Руларды санау 4
4
Леуі руының қахаттық тармағының міндеттері
1Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тағы да тіл қатып былай деді: 2«Леуіліктердің қахаттық тармағын әулеттері мен ата-тектері бойынша санақтан өткіз. 3Жасы отыз бен елу арасындағы қызмет етуге жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана.
4Қахаттықтардың кездесу шатырындағы атқаратын қызметі ең қасиетті бөлмеге қатысты. 5Ел қонысы көшуге дайындалғанда, Һарон ұлдарымен бірге ең қасиетті бөлмені ажыратып бөліп тұратын шымылдықты шешіп алып, сонымен Келісім сандығын жабатын болсын. 6Олар соның үстіне борсық#4:6 (Мыс 25:5) Немесе: дельфин. терілерінен жасалған жабын жайып, оның үстіне бір түсті қою күлгін#4:6 Немесе: көгілдір. жапқыш жапсын. Сырықтарды шығыршықтарға кіргізсін.
7Һарон мен оның ұлдары нан тартулары қойылатын үстелге қою күлгін түсті дастарқан жайып, оның үстіне аяқ-табақтар мен табаларды, сұйық тартулар жасауға арналған құмыралар мен тостағандарды қоюлары керек. Сол үстелдің үстінде Жаратқан Иеге бағышталған нан тартулары ұдайы болсын. 8Солардың үстіне ал қызыл түсті жапқыш жайып, борсық терілерінен жасалған жабынмен жауып, сырықтарды орнатсын.
9Мұнан кейін олар қою күлгін түсті жабынды алып, онымен жарық түсіретін шам қойғышты, оның шамдарын, шам өшіргіш қысқаштар мен табақшаларды әрі шамдарға байланысты қызметте қолданылатын зәйтүн майының ыдыстарын да жапсын, 10олар шам қойғышты және оның барлық құрал-жабдықтарын борсық терілеріне орап, зембілге салып қойсын.
11Бұдан соң олар хош иісті заттар түтетілетін алтын үстелдің үстіне қою күлгін жабын жайып, оны борсық терілерінен жасалған жабынмен жауып, үстелге оның арнайы сырықтарын орнатсын.
12Олар киелі орында қызмет етуге арналған басқа құрал-саймандарды да алып, оларды қою күлгін жабынға орап, борсық терісінен жасалған жабынмен жауып, зембілге салып қойсын.
13Мұнан кейін Һарон және оның ұлдары шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді күлден тазартып, оның үстіне күрең қызыл жабын жайсын. 14Олар құрбандық үстелінде жасалатын қызметте қолданылатын құрал-саймандардың бәрін: (шоқ салатын) табаларды, шанышқыларды, қалақтарды, (қан бүркуге арналған) тостағандарды, яғни құрбандық үстелінің барлық құрал-саймандарын, жабынның үстіне қойып, оларды борсық терілерінен жасалған жамылғымен жауып, үстелге оның арнайы сырықтарын орнатсын.
15Исраилдіктердің ел қонысы көшер алдында Һарон және оның ұлдары киелі шатыр мен оның құрал-жабдықтарын жауып болған соң ғана қахаттықтардың жақындап келіп, оларды көтеріп алып жүрулеріне болады. Сол киелі заттардың ешқайсысына қол тигізулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады. Қахаттықтардың кездесу шатырындағы алып жүретін заттары осылар.
16Діни қызметкер Һарон ұлы Елазарға шамдардың майына, түтетілуге арналған хош иісті заттарға, ұдайы ұсынылатын астық тартулары мен май жағу рәсіміне арналған майға қатысты, сондай-ақ, бүкіл киелі орын мен ондағының бәріне: кездесу шатыры мен оның құрал-жабдықтарына қатысты жауапкершілік жүктелген».
17Содан соң Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді: 18«Қахаттық әулеттердің Леуі руының арасынан құрып кетулеріне жол бермеңдер. 19Олар ең киелі нәрселерге жақындап өліп қалмай, тірі қалулары үшін Һарон мен оның ұлдары қахаттықтардың әрқайсысын атқаратын қызметі мен алып жүретін жүгіне қарай тағайындасын. 20Бірақ қахаттықтардың ең қасиетті бөлмеге бір сәтке де кіріп, жиналып жатқан киелі нәрселерді көрулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады».
Леуі руының герсондық тармағының міндеттері
21Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді:
22— Герсонның ұрпақтарын да олардың ата-тектері мен әулеттері бойынша санақтан өткіз. 23Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, киелі шатырдың жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана.
24Герсондықтардың атқаратын жұмыстары мен көтеретін жүктері мынау: 25олар кездесу шатырының шымылдықтарын, жапқыштарымен қоса кездесу шатырының өзін, оның үстіндегі борсық терілерінен жасалған жабынды және кездесу шатырының кіреберісіндегі перделерді көтеріп алып жүруге тиіс. 26Герсондықтар ауланың перделерін, киелі шатыр мен құрбандық үстелінің айналасындағы ауланың кіреберісіне ілінген пердені, арқандарын және құрбандық үстелінде атқарылатын қызметке қажетті құрал-саймандардың барлығын алып жүреді. Сонымен герсондықтар осы нәрселердің бәрін істеуге міндетті. 27Герсондықтар Һарон мен оның ұлдарының өздеріне берген нұсқауымен жұмыс жасауға әрі жүк тасуға тиісті. Һарон мен оның ұлдары герсондықтарға таситын жүктерін мұқият сақтап қадағалауды тапсырсын. 28Герсондықтардың кездесу шатырында атқарар жұмыстары осылар. Олар міндеттерін діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың нұсқауы бойынша атқаратын болады.
Леуі руының мерарилік тармағының міндеттері
29Мераридің ұрпақтарын да ата-тектері мен әулеттері бойынша санақтан өткіз. 30Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана.
31Кездесу шатырына қатысты жұмыс істегенде оларға мынадай міндет жүктеледі: олар шатырдың бөренелерін, көлденең сырықтарын, бағаналарын, күміс тағандарын, 32ауланы айнала орналасқан бағаналарды, тағандарын, арқандарын, олардың барлық құрал-саймандары мен солардың қызметіне қатыстының бәрін алып жүруге міндетті. Қай затты кімнің алып жүруге тиіс екендігін аттарымен атап тағайындау керек. 33Діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың нұсқауымен Мераридің ұрпақтары кездесу шатырында атқаруға тиісті жұмыстар, міне, осылар.
Леуі руы тармақтарының санағы
34Содан соң Мұса, Һарон және Исраил қауымының жетекшілері Қахаттың ұрпақтарын өз әулеттері мен ата-тектері бойынша санақтан өткізді. 35Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілері есептелгенде, 36олардың жалпы саны екі мың жеті жүз елу болып шықты. 37Бұл — кездесу шатырында жұмыс істейтін қахаттықтардың өз әулеттері бойынша санағы. Мұса мен Һарон санақты Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай өткізді.
38Герсонның ұрпақтары да өз әулеттері мен ата-тектері бойынша санақтан өткізілді. 39Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілері есептелгенде, 40олардың жалпы саны екі мың алты жүз отыз болып шықты. 41Бұл — кездесу шатырында жұмыс істейтін герсондықтардың өз әулеттері бойынша санағы. Мұса мен Һарон санақты Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай өткізді.
42Мераридің ұрпақтары да өз әулеттері мен ата-тектері бойынша санақтан өткізілді. 43Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілері есептелгенде, 44олардың жалпы саны үш мың екі жүз болып шықты. 45Бұл — кездесу шатырында жұмыс істейтін мерариліктердің өз әулеттері бойынша санағы. Мұса мен Һарон санақты Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай өткізді.
46Осылай Мұса, Һарон және Исраилдің жетекшілері барлық леуіліктерді әулеттері мен ата-тектері бойынша санақтан өткізді. 47Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқарып, оның жүгін көтере алатын еркек кіндікті леуіліктердің ұзын саны 48сегіз мың бес жүз сексен болып шықты. 49Жаратқан Иенің әмірімен олардың әрқайсысына Мұса арқылы істейтін жұмысы мен көтеруге тиіс жүгі тағайындалды. Осылайша олар Жаратқан Иенің Мұсаға берген нұсқауына сәйкес түгенделіп санақтан өтті.
Currently Selected:
Руларды санау 4: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: