YouVersion Logo
Search Icon

Ешуа 8

8
Ай қаласындағы шайқас
1Содан соң Жаратқан Ие Ешуаға тіл қатып былай деді: «Еш нәрседен қорқып, уайымдама! Барлық жасақшыларды ертіп алып, Айға қарай өрлеп барыңдар! Айдың патшасын, халқын, қаласы мен бүкіл жерін сенің қолыңа тапсырып отырмын. 2Иерихон қаласы мен оның патшасына не істеген болсаң,#8:2 6:20. Ай қаласы мен патшасына да солай істе! Бірақ мал-мүлкін өздеріңе олжа етіп алуларыңа болады. Қаланың арт жағынан тосқауыл құр!»
3Сонда Ешуа бүкіл жасағымен Ай қаласына аттанбақ болып жиналды. Жасағынан отыз мың батыл да мықты сарбазды таңдап алып, түнде аттандырып жібермек болып 4оларға мына нұсқауды берді: «Сақ болып, қаланың арт жағынан тосқауыл құрыңдар! Қаладан тым ұзап кетпей, барлығың да дайын тұрыңдар! 5Мен қасымдағы бүкіл жасақпен бірге қалаға жақындап барамын. Жау өткен жолғыдай бізбен шайқасу үшін қаладан шыққанда, олардан бас сауғалап қашамыз. 6Сонда олар бізді қуады, өйткені бізді тағы да қашып жатыр екен деп ойлайды. Осылайша оларды қаладан ұзатып шығарамыз. Ал біз олардан қашып кеткенде, 7сендер тосқауылдан лап беріп, қаланы басып алыңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Иенің Өзі қаланы қолдарыңа тапсырады. 8Оны қолға түсіргеннен кейін от қойып, Жаратқан Иенің әмірін орындаңдар! Міне, бұйрығым осы».
9Сонымен Ешуа таңдап алған сарбаздарды аттандырып жіберді. Олар Бетел мен Ай қалаларының арасында, Айдың батыс жағында тосқауыл құрып жасырынып жатты. Ал Ешуа қалған жасағымен бірге түнеп шықты.
10Ертеңіне ерте тұрған Ешуа жасақшыларды сапқа тұрғызып, байқап шықты. Өзі және Исраилдің рубасылары жасақты бастап, Айға қарай бет алды. 11Қасындағы барлық жасақшылар Ай қаласына өрлеп, оған жақындап, қарсы алдында тоқтады да, 12Айдың солтүстік жағында қостарын тікті. Оларды қаладан бір ойпат бөліп жатты. Бұл кезде Ешуаның таңдап алған бес мыңдай адамы Бетел мен Айдың арасында, қаланың батыс жағындағы тосқауылда күтіп отырды. 13Осылайша Исраилдің негізгі әскер күші қаланың солтүстік жағына орналастырылды, ал тосқауылдағылар қаланың батысында болды. Сол түні Ешуа ойпаттың ортасына барып келген еді.
14Ай патшасы исраилдік жасақты көргенде, қаланың күллі ер азаматтарымен бірге таңертең ертемен тездетіп жиналды. Олар исраилдіктермен шайқасу үшін қаладан шығып, Иорданның елсіз алқабының үстінен#8:14 Немесе: Арабаның үстінен (Заң 1:1). қараған белгілі бір жерге қарай аттанды. Қаланың артында тосқауыл бар екенін патша білген жоқ. 15Ешуа және қасындағы барлық исраилдіктер Айдың адамдарынан жеңілгенсіп, елсіз далаға қарай шегініп қаша бастады. 16Сол себепті Айдың барлық адамдары солардың соңынан жаппай қууға шақырылды. Олар Ешуаның артына түсіп, қаладан ұзап кетті. 17Не Айда, не Бетелде исраилдіктердің соңынан қуып шықпаған бірде-бір ер адам қалмады. Олар қаланы ашық қалдырып, исраилдіктердің артынан қуып кетті.
18Сонда Жаратқан Ие Ешуаға: «Қолыңдағы найзаны Айға қарай соз! Өйткені Мен қаланы сенің қолыңа тапсырамын», — деді. Ешуа найзасын көтеріп, қалаға қарай созды. 19Ол қолын созған бойда тосқауылдағылар лезде орындарынан тұрып, лап беріп, қалаға енді. Оны қолға түсіріп, дереу қалаға өрт қойды.
20Айдың адамдары арттарына қараса, міне, қаланың түтіні аспанға будақтап көтеріліп жатыр екен! Олар тіпті ешқайда қаша да алмай қалды. Өйткені елсіз далаға қарай қашып кетіп бара жатқан исраилдік жасақ кері бұрылып, арттарынан өкшелеген бұларға қарсы атой салды. 21Себебі Ешуа мен оның қасындағы барлық исраилдіктер де тосқауылшылардың қаланы басып алып, қала үстінен түтіннің будақтап жатқанын көрген еді. Олар кері бұрылып, Айдың адамдарына тап берді. 22Сол екі арада тосқауылшылар қаладан шығып, олар да жауға қарсы шабуылға кірісті. Айдың адамдары екі жағынан да қоршалып, исраилдіктер оларды толығымен жойып жіберді. Олардан тірі қалған немесе бас сауғалап қашып құтылған ешкім де болмады. 23Тек Айдың патшасы ғана тірідей қолға түсіп, Ешуаның алдына әкелінді.
24Исраилдіктер ашық дала мен құла түзде қашып жүрген Ай тұрғындарының артынан қуып, оларды талқандап, барлығын біреуін де қалдырмай қырып тастады. Содан олар Ай қаласына қайтып барып, онда қалғандарды да семсермен қырып-жойды. 25Сол күні қаза тапқандардың жалпы саны, еркегі мен әйелін қосқанда, он екі мың, демек, Айдың күллі адамдары болды. 26Айдың барлық тұрғындары жойылып бітпейінше Ешуа найзасын созып тұрған қолын төмен түсірген жоқ.#8:26 8:18; Мыс 17:11-12. 27Жаратқан Иенің Ешуа арқылы берген бұйрығына сай Исраил сол қаланың малы мен дүние-мүлкін өздеріне олжалады.#8:27 8:2.
28Мұнан кейін Ешуа Айды өртеп, оны үнемі қаңырап жатқан үйіндіге айналдырды. Ол күні бүгінге дейін солай. 29Сонымен қатар Ешуа Ай патшасын өлтіріп, денесін ағашқа түйреп, кешке дейін іліп қойды. Күн батуға айналған кезде Ешуа бұйрық беріп, патшаның сүйегін ағаштан түсіртіп, қала қақпасының алдына тастатты. Халық сүйекке көп тас лақтырып, үстіне үйіп тастады. Сол зор тас үйіндісі күні бүгінге дейін бар.
Құдайдың Келісімінің Ебал тауында қайтадан бекітілуі
30Сол кезде Ешуа Ебал тауында#8:30 Заң 11:29; 27:4. Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызды. 31Осыны Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның исраилдіктерге өсиеттеп берген нұсқауына сай істеді. Мұсаның Таурат заңы кітабында жазылғандай,#8:31 Мыс 20:24-25; Заң 27:5-6. құрбандық үстелі ешқандай темір құралмен өңделмеген бүтін тастардан салынды. Халық оның үстінде Жаратқан Иеге арнап шалынып өртелетін және Онымен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін сый-тартуларын ұсынды.
32Сол жерде Ешуа исраилдіктердің көз алдында Мұса арқылы берілген Таурат заңын арнайы тастарға көшіріп жазды.#8:32 Заң 27:2-8. 33Мұнан кейін бүкіл Исраил халқы: исраилдік болып туғандар мен оларға қосылған жат жұрттықтар, рубасылары, басқарушылары, төрешілері, барлығы бірге екі топқа бөлінді. Бір топ Гәризим тауының#8:33 Заң 11:29; 27:11-14. етегінде, екінші топ Ебал тауының етегінде тұрды. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы, ал орталарында Жаратқан Иенің Келісім сандығы және оны көтеріп алып жүретін леуілік діни қызметкерлер тұрды. Халық мұны Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның көзі тірі кезінде Исраил халқына бата беру жайлы тапсырған нұсқаулары бойынша істеді.
34Содан соң Ешуа жарылқау мен қарғыс сөздерінің бәрін дәл Таурат заңы кітабында#8:34 Заң 27:1-28:6,8; 30:15-20; Леу 26:1-46. жазылғандай дауыстап оқып берді. 35Ешуа бүкіл Исраил қауымының алдында Мұсаның тапсырған барлық бұйрықтарынан оқымаған бірде-бір сөз қалмады. Әйелдер мен балалар және халық арасында тұрып жатқан жат жұрттықтар да солармен бірге тұрды.

Currently Selected:

Ешуа 8: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in