YouVersion Logo
Search Icon

Руларды санау 21

21
Шабуылдаған Арад патшасының жеңілуі
1Негев өлкесіндегі#21:1 Яки: Қанаханның оңтүстік өлкесіндегі. Арад қаласының қанахандық патшасы Исраил халқының Атарим жолымен#21:1 Яки: барлаушылар жүрген жолмен (13:17-26). келе жатқанын естіп, оларды шабуылдап, біразын тұтқындады. 2Сонда исраилдіктер Жаратқан Иеге: «Егер осы халықты біздің қолымызға тапсырсаң, онда біз олардың қалаларын Өзіңе бағыштап, толығымен құртатын боламыз», — деген ант берді. 3Жаратқан Ие исраилдіктердің өтініштеріне құлақ салып, қанахандықтарды олардың қолдарына тапсырды. Исраилдіктер солардың өздері мен қалаларын Құдайға бағыштап, толығымен құртты. Содан осы жер Хорма (Құрту)#21:3 (14:45; Мыс 22:20; Заң 7:2) Немесе: (Жаратқан Иеге) бағыштау. деп аталып кетті.
Бағанаға бекітілген мыс жылан
4Һор тауынан исраилдіктер Едом елін сырт айналып өтпек болып, Қамысты теңізге#21:4 Мұндағы мағынасы: Қызыл теңіздің Ақаба шығанағына (Мыс 10:19). қарай бет алды. Жолшыбай халықтың шыдамы таусылып, 5Құдайға және Мұсаға қарсы сөйлеп: «Бізді не үшін Мысырдан алып шықтыңдар? Мына иен далада қырылуымыз үшін бе? Жейтін нан, ішетін суымыз жоқ! Әлгі жеп жүрген жиренішті тамағымыздан әбден мезі болдық!» — деді.
6Сонда Жаратқан Ие халық арасына отқа ұқсаған улы жыландар#21:6 Немесе: от (іспетті) жыландар. (Олардың көрінісі немесе шаққан орны отқа ұқсаған болса керек.) жіберіп, солар Исраил халқының арасынан көптеген адамды шағып өлтірді. 7Халық Мұсаның алдына келіп: «Біз Жаратқан Иеге және өзіңізге қарсы сөйлеп күнә жасадық. Мына жыландарды бізден аластата көрсін деп Жаратқан Иеге біз үшін өтініш жасап сиыныңызшы!» — деп жалынды. Содан Мұса халық үшін өтініп сиынды.
8Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Отқа ұқсаған улы жыланның мүсінін жасап ал да, оны белгі беретін бағананың басына бекітіп, жоғары көтеріп қой! Жылан шаққан әркім соған қараса, тірі қалады».
9Сонымен Мұса мыстан#21:9 Немесе: қоладан (16:39; 31:23). жылан мүсінін жасап, оны бағананың басына бекітіп, жоғары көтеріп қойды. Жылан шағып алған әркім мыс жыланға қарағанда, тірі қалып отырды.
Халықтың Моаб елін айналып өтуі
10Исраилдің үрім-бұтағы әрі қарай жылжып, Оботқа жетіп, сонда қостарын тікті. 11Олар Оботтан шығып, Моаб елінің шығысындағы елсіз даладағы Ие-Абаримге көшіп барып, сонда аялдады. 12Бұл жерден олар Зәред аңғарына барып, сонда қостарын тікті. 13Халық сол жерден иен даладағы Арнонның арғы жағына өтіп, сонда тоқтады. Арнон — аморлықтардың аймағынан бері ағатын өзен, ол Моаб елін аморлықтардың аймағынан бөліп тұратын шекарасы еді. 14Сол себепті «Жаратқан Иенің шайқастары» деген кітапта былай деп жазылған: «Суфаның маңайындағы Уахеп қаласы және Арнон өзені мен 15оның Ар деген елді мекенге қарай созылып жатқан сайлары Моаб шекарасының бойында орналасқан».
16Сол жерден исраилдіктер Бегерге көшіп барды. Жаратқан Ие сондағы құдық туралы Мұсаға: «Халықты жина, Мен оларға су беремін», — деді.
17Сол кезде Исраил халқы мына әнді шырқады:
«Уа, құдық, суыңды сарқырата бер,
Құдық жайында айтыңдар әндер!
18Оны ойып қазды билеушілер,
Халықтың озаттары, жетекшілер,
Қолдарында асатаяқ пен сүңгілер».
Елсіз даладан халық Матанаға, 19содан Нахалиелге және Бамотқа көшіп-қонды. 20Бамоттан олар Моаб еліндегі алқапқа көшіп барды. Сол маңайдағы Писга тауы құлазыған далаға тіреліп тұр.
Шабуылдаған Сихон патшаның жеңілуі
21Мұнан кейін Исраил халқы елшілері арқылы аморлықтардың патшасы Сихонға мынадай сәлем жіберді: 22«Жеріңізден өтуімізге рұқсат етсеңіз екен. Не егістіктеріңізге, не жүзімдіктеріңізге бұрылмаймыз, құдықтарыңыздан су да ішпейміз. Тек Патшаның үлкен жолымен ғана жеріңізден өтіп шығамыз».#21:22 20:17.
23Бірақ Сихон Исраилге өз жері арқылы жүріп өтуге рұқсат бермей, бүкіл жасағын жинап, Исраилге қарсы елсіз далаға аттанды. Яхас деген жерге жетіп, исраилдіктермен шайқасты. 24Исраилдіктер Сихонның жасағын семсердің жүзімен қырып-жойып, Арнон өзенінен Ябок өзеніне дейінгі аралықтағы оның жерін иемденіп алды. (Ябоктың арғы жағындағы) аммондықтардың шекарасы бекіністі болғандықтан, олар тек соған дейін барды. 25Исраил халқы аморлықтардың барлық қалаларын да қолға түсіріп, соларды, әсіресе, Хешебон мен оған қарасты елді мекендеріне қоныстанып алды. 26Себебі Хешебон аморлықтардың патшасы Сихонның тұрған қаласы болатын. Ол Моабтың бұрынғы патшасына шабуыл жасап, оның Арнонға дейінгі бүкіл жерін тартып алған еді. 27Сондықтан жыраулар ол туралы мынадай нақыл айтқан:
«Келіңдер Хешебонға, Сихонның қаласына,
Қайта салынып, бекітілсін астана!
28Себебі Хешебоннан от жалыны шықты,
Сихонның қаласынан алау лап етті,
Моабтың Ар қаласын жалмап қойды,
Арнон қыраттарының иелерін қырды.
29Уа, Моаб халқы, қасірет саған!
Хамосқа#21:29 Хамос, яки Хемош: ежелгі моабтықтар табынған жалған тәңір (25:3; Пат3 11:33; Ерм 48:7,13). табынған халық қырылған.
Хамос өз «ұлдарын» қашуға қалдырды,
«Қыздарын» Амор патшасы Сихонға олжалатты,
30Ал біз оларды жебе атып талқандадық,
Дибонға дейінгі Хешебон елін құрттық,
Медеба мен Нофаға дейін ойран салдық!»
31Осылайша исраилдіктер аморлықтардың жеріне қоныстанып алды. 32Кейін Мұса Жазер қаласына барлаушылар жіберді. Исраил жасағы оған қарасты елді мекендерді басып алып, сондағы аморлықтардың жерін де иемденді.
Шабуылдаған Ог патшаның жеңілуі
33Бұдан кейін исраилдіктер бұрылып, Башан аймағына баратын жолмен жоғары қарай өрледі. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп олармен шайқасуға Едірейге аттанды. 34Ал Жаратқан Ие Мұсаға: «Одан қорықпа! Себебі Мен оның өзін, бүкіл жасағы мен елін сенің қолыңа тапсырып отырмын. Аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихонға не істеген болсаң, оған да дәл соны істе!» — деді.
35Сонымен исраилдіктер Ог патшаны, оның ұлдарын және бүкіл жасағын бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастап, жерлерін иемденіп алды.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Руларды санау 21