YouVersion Logo
Search Icon

Мысырдан шығу 27

27
Шалынған құрбандықтарды өртейтін үстел
1Шалынған құрбандықтарды түгелдей өртейтін үстелді аққарағаннан жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан болсын. 2Оның төрт бұрышынан шығып тұрған мүйіз тәрізді төрт шошақ құрбандық үстелімен біртұтас жасалсын. Үстел қоламен қапталсын. 3Үстелдің мына құрал-саймандарының бәрін қоладан жасат: күлсалғыштар мен қалақтар,#27:3 (38:3) Яғни өртелген құрбандықтардың күлін шығаруға арналған шелектер мен қалақтар (күрекшелер). (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар. 4-5Отқа арналған торды да қоладан жасат. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт. 6Үстелге арнап аққарағаннан қоламен қапталған сырықтар жасат. 7Олар сол шығыршықтарға#27:7 Тордың шығыршықтары үстелдің қабырғаларының астынан оның сырт жағына шығып тұрады (27:4-5). кіргізіліп, құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде оның екі бүйірінде болмақ. 8Сонымен құрбандық үстелін қоламен қапталған тақтайлардан, оның ішін қуыс етіп жасат. Ол өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасалуға тиіс.
Киелі шатырдың ауласы
9-11Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат. 12Ауланың батыс жағының ұзындығы елу шынтақ болып, оның перделері он тағанға орнатылған он бағанаға ілініп қойылсын. 13Ауланың кіреберісі орналасқан шығыс жағы да елу шынтақ болсын. 14-15Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан болып, әрқайсысы үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінсін.
16Ал аула кіреберісінің өзіне арнап ұзындығы жиырма шынтақ перде тоқыт. Ол қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден түрлі өрнектермен кестеленіп тоқылсын. Пердені іліп қою үшін төрт тағанға орнатылған төрт бағана дайындат. 17-18Ауланы қоршап тұрған барлық бағаналар бір-бірімен күміс сырықтармен байланыстырылсын. Ілгіштері күміс, тағандары қола болсын. Ауланың ұзындығы жүз, ені елу, ал перделердің биіктігі бес шынтақ болсын. Олар жіңішке зығыр жіптен тоқылсын. 19Киелі шатырдың әр түрлі жұмыстарға қолданылатын барлық басқа құрал-жабдықтары,#27:19 Мысалы, шатыр мен қоршауды тұрғызып не құлатуға қажет құралдар. ауланы қоршаған бағаналар және шатырдың өзін бекітуге қажетті күллі қазықтар да қоладан жасалсын.
Шамдарға арналған май
20Шам қойғыштың шамдары ұдайы жанып, жарық қылулары керек. Сол үшін исраилдіктерге зәйтүн жемісінен келіде түйіп сығып алынған таза май әкелуге тапсырма бер. 21Кездесу шатырындағы#27:21 Кездесу шатыры: Құдай халықтың арнайы өкілдеріне сөзін арнап, мінажаттарына құлақ салуға уәде берген киелі шатыр (25:8,22; 28:11-12,29-30). Келісім сандығының алдында ілінген шымылдықтың сыртқы жағында, Жаратқан Иенің алдында, Һарон мен оның ұлдары күн батқаннан таң атқанша шамдардың жанып тұруын қамтамасыз етсін. Бұл — Исраил халқының болашақ ұрпақтарына берілген тұрақты ереже.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in