Қорынттықт. 2-хат 6
6
1Құдаймен бірге еңбектенуші біз сендерден мынаны өтініп, ескертеміз: өздерің қабылдаған Құдайдың рақымы өмірлеріңде өнімсіз болмасын. 2Себебі Ол мынадай сөздерді айтқан: Мен мейірім көрсететін кезімде саған құлақ салдым, халқымды құтқаратын күнім келгенде сені қамқорладым.#6:2 (Иш 49:8; 61:2; Лұқ 4:19) Яғни қамқоршың болып сені қолдап-қорғадым. Тыңдаңдар: Оның мейірім көрсететін кезі осы, құтқаратын күні, міне, бүгін!
3Қызметіміз ұятқа қалмасын деп, жұрттың Ізгі хабарды қабылдауларында іс-әрекетімізбен ешкімге ешқандай кедергі жасамаймыз. 4Қайта, барлық істе де Құдайдың қызметшілеріне лайық болуға ұмтылып, зор шыдамдылықпен азаптар, ауыртпалықтар және қиын-қыстау жағдайларды басымыздан өткіземіз. 5Біз ұрып-соғылып, түрмеге қамалып, қуғындалғанда, сондай-ақ, ауыр еңбек етіп, ұйқысыз түндер мен аш күндерді бастан кешкенде 6таза жүреміз. Түсінігіміз, төзімділігіміз және ақпейілділігімізбен бойымыздағы Киелі Рух арқылы адал сүйіспеншілік танытамыз; 7шындықтың хабарын уағыздап, Құдайдың құдіретін көрсетеміз. Осылай Оның қызметшілері екенімізді паш етеміз. Екі қолымызда ұстанған «қаруымыз» — әділдік.#6:7 Немесе: Әділдік оң қолымыздағы шабуыл жасайтын семсердей және сол қолымыздағы қорғанатын қалқанымыздай басты рухани қаруымыз (Еф 6:10-18; Қор2 10:3-5). 8Бізді не құрметтеп, не қараласа да, не сөгіп, не мадақтаса да, не өтірікшілер десе де, бәрібір адалмыз. 9Танымал болмасақ та, бізді таниды. Өлгендер деп санаса да, міне, тіріміз. Бізді жазаласа да, өлген жоқпыз. 10Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.
11Қымбатты қорынттықтар, сендермен ашық сөйлестік, жүректеріміз де айқара ашық. 12Өздеріңе деген пейіліміз кең болғанмен, сендер бізге жүректеріңнен аз-ақ орын бердіңдер.#6:12 7:3-4; 11:11. 13Мен сендермен балаларымен сөйлескен әкедей сөйлесемін:#6:13 Қор1 4:14-15; Сал1 2:11. енді өздерің де бізге пейілдеріңді кең жайсаңдаршы!
Теріс жолмен жүргендердің ықпалынан арылу
14Сенбейтіндермен қоян-қолтық бірге жүріп, жаман ниеттеріне ортақтаспаңдар!#6:14 Немесе: Сенбейтіндермен бірге «бір қамытты кимеңдер»! Себебі әділдік пен заңсыздық арасында ортақ не бар? Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ? 15Мәсіх пен белияр#6:15 Демек, зұлымдық. (Әзәзіл шайтан кейде солай аталады: Пат1 2:12.) (шайтан) арасында ынтымақ бола ала ма? Мәсіхке сенуші мен сенбейтіннің арасында ортақ не бар? 16Құдайдың киелі үйі мен жалған тәңірлер арасында қандай келісімнің болуы мүмкін? Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз».#6:16 Яғни Құдайдың Киелі Рухы сенушілердің бойларынан орын алды (Қор1 3:16-17; 6:19; Еф 2:20-22). Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады».#6:16 Леу 26:12; Ерм 32:28; Езк 37:27-28.
17Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын.#6:17 Құдай бірнеше ғасырлар бұрын Бабыл елінде, Оған мойынсұнбайтын халықтар арасында тұрған халқын Өзінің пайғамбарлары арқылы рухани тазарып, Өзіне бағышталған (қасиетті) халқы болуға шақырған еді (Езк 20:34,41; Иш 52:11). 18Мен сендерге Әке боламын, ал сендер рухани ұл-қыздарым боласыңдар дейді Әлемнің Билеушісі — Жаратқан Ие.#6:18 Әлемнің Иесі — Құдай Сүлеймен патшаға да осындай уәде берген еді (Пат2 7:14; 7:8).
Currently Selected:
Қорынттықт. 2-хат 6: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.