Қорынттықт. 2-хат 10
10
Пауылдың өзінің елшілік беделін қорғауы
1«Қасымызда жүргенде момын, ал алыста жүргенде батыл» деп келекеленген мен — Пауыл#10:1 Осы соңғы төрт тарауда елші Қорынттағы қалған қарсыластарының өзі туралы жайған өсектеріне қарсы тағы да мықтап тойтарыс беріп, елшілік беделін қорғайды (10:7-18; 11:30; 12:3-6; Қор1 2:3-4; 4:10; Жазба туралы мәліметті де қараңыз). Мәсіхтің ілтипаттылығы мен төзімділігін естеріңе сала отырып мынаны өтініп сұраймын: 2сендерге барған кезімде қатаң батылдықты қолдануға мені мәжбүр етпеңдер! Соны бізді күнәкарлар сияқты іс-әрекет жасайды деп ойлайтын#10:2 Яки: Соны мені ескі күнәкар болмысыма сай өмір сүреді деп болжайтын. (Елші өзі туралы айтқанда жиі «біз» сөзін қолданады. Сол заманда тәкаппар болып көрінбеу үшін осылай істелетін.) кейбіреулеріңе қарсы қолданатын ниетім бар. 3Біз осы күнәкар дүниеде өмір сүргенмен, оның салты бойынша күреспейміз:#10:3 Яки: Мен кәдімгі адамдардай тәндік өмір сүргенмен, олар сияқты (немесе: күнәкар болмысым бойынша) күреспеймін. 4қолданып жүрген қаруларымыз осы дүниелік емес, оларда Құдайдың құдіреті бар.#10:4 Еф 6:11-13. Солармен жау бекіністерін талқандаймыз; оның дәлелдемелерінің қате екенін әшкерелеп, 5адамдардың Құдайды тануларына бөгет болатын тәкаппарлық атаулыны құртып, күллі ой-пікірлерін Мәсіхке бағындырамыз. 6Осылай өздерің Оған толық мойынсұнғаннан кейін (араларыңдағы қиқарлардың) бүкіл бағынбаушылықтарын жазалауға дайын боламыз.
7Сендер тек жайттың сыртқы көрінісіне ғана назар аударып келесіңдер.#10:7 Яки: Кісілердің бет-жүзіне қарайсыңдар ма? Өзін Мәсіхтікімін деп иланған әркім қайтадан ойлансын: ол сияқты біз де Мәсіхтікіміз. 8Иеміз бізге сендерге зиян келтіру үшін емес, сенімдеріңді нығайту үшін билік берген болатын. Сол билігіммен емін-еркін мақтансам да, ұятқа қалмас едім. 9Бірақ сендерді хаттарыммен қорқытқым келмейді, солай болып көрінбесін! 10Кейбіреулерің мені «хаттары қатаң да күшті, ал жүзбе-жүз кездескенде өзі де әлсіз, сөзі де мәнсіз» дейді екенсіңдер. 11Ондайлар біздің сендерге алыстан хатта жазғандарымыз бен қастарыңда жүргенде істейтіндеріміздің бірдей болатынын білсін!
12Сондай мақтаншақтармен өзімізді теңестіруге не салыстыруға біздің дәтіміз, әрине, бармайды: олар өздерін өзіндік үлгілерімен бағалап, өздерін өздерімен ғана салыстырады. Қандай ақымақтық! 13Ал біз шексіз мақтанбаймыз. Керісінше, өзімізге Құдай белгілеген қызмет ауқымында қаламыз. Бұл сендерді де қамтиды, 14сондықтан да өз ауқымымыздың шегінен тыс шықпаймыз. Егер де сендерге бұрын еш бармаған болсақ, солай болар еді. Алайда Мәсіхтің Ізгі хабарын сендерге алғаш рет біз жеткіздік емес пе?! 15Сонымен басқалардың еңбектерімен мақтанатындай тиімсіз іс жасамаймыз. Қайта, сендердің сенімдеріңнің өсуі арқылы араларыңдағы қызмет ауқымымыз әлі де молынан кеңейе түседі деп күтеміз. 16Осылай біз Ізгі хабарды сендерден тыс, өзге жерлерде де уағыздай алып, басқаның ауқымында атқарылған дайын істер үшін мақтанбайтын боламыз. 17«Кім мақтанғысы келсе, тек Жаратқан Иемен мақтансын!» деп Пайғамбарлар жазбаларында айтылған ғой.#10:17 Ерм 9:24. 18Ендеше өзін-өзі мақтаған емес, тек Иеміз мақтаған ғана шынымен қадірленуге лайық.
Currently Selected:
Қорынттықт. 2-хат 10: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: