарындағы шайқасқа жарамдылардың жалпы саны — алты жүз үш мың бес жүз елу. 33Алайда Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай, леуіліктер осы санаққа енгізілген жоқ.#2:33 (1:47-49; 26:62) Леуі руының санағы кейінірек бөлек өткізілді (31:14-16,39).
34Исраилдіктер барлығын да Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауларына сай істеді. Олар осылайша өз байрақтарының астында қонып, шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша жолға шығып, көшіп жүретін.
Currently Selected:
Руларды санау 2: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.