Руларды санау 12
12
Мәриям мен Һаронның Мұсаға қарсы шығуы
1Мұса құштық#12:1 (Жар 10:6; Иш 43:3) Немесе: құшандық яғни мадияндық (Абқ 3:7). әйелге үйленген болатын. Бір күні Мәриям мен Һарон соған бола Мұсаны сынады. 2Олар тағы былай деді: «Жаратқан Ие тек Мұсаға ғана сөйлеп пе еді? Ол бізге де сөйледі емес пе?» — Бұлары Жаратқан Иенің құлағына жетті.
3Ал Мұса жер бетіндегі барлық адамдардың ең кішіпейілі болатын.
4Жаратқан Ие кенеттен Мұса, Һарон, Мәриямды: «Үшеуің кездесу шатырына келіңдер!» — деп шақырды. Үшеуі сонда барды. 5Жаратқан Иенің Өзі бағана тәрізді бұлтпен төмен түсіп, шатырдың кіреберісінде тұрып, Һарон мен Мәриям екеуін шақырды. Екеуі алға қарай шықты. 6Жаратқан Ие оларға тіл қатып былай деді: «Енді сөзіме құлақ салыңдар! Сендердің араларыңда пайғамбар бар болса, оған аян арқылы көрініп, түсінде онымен тілдесемін. 7Ал қызметшім Мұсамен бұлай емес. Ол — Менің бүкіл үйімдегі адал қызметшім. 8Мен онымен жұмбақтап емес, бетпе-бет, анық тілдесемін. Мұса Менің — Жаратқан Иенің бейнесін көреді.#12:8 Яки: Менің қандай екенімді (Мыс 33:18-23; Заң 34:10). Өз қызметшім Мұсаға қарсы сөйлеуден сендер қалайша қорықпадыңдар?»
9Жаратқан Иенің қаһары оларға қарсы лап етіп, Өзі қастарынан алшақтап кетті. 10Бұлт киелі шатырдан жоғары көтеріліп кеткенде, Мәриямның бүкіл денесін қардай аппақ алапес#12:10 Яки: тері ауруы (Леу 13:2-3; Мыс 4:6). басып кетті. Һарон Мәриямға қарай бұрылғанда, оның алапес екенін көрді.
11Сонда Һарон Мұсаға: «Уа, мырзам! Ақымақтықтан жасаған күнәмізді бізге қарсы қоймаңыз! 12Мәриямның ана құрсағынан шығып жатқан өлі нәресте іспетті болуына жол бермеңіз. Оның тәнінің жартысы шіріп кетіпті!» — деп жалынды. 13Мұса Жаратқан Иеге:
— Уа, Құдай, оны сауықтыра гөр! — деп жалбарына сиынды. 14Жаратқан Ие Мұсаға:
— Егер әкесі бетіне түкіріп жіберген болса, Мәриям ұялғаннан жеті күн бойы жұрттың көзіне көріне алмай жүрмес пе еді? Сол сияқты ол ел қонысының сыртына жеті күнге аластатылсын. Содан кейін оны қайтадан алып келуге болады, — деді.
15Осылайша Мәриям жеті күн бойы қоныстың сыртына аластатылды. Оны қайтып алып келмейінше, халық жолға шыққан жоқ.
Currently Selected:
Руларды санау 12: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: