YouVersion Logo
Search Icon

Руларды санау 7

7
Киелі шатырды Құдайға бағыштағанда ұсынылған тартулар
1Киелі шатырды құрып болған күні Мұса оған және ішіндегі барлық құрал-жабдықтарына, құрбандық үстелі мен оның бұйымдарына май жағу рәсімін орындап, оларды Жаратқан Иеге бағыштап киелі етті. 2Содан соң Исраилдің жетекшілері — санақты жүргізген рубасылар#7:2 1:5-16. өз тартуларын ұсынды. 3Олар Жаратқан Иеге арнаған сый-тартуларын он екі өгізге жегілген, үсті жабық алты арбаға тиеп алып келді. Әрбір жетекшіге бір өгізден, ал әрбір екі жетекшіге бір арбадан келді. Жетекшілер осыларды киелі шатырдың алдына әкеліп ұсынды.
4Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: 5«Алып келгендерін олардан қабылдап ал. Бұл тартуларды кездесу шатырындағы қызметте қолдануға болады. Оларды леуіліктерге атқаратын қызметтеріне қарай үлестіріп бер».
6Содан Мұса арбалар мен өгіздерді қабылдап алып леуіліктерге тапсырды. 7Мұса (кездесу шатырындағы) қызметтеріне сай екі арба мен төрт өгізді Герсонның ұрпақтарына, 8төрт арба мен сегіз өгізді Мераридің ұрпақтарына үлестірді. Олардың барлығы күллі қызметтерін діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың басшылығымен атқарды. 9Ал қахаттықтарға Мұса еш көлік бермеді, себебі олардың қызметі — киелі жиһаздарды өз иықтарымен көтеріп алып жүру болды.
10Құрбандық үстеліне май жағу рәсімі жасалып болғаннан кейін, рубасылар құрбандық үстелін қызметке бағыштау рәсіміне байланысты тартуларын оның алдына алып келе бастады. 11Себебі Жаратқан Ие Мұсаға: «Әр күн сайын бір жетекші құрбандық үстелінің қызметке бағышталуына байланысты өзінің тартуларын ұсынатын болсын», — деп бұйырған болатын.
12Бірінші күні Яһуда руының атынан Әминадап ұлы Нағасон өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 13салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген#7:13 3:47; 7:85. және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 14сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 15түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 16күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 17әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Әминадап ұлы Нағасонның ұсынған сый-тартулары осы болды.
18Екінші күні Исашар руының атынан Суғар ұлы Нетанел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 19салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 20сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 21түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 22күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 23әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Суғар ұлы Нетанелдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
24Үшінші күні Забулон руының атынан Хелон ұлы Елияп өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 25салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 26сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 27түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 28күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 29әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Хелон ұлы Елияптың ұсынған сый-тартулары осы болды.
30Төртінші күні Рубен руының атынан Шедеур ұлы Елисур өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 31салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 32сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 33түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 34күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 35әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Шедеур ұлы Елисурдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
36Бесінші күні Шимон руының атынан Суришадай ұлы Шелумиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 37салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 38сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 39түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 40күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 41әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Суришадай ұлы Шелумиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
42Алтыншы күні Ғад руының атынан Рәгуел ұлы Әлиасаф өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 43салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 44сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 45түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 46күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 47әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Рәгуел ұлы Әлиасафтың ұсынған сый-тартулары осы болды.
48Жетінші күні Ефрем руының атынан Амихуд ұлы Әлишама өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 49салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі шатырдың орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 50сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 51түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 52күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 53әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Амихуд ұлы Әлишаманың ұсынған сый-тартулары осы болды.
54Сегізінші күні Манаса руының атынан Педасур ұлы Гамалиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 55салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 56сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 57түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 58күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 59әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Педасур ұлы Гамалиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
60Тоғызыншы күні Бунямин руының атынан Гидеони ұлы Абидан өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 61салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 62сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 63түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 64күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 65әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Гидеони ұлы Абиданның ұсынған сый-тартулары осы болды.
66Оныншы күні Дан руының атынан Амишадай ұлы Ахиезер өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 67салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 68сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 69түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 70күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 71әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Амишадай ұлы Ахиезердің ұсынған сый-тартулары осы болды.
72Он бірінші күні Ашир руының атынан Охран ұлы Пагиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 73салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 74сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 75түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 76күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 77әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Охран ұлы Пагиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
78Он екінші күні Нафталим руының атынан Енан ұлы Ахира өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: 79салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, 80сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба, 81түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты, 82күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке, 83әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Енан ұлы Ахираның ұсынған сый-тартулары осы болды.
84Сонымен құрбандық үстеліне май жағу рәсімін жасап, оны Жаратқан Иеге бағыштаған кезде Исраилдің рубасыларының ұсынған сый-тартулары мыналар болды: он екі күміс табақ, он екі күміс тостаған, он екі алтын таба. 85Әрбір күміс табақтың салмағы жүз отыз мысқал, күміс тостағанның салмағы жетпіс мысқал болды. Күміс табақтардың жалпы салмағы екі мың төрт жүз мысқалды құрады. Осындағы мысқал киелі орында қолданылатын ресми мысқал бойынша өлшенген. 86Хош иісті зат салуға арналған, шоқ салатын он екі алтын табаның әрқайсысының салмағы ресми өлшем бойынша он мысқалдан болды. Хош иісті зат салуға арналған табалардың жалпы салмағы жүз жиырма мысқал болды.
87Осы рәсімді жасағанда түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынған малдар он екі жас бұқа, он екі қошқар, он екі тоқты болды. Олар тиісті астық тартуларымен бірге ұсынылды. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде он екі теке әкелінді. 88Жаратқан Иемен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандыққа шалынған малдың жалпы саны мүйізді ірі қарадан жиырма төрт жас бұқа, сонымен қатар алпыс қошқар, алпыс теке және алпыс тоқты болды. Құрбандық үстеліне май жағу рәсімі жасалғаннан кейін шалынған құрбандықтар осы болды.
89Мұса Жаратқан Иемен тілдесу үшін кездесу шатырына барып, ішіне кіретін. Сонда ол Келісім сандығының қақпағының үстіңгі жағында орналасқан екі керуб мүсінінің арасынан өзіне арналған дауысты еститін.#7:89 1:1; 12:8; Мыс 25:18-22; 33:9,11; Леу 1:1. Осылай Жаратқан Ие Мұсаға сөзін арнайтын.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in