YouVersion Logo
Search Icon

Матай 5

5
Таудағы уағыздың басы: шынайы бақыт жайлы
1Жиналған халықты көргенде Иса тауға көтеріліп, бір жерге жайғасып отырды. Сол кезде шәкірттері қасына келді. 2Иса оларға былай деп тәлім берді:
3— Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты:#5:3 Яки: Өздерінің рухани жарлы, яғни Құдайдың кешірімі мен Киелі Рухына мұқтаж екендіктерін мойындағандарға Құдай риза болып, оларды жарылқайды (Тім1 2:3-4).
Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған!#5:3 25:34.
4Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты:
Құдай оларды жұбататын болады!#5:4 Иш 61:2-3; Лұқ 6:21.
5Кішіпейіл жандар бақытты:
олар жерді иемденетін болады!#5:5 Жыр 36:11.
6Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты:
олар қанағат табатын болады!#5:6 Иш 55:1-2.
7Мейірімділер бақытты:
Құдайдың мейірімі соларға түседі!#5:7 Жақ 2:13.
8Жүректері пәк тазалар бақытты:
олар Құдайды көретін болады!#5:8 Жыр 23:3-4; 72:1; 16:15; 41:3.
9Татуластырушылар бақытты:
олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ!#5:9 Сенушінің Құдаймен байланысы әке мен баласындай жақын. Сенуші Құдай Рухының арқасында қайта туылып, Құдайдың (рухани) баласы деп аталады (5:44-45; Лұқ 6:35; Жох 1:12; 3:5; Рим 14:19).
10Әділдік үшін қудаланғандар бақытты:
Құдай Патшалығы сондайларға арналған!
11Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап,
әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар!
12Қуана шаттаныңдар,
себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!
Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.
«Тұз» және «нұр»: сенушінің күнәкар дүниедегі іс-әрекеті
13Сендер жер бетінде тұз сияқтысыңдар. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса,#5:13 Сол заманда жұрт теңіз суынан айырып алған тұз қосындыларын қарапайым қыш құмыраларда сақтайтын. Тұрған жері дымқыл болса, ас тұзы еріп, қыштан өтіп кетіп, қалғаны дәмсіз әрі тағамды бұзылудан сақтауға жарамай қалатын (Лұқ 14:34-35). онысын қалай қалпына келтіруге болады? Еш нәрсеге жарамсыз болып шыққандықтан, оны лақтырып тастап, аяқ асты ету ғана қалады.
14Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар».#5:14 Флп 2:15-16; Еф 5:8-14. Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды. 15Ешкім шам жағып, оны ыдыспен бүркеп қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа#5:15 Яғни шамдалға (майшамға арналған тұғырға). қояды, сонда оның жарығы үйдегілердің бәріне түседі. 16Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді#5:16 5:9,44-45; Жох 1:12; 3:5. мадақтап дәріптесін.
Киелі жазбалардың толық мағынасы
17Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, қайта, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім. 18Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады. 19Сондықтан кімде-кім ондағы өсиеттердің тіпті ең кішкентайын болса да бұзып, басқаларды соған үйретсе, Құдай Патшалығындағы адамдардың арасында оның жолы ең кішкентай болады. Ал өсиеттерді орындап, жұртты соған үйреткендердің Құдай Патшалығындағы жолы үлкен болады.
20Сендерге айтамын: егер Құдайдың әділ еркін дін мұғалімдері мен парызшылдардан#5:20 23:2-5,23-28; Лұқ 11:39-40; 18:10-14; Түсіндірмедегі «Дін мұғалімі» мен «Парызшылды» да қараңыз. артық орындамасаңдар, Оның Патшалығына еш кіре алмайсыңдар!
Кісі өлтіру, жек көру және татуласу туралы
21Ежелгі адамдарға: «Кісі өлтірме!#5:21 Бұл Құдайдың адамдарға тапсырған басты он өсиетінің бірі (Мыс 20:13; Леу 24:17; Заң 5:17). Кісі өлтірген әркім сотталуға тиіс» деп бұйырылғанын естідіңдер.
22Ал Мен сендерге былай деймін: кімде-кім басқа адамға кәрін төксе,#5:22 Немесе: бауырласына ашу-ызасын сақтаса (Нқл 14:17,29; Уағ 7:9; Еф 4:26-27). сол сотталмақ. Басқаны «Сенен еш пайда жоқ!» деп балағаттайтын әркім Жоғарғы кеңес#5:22 Яһудилердің ең жоғарғы діни және саяси мекемесі (Жох 11:47; Түсіндірмені де қараңыз). алдында жауап бермек, ал «Құдайдан безген ақымақ!» деп жамандайтындар тозақ отына түседі.
23Сонымен сен Құдайға арнаған сый-тартуыңды ғибадатханадағы құрбандық үстеліне алып барғанда,#5:23 Заң 16:16-17; Иш 1:10-17; Амо 5:21-24. бауырласыңның#5:23 Яғни басқа адамның (5:22). өзіңе өкпелеп жүргені сонда есіңе түссе, 24алып келгеніңді сол жерде қалдыр да, бауырласыңа барып, онымен татулас! Бұдан кейін қайтып келіп, сый-тартуыңды Құдайға бағыштап ұсын.
25Біреу саған қарсы дау көтерсе, оған еріп сотқа бара жатқанда онымен тезірек татуласуға тырыс! Олай етпесең, қарсыласың сені сот алдына апарады, ал сот сақшыға ұстап беріп, сақшы сені түрмеге қамайды. 26Саған шындығын айтамын: сен берешегіңді соңғы тиынына дейін төлемейінше, сол жерден шыға алмайсың!
Неке адалдығы әрі сөзінде тұру жайында
27«Неке адалдығын бұзба!»#5:27 Мыс 20:14; Заң 5:18. деген өсиетті де естідіңдер.
28Ал Мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны. 29(Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) Егер оң көзің (секілді өте құнды нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «ойып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын.#5:29 Немесе: оны ойып алып, лақтырып таста. (Әлбетте, Иса ешкімнің осы қатаң бұйрықты нақты түрде жүзеге асыруын көздеген жоқ! Қайта, Ол біздің Құдайдың еркін орындауға кедергі болатын кез келген зұлым нәрселерден арылуымызды астарлап нұсқады: Мар 9:43-47.) Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді. 30Яки оң қолың (сияқты өте қажетті нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын!#5:30 Немесе: оны шауып алып, лақтырып таста (5:29). Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді.
31«Кім әйелімен ажыраспақ болса, оған арнайы куәлік қағазын беруге тиіс»#5:31 Заң 24:1. деген бұйрық та берілген.
32Ал Мен сендерге былай деймін: жеңіл жүріске түспеген әйелімен ажырасқан әркім соның неке адалдығын бұзуына себепші болады. Кім күйеуімен ажырасқан әйелге үйленсе, сол да неке адалдығын бұзады.#5:32 Себебі Құдайдың тұрғысынан ерлі-зайыптылар «... біртұтас. Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!» (19:4-6)
33Ежелде жұртқа: «Анттарыңды бұзбаңдар,#5:33 Немесе: Өтірік (яки ат үсті) ант бермеңдер! (Леу 19:12; Рул 30:3) Жаратқан Иеге берген уәделеріңді орындаңдар!» деп бұйырылғанын естідіңдер.
34Ал Мен сендерге былай деймін: үстірт ант етуші болмаңдар! Не көкті атап ант бермеңдер, ол Құдайдың «тағы», 35не жермен де ант бермеңдер, ол Оның «табан тіреніші», не Иерусалиммен де ант етпеңдер, ол «Ұлы Патшаның қаласы»! 36Өз басыңмен де ант берме! Себебі шашыңның бір талын шын мәнінде не ағартып, не қарайту қолыңнан келмейді. 37Қайта, сендердің «иә» дегендерің шынымен «иә», «жоқ» дегендерің шынымен «жоқ» болсын! Бұған қоса айтқандарыңның бәрі жамандықтарыңнан келеді.#5:37 Немесе: әзәзіл шайтаннан келеді (Жох 8:44).
Таспен атқанды аспен ат
38Сендер «көзге көз, тіске тіс»#5:38 Яки: Қанға қан, жанға жан. (Құдай мұндай ережені адамдарды кек алуға жұмылдыру үшін емес, қайта, кек алуды шектеу үшін берген еді: Мыс 21:24; Леу 24:20; Заң 19:21. Ал Иса бұған қоса сүйіспеншілік ережесін де міндеттеді: 5:39-45; 22:36-40; Рим 13:8-10). дегенді естідіңдер.
39Ал Мен сендерге айтамын: зұлымдық жасағаннан кек алма! Егер біреу бетіңнің оң жағын ұрса, оған сол жағын да тос. 40Біреу сенімен соттасып, көйлегіңді тартып алғысы келсе, оның шапаныңды да алуына қарсы болма! 41Немесе біреу сені бір шақырым жерге еріп (жүгін көтеріп) жүруге мәжбүр етсе,#5:41 Бұл билік иелерінің әдеті еді (27:32). онымен екі шақырым жүр. 42Сұрағанға мұқтажын бер, қарыз алғысы келгеннен де теріс айналма.#5:42 Яки: Нағыз бейшараларға жомарттықпен жәрдем бер (25:35-36).
43Сендер «Маңайыңдағы адамды#5:43 Яки: Басқаларды (өмір жолыңда Құдай саған кездестірген адамдарды). Немесе: Жақыныңды (19:19; Леу 19:18; Лұқ 10:27,29-36). жақсы көріп, жауыңды жек көр!»#5:43 Заң 23:3,6; Жыр 138:19-22. дегенді де естідіңдер.
44Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер!#5:44 Яки: жауларыңа мейірімділік пен сүйіспеншілік көрсетіңдер! (Лұқ 6:27-31; 23:34; Рим 12:14) Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!#5:44 Яки: Жаратқан Иеге сиыныңдар! (Лұқ 6:27-28,34-35; 23:34; Нақ 25:21) 45Осылайша көктегі Әкелеріңнің рухани балалары боласыңдар: Ол жамандарға да, жақсыларға да күн сәулесін бірдей түсіріп, әділдерге де, әділетсіздерге де жаңбырды бірдей жауғызады. 46Ал егер өздеріңді жақсы көретіндерді ғана жақсы көрсеңдер, онда сендерге қандай сый берілмек? Тіпті күнәлі салықшылар#5:46 9:9-10; Түсіндірмені де қараңыз. да солай етпей ме? 47Сондай-ақ, өз бауырларыңмен ғана жарқын жүзбен амандассаңдар, онда басқаларға қарағанда қандай ерекше іс істейсіңдер? Тіпті Құдайға мойынсұнбайтындар#5:47 Яки: жалған тәңірлерге құлшылық етуші бөтен ұлт адамдары (4:15; 6:7). да солай етпей ме? 48Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!#5:48 Лұқ 6:36; Леу 19:2; Пет1 1:16.

Currently Selected:

Матай 5: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy