YouVersion Logo
Search Icon

Матай 7

7
Басқаны айыптауға асықпай, әркім өз кемшілігіне назар аударсын
1Құдай өздеріңе үкім шығармас үшін сендер басқаларға үкім айтпаңдар! 2Себебі басқаларға қандай үкім айтсаңдар, өздеріңе де сондай үкім шығарылады. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.#7:2 Яки: Өзгелерге қандай өлшемді қолдансаңдар, сендер сол өлшеммен бағаланып, сотталатын боласыңдар (Лұқ 6:37-38).
3Неге бауырыңның көзіндегі жаңқаны#7:3 Яки: тікенді (не сабан талшығын) (Лұқ 6:41). көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың? 4Өз көзіңде бөрене тұрғанда бауырыңа: «Кәне, сенің көзіңнен жаңқаны алып тастайын» деп қалайша айта аласың? 5Әй, екі жүзді! Әуелі өз көзіңнен бөренені алып таста! Бауырыңның көзіндегі жаңқаны содан кейін анық көріп, алып тастарсың.
6Қасиеттілерді иттерге тастамаңдар, інжу-маржандарыңды шошқалар алдына лақтырмаңдар! Әйтпесе олар соларды аяқтарымен таптап, бұрылып келіп, өздеріңді жарып тастамақ.#7:6 Жыр 21:16,21-22; 58:7-8,15-16; Қор1 6:1,6; Ғал 3:2; Аян 22:15.
Сеніммен сұрай беріп, тар қақпадан кіру
7Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар,#7:7 Яки: Құдайдан сұрай беріңдер,.. іздей беріңдер,.. есікті қағып тұрыңдар (Лұқ 11:13; 13:24-25; 18:7-8). сонда ол сендерге ашылады. 8Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қағып тұрғанға есік ашылады.
9Араларыңдағы қандай кісі нан сұраған баласына тас берер еді? 10Не балық сұраса, жылан берер еді? 11Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкелеріңнің Өзінен сұрағандарға жақсылық жасайтыны ешбір шүбәсіз!
12Барлық істе де басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер! Бұл Таурат пен Пайғамбарлар жазбаларының тәліміне сай.
13Тар қақпадан кіріңдер! Тозаққа апаратын қақпа кең, жол да даңғыл. Онымен көп адамдар жүреді. 14Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады.#7:14 Лұқ 13:23-25; 3:7-9; 15:28; 18:22-27; Жох 12:42-43.
Ағаш жемісімен, адам ісімен танылар
15Жалған пайғамбарлардан сақтанып жүріңдер! Олар сендерге қой терісін жамылып келеді, бірақ шынында олар — жыртқыш қасқырлар.#7:15 24:24; Пет2 2:1-3; Езк 22:27; Елш 20:28-30. 16Оларды «жемістерінен» (яғни іс-әрекеттерінен) танисыңдар. «Шомырттан жүзім, ошағаннан өрік жинамас».#7:16 Немесе: Тікенді бұтадан жүзім яки ошағаннан інжір жинай ма? (Лұқ 6:43-45; Жақ 3:11-12) 17Сол секілді, әрбір жақсы ағаш жақсы жеміс, ал жаман ағаш жаман жеміс береді. 18Жақсы ағаш нашар жеміс, нашар ағаш жақсы жеміс бере алмайды ғой. 19Ал жақсы жеміс бермейтін әр ағашты кесіп тастап, отқа жағады. 20Сол сияқты, адамдарды да «жемістерінен» танып білесіңдер.
21Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады. 22Көптеген адамдар қиямет соты күні#7:22 (10:15; Иш 2:9-12,17; Лұқ 10:12) Немесе: сол күні. Маған: «Уа, Тақсыр Ие, Сенің атыңмен біз жұртқа Құдайдың хабарын жеткізбедік пе? Сенің атыңмен жындарды қуып шығарып, көптеген кереметтер жасамап па едік?» — деп жалынатын болады.
23Сонда Мен оларға: «Сендерді ешқашан (өз адамдарым ретінде) таныған емеспін.#7:23 25:12,41; Мыс 32:32; Дан 12:1; Лұқ 10:20; 13:25-27. Әділетсіздік істегендер,#7:23 Яғни сол істерді істеуге еш құқықтарың болмады. Менен аулақ кетіңдер!» — деп ашық айтамын.
Таудағы уағыздың соңы: Берік негіз бен осал негіз
24Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне#7:24 Лұқ 6:47-49; Жар 49:24; Жыр 17:3. қалап салған көреген адамға ұқсас болады. 25Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған.
26Алайда осы айтқандарымды естісе де, орындамаған әркім үйін құм үстіне салған ақымаққа#7:26 Яки: түйсіксіз жанға (25:2; Лұқ 12:20). ұқсайды. 27Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол опырылып құлап қалады.
28Иса сөзін аяқтағанда, халық Оның тәліміне қатты қайран қалды. 29Себебі Иса оларға өздерінің дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан ерекше билігі бар Біреу ретінде тағылым берді.#7:29 Мар 1:22; Лұқ 4:32.

Currently Selected:

Матай 7: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy