Қорынттықт. 2-хат 11
11
Пауыл мен жалған елшілер арасындағы айырмашылықтар
1Мақтануыммен біраз ақымақ болып көрінгеніме төзсеңдер екен деймін.#11:1 5:13; 11:16-17,19-21. Іс жүзінде төзіп келесіңдер де. 2Сендерді Құдай берген қамқорлықпен қызғыштай қорғап келемін. Өздеріңді бір-ақ «Күйеу» — Мәсіхке «айттырып қойдым», әрі пәк таза «қыз күйлеріңде» ұзатқым келеді.#11:2 Кейде қауым «қалыңдық», ал Мәсіх «Күйеу» ретінде суреттелген (Қор1 6:15; Еф 5:23-32; Аян 19:7-9). Пауыл қорынттық қауымның «рухани әкесі» болғандықтан, оның қате ілімдермен бүлініп арамданғанына төзе алмады. 3Әзәзіл жыланның қулықпен Хауа ананы алдап, азғырғанындай,#11:3 Жар 3:1; Аян 12:9; 20:2. кейбіреулер сендердің де ой-саналарыңды Мәсіхке деген адалдық пен пәк берілгендіктеріңнен ауытқытып жүрмесін деп уайымдаймын. 4Себебі, біреулер сендерге келіп, біз уағыздағаннан өзге «Исаны» уағыздағанда,#11:4 Яки: біз уағыздаған Мәсіх Иса туралы шынайы ілімді бұрмалап таратқанда (Қор1 1:3; Ғал 1:6-9). немесе өздерің қабылдаған Киелі Рухтан өзге рухты, яки қабыл алған Ізгі хабардан басқа біреуін насихаттағанда, сендер бұның бәріне оңайлықпен көне кетесіңдер. 5Алайда өзімді сол бір «озат елшілерден» кеммін деп ойламаймын. 6Тіптен сөзге шешен болмасам да, білімім жеткілікті. Соған барлық жағынан да көздеріңді толық жеткіздік қой.
7Сендерді рухани жағынан көтермелеу үшін өзімді «төмендетуіммен» күнә жасадым ба? Құдайдың Ізгі хабарын сендерге тегін уағыздадым емес пе! 8Өздеріңе қызмет ету үшін басқа қауымдардың көмегін қабылдап, оларды тонағандай болдым. Қастарыңда жүрген кезімде мұқтаждық көрген күнде де ешқайсыңды әуреге салмадым. 9Өйткені Македониядан келген бауырластар қажет нәрселерімнің орнын толтырды. Қай істе де сендерге ауыртпалық түсірмеуге тырыстым және тырысамын да. 10Өз бойымдағы Мәсіхтің адалдығымен мәлімдеймін: Ахая аймағындағы ешкім осы мақтануымды тоқтата алмайды! 11Неге бұлай істеймін? Сендерді сүймегендіктен бе? Өздеріңді сүйетінім Құдайға аян! Қалай істеп келсем, солай істеуді жалғастырмақпын. 12Жасаған игіліктеріне мақтанып, бізбен бірдей көріну үшін сылтау іздейтіндерге жол беретін ойым жоқ.
13Ондайлар — жалған елшілер, алдамшы қызметкерлер, өңдерін айналдырып, Мәсіхтің елшілері болып көрінгендер.#11:13 Яки: алдамшы жұмысшылар, Мәсіхтің елшілерінің сырт көрінісін жамылғандар! (Мат 7:15) 14Мұнда таңғалатын ештеңе жоқ: шайтанның өзі өңін айналдырып, нұрлы періште болып көрінеді.#11:14 Яки: Құдайдың нұрлы хабаршысының сырт көрінісін жамылған (Мат 4:10; Ғал 1:6-9). 15Сондықтан оның қызметшілерінің де өңдерін айналдырып, әділдіктің қызметшілері болып көрінуі ғажап іс емес. Олардың ақыры қылықтарына сай болмақ!
Елшінің басынан өткен азаптарын баяндауға мәжбүр болуы
16Тағы да қайталаймын: ешқайсыларың мені ақымақ деп ойламаңдар! Ал егер олай ойласаңдар, мені ақымақ ретінде қабылдаңдар, сонда (Ізгі хабарды бұрмалап таратушы солар сияқты) мен де аздап мақтана аламын. 17Ендеше батыл мақтанғанда, Иеміздің үлгісі бойынша емес, ақылсыз болғансып айтатын боламын. 18Талай жалған тәлім берушілердің өзімшіл ниетпен (сендердің жетістіктеріңе) мақтанып жүргені іспетті, (өздеріңе жіберген елші болуымды қорғау үшін) мен де мақтанбақпын. 19Себебі «сондай дана» сендер ақымақтарға қуана төзесіңдер-ау!#11:19 Яғни жалған елшілердің ақымақ ілімдеріне қуанышпен төзулерің ешбір даналыққа сыймайды! 20Расында біреу өздеріңді құл қылса да, ақыларыңды жеп, тонап кетіп, менсінбей өктемдік көрсетсе де, беттеріңді соқса да, бәрібір төзесіңдер! 21Осындай қылықтарды өздеріңе істеуге біздің «күшіміз жетпеді».#11:21 Яғни осындайды өздеріңе істеу біз үшін ұят болар еді (1:23-24; Сал1 2:3-10). Мұны айтқанда алдарыңда ұятқа қаламын ба?
Ал егер солардың біреуінің бір нәрсеге мақтануға дәті болса — ақымақша айтайын — соған мақтануға менің де дәтім барады. 22Олар яһуди ме? Мен де яһудимін. Олар исраилдіктер ме? Мен де солаймын. Олар Ыбырайым атаның ұрпағынан ба? Мен де.#11:22 Құдай ежелде Ыбырайыммен, кейін Исраил халқымен Келісімдер жасаған болатын. Сол халықтың бір бөлігі — яһудилер бұл жайтты зор мақтан тұтатын (Жар 12:1-3; 15:5-21; Мыс 34:27-28). 23Олар Мәсіхтің қызметшілері ме? Ақымақ кісідей сөйлеп тұрмын:#11:23 Пауыл елші өзінің өкілеттілігін қорғау үшін ақылсыздың сөйлегені іспетті дәлелдерді келтіруге мәжбүр болды (11:1,16; 12:1,21). мен Мәсіхке солардан бетер қызмет етудемін. Оларға қарағанда әлдеқайда көбірек еңбектеніп, түрмеге қамалып, аяусыз соғылдым, талай рет өліммен бетпе-бет келдім.
24Яһудилер мені бес рет отыз тоғыздан қамшымен соқты.#11:24 Немесе: қырыққа біреуі жетпей дүре соқты. (Бұл яһудилердің жазалау дәстүріне сай болатын: Заң 25:2-3; Елш 5:39). 25Мені үш рет таяқпен дүре соқты, бір рет өлтірмек болып таспен атқылады. Үш рет кеме апатына ұшырадым, бір тәулік бойы ашық теңізде қалқып жүріп, әрең аман қалдым. 26Көп рет саяхатқа шығып, тасыған өзендерден, қарақшылардан, өз ұлттастарым мен басқа ұлттық адамдар тарапынан сансыз қауіп-қатерге ұшырап келемін. Қала мен иен далада, теңізде және жалған бауырластар арасында қатерге тап болдым. 27Ешқандай аянбастан еңбектеніп келемін, ұйықтамаған түндерімнің есебі жоқ. Аштықтың, шөлдің не екенін білемін, киімге мұқтаж болып талай рет тоңдым.
28Басқа жайттар туралы айтпағанның өзінде күн сайын барлық қауымдардың қамдары еңсемді басып, толғандырады.#11:28 Елш 15:36,40-41; 20:18-21,28-31; Қол 2:1. 29Біреу әлсіз болса, мен де өзімді әлсіз сезінбеймін бе? Біреу күнәға азғырылса, сол үшін күйіп-жанбаймын ба?
30Егер де мақтануға тиіс болсам, өзімнің күшсіз екенімді көрсететін жайттармен мақтанайын. 31Иеміз Исаның Әкесі, мәңгілік мадаққа лайық Құдай, мына айтатындарымның нағыз шындық екенін біледі: 32Дамаскіде болған кезімде Аретас патшаның#11:32 Ирод Антипастың қайын атасы Аретас ІV Набатея өлкесіндегі арабтарға б.з.д. 9 ж-дан б.з. 40 ж. аралығында патшалық құрды. Сол кезде оның билігі Дамаск қаласына да жүрді. аймақ әміршісі қала қақпаларын күзеттіріп, мені тұтқындауға бұйырды. Бірақ мен қаланы қоршаған қамалдағы терезеден үлкен себетпен төмен түсіріліп, оның қолынан сытылып кеттім.#11:32 (Елш 9:24) Беделді дінбасы болған Пауыл үшін бұл жайт, әрине, намыстанарлық еді.
Currently Selected:
Қорынттықт. 2-хат 11: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: