YouVersion Logo
Search Icon

Матай 14

14
1Сол уақытта аймақ әкімі Ирод (Антипас)#14:1 Ғалилея мен Перея аймақтарының әкімі (Лұқ 3:1,19-20; 13:31; 23:7-8), қатыгез Ирод І патшаның (2:3,16) ұлы. Иса туралы хабарды естіп, 2нөкерлеріне: «Бұл, шомылдыру рәсімін жасаған Жақия екен. Өлімнен қайта тіріліпті, сол себептен де сондай құдіретті істер жасайды», — деді.
3Бұрынырақ аймақ әкімі Ирод Жақия пайғамбарды тұтқындатып, бұғаулатып, түрмеге жаптырған еді. Ирод мұны туған бауыры Філіптің әйелі Иродияға бола істеді. 4Себебі Жақия Иродқа: «Бауырыңыздан жұбайын тартып алғаныңыз Таурат заңына қайшы!»#14:4 Мыс 20:17; Леу 18:16; 20:21. — деп ескерткен болатын. 5Содан Ирод Жақияны өлтіргісі келді, бірақ оны пайғамбар деп санайтын халықтан қорықты.
6Бірақ Ирод өзінің туған күнін тойлап отырғанда, Иродияның қызы#14:6 Иродияның бұрынғы некесінен (14:4) туған қызы. қонақтардың алдында би билеп, Иродқа қатты ұнап қалды. 7Сондықтан Ирод бойжеткенге не сұраса да сыйлауға уәде берді. 8Қыз шешесінің айтып үйретуі бойынша Иродтан: «Шомылдыру рәсімін жасаған Жақияның басын табаққа салып, маған осында тарту етіңіз», — деп өтінді.
9Патша#14:9 Яғни аймақ әміршісі Ирод (14:1; Мар 6:14). (Сол заманда әміршілер кейде патша деп те аталатын.) еңсесі түсіп қапаланды. Алайда бірге отырған қонақтарының алдында ант бергендіктен, қыздың өтінішін орындауға бұйырды. 10Бір жасақшысын түрмеге жіберіп, Жақияның басын шаптырды. 11Бас табаққа салынып, қызға әкелінді. Қыз оны шешесіне апарып берді.
12Кейін Жақияның шәкірттері келіп, оның мәйітін алып кетіп, қабірге қойды. Содан Исаға барып, болған жайтты жеткізді.
Мәсіхтің бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы
13Мұны естігеннен кейін Иса оңаша болу үшін қайықпен елсіз бір жерге жөнелді. Ал бұл туралы біліп қалған халық сол маңайдағы қалалардан шығып, жаяу Оның соңынан ілесті. 14Иса қайықтан түскенде, қарақұрым халықты көрді.#14:14 Жох 6:5; Мар 6:34. Оларға жаны ашып, араларындағы ауру адамдарды сауықтырды.
15Кеш түсе шәкірттері Ұстазының қасына келіп:
— Бұл — құлазыған дала, ал күн кеш болып кетті. Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдарға барып, тамақ сатып алсын, — деген ұсыныс жасады. 16Бірақ Иса:
— Кетулері қажет емес, оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттер:
17— Бізде тек бес күлше нан мен екі кепкен балық#14:17 Сол жақтың жұрты тұздалып кептірілген балықты нанға қосып жейтін (7:10). қана бар, — деді. Иса:
18— Соларды Маған алып келіңдер! — деп, 19халыққа көгалдың үстіне жайғасып отыруды бұйырды. Мұнан кейін Иса бес күлше мен екі балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті.#14:19 Яки: көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп, (тамаққа) бата берді (26:26). Нанды үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, ал олар халыққа үлестірді. 20Барлығы да жеп тойды.
Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет#14:20 Яки: тоқыма қорап. толды. 21Ал балалар мен әйелдерді есептемегеннің өзінде тамақтанған ер адамдардың жалпы саны бес мыңдай еді.
Мәсіхтің су бетімен жүріп, Петірдің де солай істеуге тырысуы
22Бұдан кейін Иса дереу шәкірттеріне қайыққа мініп, Өзінен бұрын көлдің солтүстік жағасына өтуге бұйырды. Ал Өзі халықты таратып жібермек болып, сол жерде қалды. 23Ол жұртты қайтарған соң (көктегі Әкесіне) оңашада сиынып мінажат ету#14:23 (Лұқ 6:12; 9:28; Жох 6:15) Яки: ғибадат ету. үшін бір төбенің басына шықты.
Кеш түскенде Иса әлі де сол жерде жалғыз тұрды. 24Ал қайық жағадан бірталай алыстап кеткен болатын. Сол кезде жел қарсы тұрып, толқындар қайықты соққылай бастады.
25Таңғы сағат үш шамасында#14:25 Немесе: Түнгі төртінші күзетте (яки таң атқанда: Мар 13:35; Түсіндірмедегі «Уақытты белгілеу жүйесін» де қараңыз). Иса шәкірттеріне көл бетімен жақындап келді. 26Оның көл үстінде жаяу жүргенін байқап қалып, шәкірттерінің зәрелері ұшып: «Мынау елес!» — деп қатты қорқып, айқайлап жіберді. 27Иса оларға дереу тіл қатып:
— Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды. 28Петір:
— Мырза, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы, — деп жауап берді. Иса:
29— Кел! — дегенде, Петір қайықтан шығып, су үстімен Исаға қарай беттеді. 30Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да:
— Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді. 31Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп:
— Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді. 32Екеуі қайыққа мінгенде жел де басылды. 33Сонда қайықтағылар:
— Сіз шынымен де Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп, Оған иіліп тағзым етті.
Құдайдың еркі және ата-бабалардан жеткен әдет-ғұрып
34Сонымен олар көлден өтіп, Генесәрет қаласының маңындағы жағаға жетті. 35Сол жердің тұрғындары Исаны танып қалып, бүкіл төңірекке кісі жіберіп, барлық ауру-сырқауларын Оның қасына алып келді. 36Олар Исадан ең болмағанда Оның шапанының шетіне қол тигізуге рұқсат етуін сұрады. Сонда қол тигізгендердің бәрі де сауығып кетіп жатты!

Currently Selected:

Матай 14: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy