Руларды санау 1
1
Исраилдің руларын алғаш рет санау
1Исраилдіктер Мысыр елінен шыққаннан кейінгі екінші жылдың екінші айының бірінші күні#1:1 Яғни көктемнің ортасында. (Жылдың басы наурыз айының ортасына келетін: Мыс 12:2.) Жаратқан Ие Синай атты елсіз далада#1:1 10:11-12; Мыс 19:1; Леу 27:34. тігілген кездесу шатырында#1:1 Яғни халықтың өкілдері Жаратқан Иемен кездесуге арналған киелі шатырда (2:2; Мыс 25:22; Леу 1:1). Мұсаға тіл қатып былай деді:
2— Әрбір ер адамның атын жеке-жеке тіркеу арқылы Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымын өз рулары мен әулеттері бойынша санақтан өткізіңдер! 3Шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан исраилдіктерді жасақ топтарына сай Һарон екеуің түгендеп санап шығыңдар. 4Сендерге әрбір рудан бір-бір адамнан көмектессін. Олардың әрқайсысы өз руының басшысы болсын.#1:4 1:16; 2:5-29. 5Сендерге көмектесетін адамдардың аты-жөндері мыналар:
Рубеннен Шедеур ұлы Елисур,
6Шимоннан Суришадай ұлы Шелумиел,
7Яһудадан Әминадап ұлы Нағасон,
8Исашардан Суғар ұлы Нетанел,
9Забулоннан Хелон ұлы Елияп,
10Жүсіптің ұлдарынан:
Ефремнен Амихуд ұлы Әлишама,
Манасадан Педасур ұлы Гамалиел,
11Буняминнен Гидеони ұлы Абидан,
12Даннан Амишадай ұлы Ахиезер,
13Аширден Охран ұлы Пагиел,
14Ғадтан Рәгуел ұлы Әлиасаф,
15Нафталимнен Енан ұлы Ахира.
16Осылар Исраил қауымынан тағайындалған адамдар; олар өз әулеттері мен руларының жетекшілері әрі мыңбасылары да болатын.
17Мұса мен Һарон аты-жөндерімен белгіленген осы адамдарды шақырып алып, 18олар сол екінші айдың бірінші күні#1:18 1:1. бүкіл жамағатты жинады. Жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдар шыққан ата-тектері, әулеттері мен аты-жөндерін атап санақтан өтті. 19Сонымен Мұса Жаратқан Иенің берген нұсқауына сай Синай атты елсіз далада халықты түгендеп санақтан өткізуді басқарды.
20Исраилдің#1:20 Яғни Жақыптың (Жар 32:28). тұңғыш ұлы Рубеннің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 21Рубен руынан санақтан өткендер саны қырық алты мың бес жүз болып шықты.
22Шимонның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 23Шимон руынан санақтан өткендер саны елу тоғыз мың үш жүз болып шықты.
24Ғадтың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 25Ғад руынан санақтан өткендер саны қырық бес мың алты жүз елу болып шықты.
26Яһуданың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 27Яһуда руынан санақтан өткендер саны жетпіс төрт мың алты жүз болып шықты.
28Исашардың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 29Исашар руынан санақтан өткендер саны елу төрт мың төрт жүз болып шықты.
30Забулонның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 31Забулон руынан санақтан өткендер саны елу жеті мың төрт жүз болып шықты.
32Жүсіп ұлы Ефремнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 33Ефрем руынан санақтан өткендер саны қырық мың бес жүз болып шықты.
34Жүсіп ұлы Манасаның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 35Манаса руынан санақтан өткендер саны отыз екі мың екі жүз болып шықты.
36Буняминнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 37Бунямин руынан санақтан өткендер саны отыз бес мың төрт жүз болып шықты.
38Данның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 39Дан руынан санақтан өткендер саны алпыс екі мың жеті жүз болып шықты.
40Аширдің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 41Ашир руынан санақтан өткендер саны қырық бір мың бес жүз болып шықты.
42Нафталимнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 43Нафталим руынан санақтан өткендер саны елу үш мың төрт жүз болып шықты.
44Міне, Мұса, Һарон және Исраилдің он екі жетекшісі жүргізген санақтың#1:44 1:2-4. нәтижелері осындай. Сол он екі жетекшінің әрқайсысы өзі шыққан руының өкілі болды. 45Исраилдіктердің шыққан ата-тектері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, 46олардың жалпы саны алты жүз үш мың бес жүз елу болды.
47Леуіліктердің әулеттері басқалармен бірге санақтан өткен жоқ. 48Өйткені Жаратқан Ие Мұсаға былай деген болатын: 49Леуі руын түгендеп санама, басқа исраилдіктерді санаған кезде оларды санаққа енгізбе! 50Леуіліктерді Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырда#1:50 1:53; Мыс 31:18; 38:21. қызмет етуге, оның барлық құрал-жабдықтары мен басқа бұйымдарын қарауға тағайында. Леуіліктер киелі шатырды және оның жабдықтарын көтеріп алып жүріп, оларға күтім жасайтын болсын. Олар қостарын киелі шатырдың айналасына тіксін. 51Шатырды көшіру қажет болған кезде леуіліктер оны жинап, қонған кезінде қайтадан тігуге тиіс. Ал егер киелі шатырға олардан басқа біреу жақындайтын болса, сол өлтірілсін.#1:51 3:10; 16:40; 18:22.
52Әрбір исраилдік өз әулетінің қосында, өз тұрағының байрағы астында#1:52 Яки: өз тұрағының жалауы астында (2:2-3). қоныстансын. 53Ал леуіліктер қостарын киелі шатырды айналдыра тіксін. Осылай олар исраилдіктердің қауымын (киелі шатырға абайламай жақындап Құдайдың) қаһарына ілігіп қалудан#1:53 8:19; 16:46. қорғайтын болады. Осылайша леуіліктер Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырды қорып, қызметтерін атқаратын болады.
54Исраилдіктер барлығын да Жаратқан Иенің Мұса арқылы нұсқауларына сай істеді.
Currently Selected:
Руларды санау 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: