YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 13

13
1Сол кезде кейбіреулер Исаға келіп, римдік әмірші Пилаттың бірнеше ғалилеялықтарды ғибадатхананың алаңында өлтірткені туралы айтты. Солардың қаны өздерінің құрбандыққа шалған малдарының қанымен араласып кеткен болатын. 2Иса мұны айтқандарға былай деп жауап берді:
— Сендер «Бұл ғалилеялықтар осындай азапқа ұшырағандықтан, олардың күнәлары барлық жерлестерінің күнәларынан ауыр болған екен» деп ойлайсыңдар ма? 3Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар! 4Әлде сендер «Силоғам мұнарасы үстеріне құлап өлген он сегіз кісінің күнәлары Иерусалимнің барлық басқа тұрғындарының күнәларынан ауыр болған екен» деп ойлайсыңдар ма? 5Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар!
6Иса мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Бір кісінің жүзім бағында інжір ағашы да болыпты. Иесі барып, ағаштан жеміс іздейді, бірақ түк те таба алмайды.#13:6 Інжір ағашы не жеке адамдардың, не Исраил халқының бейнесі бола алады (3:8-9; Мар 11:13-14,20-21). 7Содан ол жүзімшіге:
— Көрдің бе, мына ағашқа үш жылдан бері келіп, бірде-бір жемісін таба алмадым. Оны кесіп таста! Ол босқа орын алып тұр, — дейді.#13:7 3:9; Мат 7:19; Мар 11:13-14,20-21. 8Жүзімші бақтың иесіне:
— Мырза, оны биылша қалдырыңызшы. Мен оның айналасын қопсытып, қи төгейін; 9мүмкін жеміс беріп қалар. Егер бермесе, келесі жылы кестіріп тастарсыз,#13:9 3:9; Жох 15:2,16. — дейді».
Мүгедек әйелдің діни демалыс күні сауығуы
10Бір демалыс күні#13:10 Яһуди халқы дем алып, Құдайға сиынатын сенбі күні ешқандай жұмыс істеуге болмайтын (6:1-2,8; 14:3-5). Иса мәжілісханалардың бірінде жұртқа тәлім беріп жатты. 11Сол жерде бүкірейіп қалған бір ауру әйел де бар еді. Ол жын соққандықтан он сегіз жылдан бері денесін тік ұстай алмайтын. 12Иса әйелді көріп, қасына шақырды да:
— Замандас, енді ауруыңыздан құтыласыз, — деп, 13үстіне қолын қойды. Әйел сол сәтте-ақ бойын жазып түрегеліп, Құдайға мақтау айта бастады.
14Бірақ мәжілісхананың жетекшісі Исаның ауруды діни демалыс күні болса да сауықтырғанына ашуланып, жұртқа:
— Жұмыс істейтін алты күн бар. Емделуге демалыс күні емес, басқа күндері келіңдер! — деп бұйырды. 15Ал Иеміз оған:
— Ей, екі жүзді! Демалыс күні болса да, әрқайсың өгізің мен есегіңнің байлауын шешіп босатып, суаруға апарасыңдар ғой?! 16Ал енді, Ыбырайым атаның мына ұрпағын шайтан он сегіз жылдан бері байлап-матап келді.#13:16 13:11; 4:18-19. Оны сол бұғаудан демалыс күніне бола босатпау қажет пе еді? — деп жауап берді. 17Иса осыны айтқанда, Оған қарсылық көрсеткендердің бәрі ұялып қалды. Ал басқа жұрт түгелдей Оның істеген кереметтеріне қуанды.
Құдайдың Патшалығы кішкентай болып басталып, үлкейе бермек
18Содан кейін Иса былай деді:
— Құдайдың Патшалығы қандай нәрсеге ұқсас, оны немен салыстырайын? 19Ол бір адамның бақшасына еккен қыша дәніне#13:19 Яки: горчица тұқымына. ұқсас: сол майда тұқым өскенде биік болып шығып, бұтаға айналады. Оның бұтақтарына құстар ұшып келіп, паналайды.#13:19 Құдайдың игілікті Әкімшілігі керемет өсіп, онда яһудилермен қатар басқа халықтардың адамдары үшін де орын болады (24:47; Дан 4:11-12; Жох 10:16; Рим 11:17).
20Иса мынаны да айтты:
— Құдайдың Патшалығын тағы немен салыстырайын? 21Ол ашытқыға да ұқсас: әйелдер үш астау#13:21 «Сатон» деген өлшемнің көлемі он үш литр шамасында болатын. ұнға аздаған ашытқы қосып, араластырғанда сол ашытқы бүкіл қамырды ашытып, көтереді.
Шынайы өмірге апаратын есік
22Мұнан кейін Иса Иерусалим қаласына қарай сапар шегіп бара жатып, жолындағы қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, жұртқа тәлім берді. 23Біреу Оған:
— Мырза! (Келешектегі қаһарлы жазадан) құтқарылатындар#13:23 Яки: Күнәкар дүниеге төніп тұрған Құдайдың қаһарынан құтқарылатындар (3:7; Жох 3:36). тым аз бола ма? — деген сұрақ қойды. 24Сонда Иса жұртқа қарап былай деді:
— Тар есіктен кіруге барынша тырмысыңдар! Сендерге шын айтамын: көп адамдар кіруге ұмтылғанмен кіре алмайды.#13:24 3:7-9; 15:28; 18:22-27; Мат 7:13-14; Жох 12:42-43. 25Үй Иесі орнынан тұрып, есікті бекітіп қоймақ. Артынша сендер сыртта тұрып, есікті қағып: «Тақсыр Ие, бізге есікті аша көріңіз!» — деп дауыстайтын боласыңдар. Бірақ Ол: «Сендерді (өз адамдарым ретінде) танымаймын, қайдан екендеріңді білмеймін»,#13:25 10:20; Мат 7:23; 25:12,41. — деп жауап қайтаратын болады. 26Сонда сендер: «Біз көз алдыңызда ішіп-жедік, Сіз біздің жерімізде#13:26 Немесе: көшелерімізде. тәлім беріп тұрдыңыз ғой», — дей бастайсыңдар. 27Бірақ Ол: «Сендерге қайталап айтамын, кім және қайдан екендеріңді білмеймін. Әділетсіздік істеген бәрің де, Менен аулақ кетіңдер!» — дейтін болады.
28Сендер зар еңіреп жылап, қинала тістенетін боласыңдар.#13:28 Немесе: жылап, өкініп бармақтарыңды тістейтін боласыңдар (Мат 8:12). Себебі Ыбырайым, Ысқақ, Жақып пен барлық пайғамбарлардың да Құдайдың Патшалығында жүргенін, ал өздеріңнің сыртқа қуылғандарыңды көретін боласыңдар. 29Сонда шығыс пен батыстан, солтүстік пен оңтүстіктен жат жұрттық адамдар келіп, Құдайдың Патшалығындағы дастарқан басына жайғасатын болады! 30Осылай алдыңғы қатарға шығатын соңғылар бар, әрі соңғы болатын алдыңғы қатарлылар да бар.#13:30 Мат 20:16; 19:30; Мар 10:31.
Мәсіхтің Иерусалимнің қирайтыны туралы қайғыруы
31Сол сәтте бірнеше парызшыл адамдар Исаның қасына келіп:
— Бұл арадан кете гөр, (аймақ әкімі) Ирод#13:31 Ғалилея мен Перея аймақтарының әкімі Ирод Антипас (3:1,19; 9:9; 23:7-12). Сені өлтірмекші! — дегенде, 32Иса оларға былай жауап берді:
— Барып, ол «түлкіге» мынаны айтыңдар: «Мен бүгін және ертең жындарды қуып шығып, ауруларды сауықтырамын, ал үшінші күні ісімді аяқтаймын». 33Әрине, Мен бүгін, ертең және бүрсігүні де өз жолыммен жүруге тиістімін. Өйткені бір пайғамбардың Иерусалимнен басқа жерде шейіт болуы жөнсіз.#13:33 (11:47-51; 13:34) Иерусалим Яһудея аймағы мен бүкіл Исраил елінің астанасы және Құдайдың киелі үйі орналасқан қала еді (13:35).
34Ей, Иерусалим, пайғамбарлардың көзін құртып, Құдай өзіңе жіберген хабаршыларды тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай! Балапандарын қанатының астына алған құс сияқты, Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар! 35Сондықтан үйлерің қаңырап, бос қалдырылады.#13:35 Яғни Құдай киелі үй мен қаланы тастап кетпек (Лұқ 21:20-24). Сендерге шындығын айтайын: бұдан былай, «Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!» деп шақырған уақыттарыңа дейін, Мені қайтып көрмейсіңдер.#13:35 19:38; Жыр 117:26.

Currently Selected:

Лұқа 13: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy