YouVersion Logo
Search Icon

Римдіктерге хат 14

14
Түрлі көзқарастағы қауым мүшелерінің ынтымақтастығы
1Сенімі әлсіз#14:1 Яки: Сенушінің рухани еркіндігін әлі де жеткілікті түсінбеген (15:1; Ғал 5:1). бауырластарды олардың ой-пікірлері жөнінде таласпай, қауымдарыңда қабыл алыңдар! 2Мысалы, біреу «маған тамақтың бәрін де жеуге болады» деп сенсе, соған күмәнданатын басқа біреу көкөніс қана жейді.#14:2 Көптеген яһуди сенушілері діни ережелерге сай сойылмаған етті жеуден бас тартатын. 3Ет жейтін бауырлас одан бас тартқанды менсінбей жүрмесін. Ал еттен бас тартқан бауырлас оны жейтінді айыптамасын, өйткені Құдай соны да қабылдады. 4Басқа Біреудің қызметшісін айыптауға қандай қақың бар?! Қызметшісін ақтау не айыптау — Иесінің ісі. Бауырласың ақталады әрі теріс жолға түсуден сақталады, себебі оны сенім жолында ұстауға Тәңір Иеміздің құдіреті жеткілікті.#14:4 Жақ 4:12.
5Кейбіреулер бір күнді басқасынан қасиеттірек, ал өзгелері күндердің бәрін бірдей қасиетті деп санайды. Әрқайсысы осы мәселелер жайында күмәні болмау үшін олардың дұрыстығын ойлап, бір нақты шешімге келуі керек.#14:5 Немесе: Кейбіреулер Құдайға қауым болып сиынуға бір күн басқасынан гөрі лайықтырақ деп есептейді. Әркім өзінің санасымен көз жеткізгеніне сай әрекеттенсін. 6Бір күнді екіншісінен қасиеттірек көретін кісі оны Иеміз үшін істейді, ал күндерді бірдей көретіннің ниеті де солай. Ет жейтін де мұнысын Иемізді құрметтеу үшін істейді, ол жеген тамағы үшін Құдайға шүкірлік етеді ғой. Одан бас тартқан да солай, ол да Құдайға шүкірлік етеді.
7Ешқайсымыз тек өзіміз үшін ғана өмір сүрмейміз де, өлмейміз де.#14:7 (8:38-39; Қор2 5:15; Ғал 2:20; Флп 1:20-22) Яки: Ешқайсымызға не өз қамымызды ғана ойлап өмір сүруге, не қиыншылықтардан қорқып өлуге шешім қабылдауға болмайды. 8Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз.
9Мәсіх бәрінің де: өлгендер мен тірілердің Иесі болуы үшін жанын құрбан етіп, қайта тірілді. 10Олай болса, мұндай ережелерді#14:10 14:2,5. орындамайтын бауырласыңды айыптауға қандай қақың бар? Немесе оларды орындап жүрген бауырласыңа менсінбей қарауға қандай қақың бар? Бәріміз де Құдайдың қиямет сотының алдында тұрып,#14:10 Яки: Құдайдың төрелік тағының алдында тұрып. (Сонда Иеміздің біздің істегендерімізді құптап не құптамауын еститін боламыз: 14:12; Қор2 5:10; Қор1 3:10-15.) әшкереленетін боламыз. 11(Ишая пайғамбардың жазбасында) мынадай сөздер жазылған: Мәңгі тірі Жаратқан Ие былай дейді: Менің алдымда әрбір адам тізе бүгіп, тіл біткен әр пенде Құдай екенімді мойындайтын болады деп өз атыммен ант етемін.#14:11 Иш 45:23-24. 12Демек, әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз.
Бауырласыңның адасуына себепші болма!
13Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар! 14Мен Иеміз Исамен байланысқандықтан мынаған кәміл сенемін: ешқандай тамақ#14:14 (Мар 7:15; 18-20; Тім1 4:3-5; Тит 1:14-15) Немесе: еш нәрсе. өзінен-өзі арам емес. Алайда біреу қайсыбір тағамды арам деп санаса, онда ол сол кісі үшін арам.#14:14 Сондықтан оның бауырластары бұл кісінің сеніміне қайшы келетін әрекетке себепші болмаулары керек (Қор1 8:4-13). 15Ал егер сенің ондай тамақты жеуің бауырласыңның ар-ұжданы мен сеніміне нұқсан келтірсе,#14:15 Немесе: бауырласыңды ренжітсе. бұл ісің сүйіспеншілікке жатпайды. Тамаққа бола бауырласыңды теріс жолға түсірме! Мәсіх өз жанын сол бауырласың үшін де құрбан етті. 16Істеріңе бола жұрттың Ізгі хабарды ғайбаттауына жол бермеңдер!#14:16 Немесе: Жақсы істерің ғайбаттанбасын! (Өздерің жақсы деп санайтын істеріңе бола бауырластарың күнә жасап, басқалардың ғайбат сөз айтуына түрткі болмасын!)
17Құдайдың Патшалығы ішіп-жеуде#14:17 Немесе: нені ішіп-жеуге болатындығы туралы ережелерде. емес, Киелі Рухтың күшімен әділ, өзара тату, қуанышты өмір сүруде. 18Мәсіхке осылай қызмет еткендер Құдайға ұнамды, адамдарға қадірлі болады.
19Ендеше өзара тату жүріп, бір-біріміздің рухани өсуімізге көмектесетіннің барлығына жан-тәнімізбен ұмтылайық! 20Жейтін тамаққа бола бауырластардың өміріндегі Құдайдың ісін бұзба! Әрине, тамақтың бәрі де адал,#14:20 14:2,14; Елш 10:15. бірақ біреудің кейбір тағамды ішіп-жеуі басқа сенушілердің өз ар-ұждандарына қайшы іс істеулеріне түрткі болуы дұрыс емес! 21Егер ет жеу, шарап ішу немесе басқа нәрсе істеу бауырласыңның сенім жолынан тайып, азғындыққа елігіп, рухани әлсіреуіне себеп болса, ондай нәрселерден бас тартқаның жөн.#14:21 14:15,20; Қор1 8:9-12; 10:32-33.
22Осы мәселе жайында ұстанған сенімің жеке өзің мен Құдай арасында болсын.#14:22 Немесе: Күшті сенімің болса, ол Құдай алдында өз ішіңде болсын (14:5; Жох1 3:21). Өзінің дұрыс деп таңдағанын істегенде ар-ұжданы айыптамайтын адам бақытты! 23Ал бір тамақты жеп отырып, «мұным дұрыс емес пе» деп күмәнданған адам айыпталады. Себебі ол соны сеніммен істеген жоқ. Адамның дұрыс екендігіне күмәні бола тұра істеген істерінің бәрі де күнә.
24 # 14:24 Ескерту: көптеген шетел тілдеріндегі аудармаларда 24-26 аяттар 16:23-тен кейін беріледі. Менің Иса Мәсіх туралы уағыздаған Ізгі хабарыма деген сенімдеріңді нығайтуға Құдай құдіретті. Бұл Ізгі хабар ерте заманнан бері құпия болып келгенмен, 25қазіргі уақытта ашылып жатыр. Осы хабар мәңгілік Құдайдың бұйрығы бойынша Пайғамбарлар жазбаларының уағыздалуы арқылы барлық халықтарға жариялануда.#14:25 1:2; 3:21; 15:4; Елш 8:32-35; 10:43; 26:22-23. Мұндағы мақсат — олардың Мәсіхке сеніп Оған мойынсұнулары. 26Даналықтың бірден-бір Иесі — Құдай. Оның даңқы Иса Мәсіх арқылы мәңгі арта берсін! Аумин.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in