YouVersion Logo
Search Icon

Жаратылыстың баст. 4

4
Қабыл мен Әбіл
1Адам әйелі Хауамен жақындасқан соң, әйелі жүкті болып, Қабылды#4:1 Яки: Қаинды. туды. Сонда Хауа: «Жаратқан Иенің жарылқауымен бір ұл балаға ие болдым»,#4:1 Яки: бір ер адамға ие болдым. (Түпнұсқадағы Қаин, яғни Қабыл, есімі «ие болу, иемдену» сөзіне ұқсас дыбысталады.) — деді. 2Хауа қайтадан жүкті болып, Қабылдың інісі Әбілді туды.
Әбіл мал бағушы, ал Қабыл жерді өңдейтін егінші болды.
3Біраз уақыт өткеннен кейін Қабыл Жаратқан Иеге арнап жерден жинап алған өнімінен тарту ұсынды. 4Ал Әбіл малының алғашқы төлдерінен әкеліп, құрбандыққа шалып, олардың майлы бөліктерін де тарту етті. Жаратқан Ие Әбілге және оның құрбандығына ризашылықпен қарады,#4:4 15:17; Мыс 13:12; Леу 3:16-17; 9:24. 5бірақ Қабылға және оның ұсынған тартуына риза болмады. Бұған Қабыл қатты ашуланып, қабағын түйіп безеріп алды. 6Сонда Жаратқан Ие Қабылға:
— Сен неге ашуланасың? Неліктен қабағыңды түйіп безересің? 7Егер істегенің дұрыс болса, онда сені қабылдар едім.#4:7 Немесе: онда жүзің жарқын болмас па еді? Ал істегенің дұрыс болмаса, онда босағаңды күнәнің жағалағаны: күнә сені иемденуге құштар, бірақ сен оған жол бермеуің керек,#4:7 Немесе: сен одан үстем болуың керек (Рим 5:17; 6:12,16). — деп сөзін арнады.
8Алайда Қабыл інісі Әбілге: «Далаға барайық», — деді. Олар далаға шыққан соң, Қабыл інісін бас салып, ұрып өлтірді.
9Кейін Жаратқан Ие Қабылдан:
— Інің Әбіл қайда? — деп сұрады. Ол:
— Білмеймін, мен інімнің күзетшісі ме едім? — деп жауап қайырды.
10Жаратқан Ие:
— Сен не істедің? Ініңнің төгілген қаны Маған жерден үн қатып, кегін алуды сұрап тұр! 11Сені қарғыс атқан! Енді өз қолыңмен өлтірген ініңнің қаны сіңген жердің топырағынан аулақ жүресің. 12Сен оны өңдегенде, түк өнім ала алмайсың. Сондықтан жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге айналасың, — деді.
13Қабыл Жаратқан Иеге жауап беріп:
— Менің тартатын жазам#4:13 Яки: Менің кінәм. көтере алмастай ауыр. 14Бүгін мені егіндік жерден қуып отырсың, Сенің көзіңнен таса жүретін боламын. Жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге айналамын. Кім кездессе, сол мені өлтіретін болады, — деді. 15Бірақ Жаратқан Ие:
— Жоқ, Қабылды кім өлтірсе, содан жеті есе кек алынады, — деді. Сондықтан Ол кездескендер өлтіріп қоймау үшін Қабылға таңба салып берді. 16Ал Қабыл Жаратқан Иенің көз алдынан кетіп, Едемнің шығысында орналасқан Нод (яғни «Кезбелік») деген жерге қоныстанды.
Қабылдың ұрпақтары
17Қабыл әйелімен жақындасып, ол жүкті болып, Енохты туды. Кейін Қабыл қала салып, оған ұлының атын қойды. 18Ал Енохтан Ирад, Ирадтан Мехуел, Мехуелден Метушаил, Метушаилдан Ләмех дүниеге келді.
19Ләмех екі әйел алды, біреуінің есімі Ада, екіншісінікі Зилла еді. 20Ададан Ябал туды. Ябалдан шатырларда тұрып, мал бағатындар тарады. 21Оның інісінің аты Юбал еді. Ол ішекті аспаптар мен сыбызғыда ойнаушылардың түп атасы болды. 22Зилланың да Тұбалқабыл есімді бір ұлы болатын. Ол мыс пен темірден әр түрлі құрал-жабдықтарды жасап шығарды.#4:22 Немесе: Ол барлық қола (яки мыс) және темірмен айналысушылардың тәлімгері болды. Тұбалқабылдың қарындасының аты Нағама еді.
23Ләмех әйелдеріне тіл қатып: «Әй, Ада мен Зилла, Ләмехтің әйелдері, мені тыңдап, сөзіме құлақ түріңдер! Мені жаралағаны үшін бір еркекті, денемді көгерткені үшін бір жас жігітті өлтірдім. 24Қабыл үшін жеті есе кек алынатын болса, Ләмех үшін жетпіс жеті есе кек алынатын болады», — деді.
Сет пен Енос
25Адам ата әйелімен тағы да жақындасқан соң, Хауа ұл туып, оның атын Сет (яғни «Сыйланған») деп қойды. Себебі ол: «Қабыл Әбілді өлтірген соң, Құдай маған оның орнына басқа бір ұрпақ сыйлады», — деді. 26Сет те ұлды болып, атын Енос деп қойды.
Сол кезден адамдар Жаратқан Иеге сиынып мінажат ете бастады.#4:26 Яки: Жаратқан Иенің атын атап Оған дауыстап ғибадат (тағзым) ете бастады (12:8).

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy