Патшалықтар 2-ж. 10
10
Шабуылдаған Аммон мен Арама жасақтарының күйретілуі
1Біраз уақыт өткеннен кейін Аммон халқының патшасы Нахаш#10:1 Пат1 11:1. қайтыс болып, оның ұлы Анон орнын басып патшалық құрды. 2Дәуіт: «Әкесі Нахаштың маған жақсылық жасағанындай, мен де оның ұлы Анонға жақсылық жасайын», — деп ойлады. Содан ол әкесінің қазасына көңіл айту үшін Анонға қызметкерлерін жіберді. Алайда елшілері Аммон еліне жеткенде, 3аммондық әміршілер патша иелері Анонға күдіктерін білдіріп былай деді: «Дәуіт мына адамдарын шынымен көңіл айтып, әкеңізге құрмет көрсету үшін жіберіп отыр деп ойлайсыз ба? Ол қызметкерлерін қаланы барлап, жақсылап біліп алу үшін сізге жіберіп отыр емес пе? Кейін ол әскерімен келіп, астан-кестенін шығармақшы!»
4Сонда Анон Дәуіттің қызметкерлерін тұтқындап, әрқайсысының сақалын жартысына дейін қырқып, шапандарын белдеріне дейін қысқартып қиып тастады. Мұнан кейін оларды кері қайтарып жіберді. 5Бұл туралы хабар Дәуіттің құлағына жеткенде, ол қатты масқараланған елшілерінің алдарынан хабаршыларын жіберіп, оларға: «Сақалдарың өскенше Иерихонда қала тұрыңдар! Содан кейін қайтып келерсіңдер!» — дегенді айтқызды.
6Аммондықтар Дәуітті өздеріне қарсы өшіктіріп алғанын ұғынды. Сондықтан олар өкілдерін жұмсап, арамалықтардың#10:6 Яки: сириялықтардың (8:3,5). Бет-Рехоб және Соба деген екі патшалығынан жиырма мың, Маханың патшасынан тағы бір мың әрі Тобтың адамдарынан он екі мың жаяу жасақшысын жалдап алды.
7Дәуіт бұл туралы хабар алғанда, оларға қарсы Жоғабтың басшылығындағы батыл да мықты сарбаздардан құралған бүкіл жасағын аттандырды. 8Аммондықтар астаналарынан шығып, қала қақпасының жанында шайқасқа дайындалып сап түзеді. Соба мен Рехобтың арамалықтары және Тоб пен Маханың ер азаматтары далада бөлек тұрды. 9Жоғаб өз жасағының екі жақтан: алдынан да, артынан да соғысуына тура келіп тұрғанын байқаған соң, бүкіл Исраилдің таңдаулы сарбаздарын іріктеп алып, арамалықтарға қарсы сапқа тұрғызды, 10ал жасақтың қалған бөлігін аммондықтарға қарсы бастап шығуды өзінің туған інісі Әбішайдың қолына тапсырды. 11Оған былай деп бұйырған болатын: «Егер арамалықтар маған тым қатты қысым көрсете бастаса, сен маған көмекке кел! Ал аммондықтар сені тықсырып бара жатса, мен саған көмекке барамын. 12Батыл бол! Халқымыз үшін, Құдайымыздың қалалары үшін мызғымай берік тұрайық! Ал Жаратқан Ие дұрыс деп тапқанын істесін!»
13Жоғаб пен оның сарбаздары арамалықтарға тап бергенде, олар қаша жөнелді. 14Олардың қашқанын көрген аммондықтар да Әбішай бастаған жасақтан шегіне қашып, қалаға кіріп кетті. Сонда Жоғаб аммондықтарға қарсы жорығын доғарып, Иерусалимге қайта оралды.
15Арамалықтар өздерінің исраилдіктерден жеңілгенін көріп, бәрі бір жерге жиналды. 16Ададәзер Евфрат өзенінің ар жағына елшілерін жұмсап, онда тұратын арамалық жасақшыларды шақырды. Олар (Ғилақад аймағындағы) Хеламға жетіп, (Арама патшасы) Ададәзердің әскербасы Шобақтың қол астына кірді.
17Дәуіт бұл туралы біле сала, Исраилдің бүкіл жасағын жинап алды. Содан Иордан өзенін кесіп өтіп, Хеламға аттанды. Арамалықтар Дәуітпен шайқасу үшін жасақшыларын сапқа тұрғызып, лап қойды. 18Бірақ олар қайтадан Исраилдің жасағынан шегініп, қаша жөнелді. Дәуіттің сарбаздары олардың жеті жүз соғыс күймесінің айдаушыларын және қырық мың жаяу әскерін#10:18 (Шеж1 19:18) Немесе: атты әскерін. мерт қылды. Арамалық қолбасшы Шобақ та шайқаста ауыр жарақаттанып, сол жерде қаза тапты.
19Ададәзерге бағынышты барлық патшалар өздерінің Исраилден жеңілгендерін көргенде, Исраилмен бітім жасасып, оған мойынсұнатын болды. Арамалықтардың енді қайтып аммондықтарға көмектесуге батылдары бармады.
Currently Selected:
Патшалықтар 2-ж. 10: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: