YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 19

19
Салық жинаушы Зақайдың жаңа өмірге бет алуы
1Иса Иерихонға кіргеннен кейін қаланың ішімен өтіп бара жатты. 2Сол жерде Зақай есімді кісі бар еді. Ол салық жинаушылардың бастығы әрі бай адам болатын. 3Зақай Исаның қандай екенін көргісі-ақ келіп еді. Бірақ қаумалаған халық көрсетпеді, себебі ол аласа бойлы болатын. 4Зақай Исаны көру үшін алға жүгіріп барып, бір тұт ағашына#19:4 Немесе: інжір (яки: сикомор) ағашына (Шеж1 27:28; Амо 7:14). шығып алды. Өйткені Иса сол жолмен өтуге тиіс еді. 5Сол жерге келгенде Иса ағашта отырған Зақайға қарап:
— Зақай, тез төмен түс! Бүгін Мен сенің үйіңде болуым керек, — деді. 6Ол тез төмен түсіп, Исаны қуана қарсы алды.
7Мұны көріп тұрған жұрттың бәрі: «Мынау күнәкардың үйіне қонаққа барды!» — деп күңкілдесе бастады.#19:7 3:12; 5:29-30; 15:1-2.
8Ал Зақай орнынан тұрып, Иемізге:
— Мырза, мал-мүлкімнің жартысын кәріп-қасерлерге үлестіріп бермекпін. Егер біреуді алдап, ақысын жеген болсам, оны төрт есе артығымен қайтаратын боламын, — деді. 9Сонда Иса:
— Бүгін осы үй іші құтқарылды! Бұл адам шын мәнінде Ыбырайым атаның ұрпағынан.#19:9 (3:8; 13:16,28; 16:23) Ежелде Құдай Ыбырайым пайғамбардың ұрпағын ерекше жарылқауға уәде берген еді (1:72-75; Жар 22:17). 10Өйткені Мен тура жолдан адасып кеткендерді іздеп, құтқаруға келдім,#19:10 Немесе: Өйткені Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы») адасқандарды іздеп, құтқаруға келді. — деп жауап берді.
Аманат етілген зор байлық
11Халық тыңдап отырғанда Иса бір астарлы әңгімені қоса айтып берді. Себебі Өзі Иерусалимге жақындап қалғандықтан, олар: «Жуырда Құдай өз Патшалығын жерде орнатады»#19:11 Яки: «Жуырда Құдай адамдарға Өзінің ізгі Билігін жүргізе бастайды» (11:2; 19:37; Мат 4:17; Елш 1:6). деп ойлады. 12Сондықтан Иса былай деді: «Бір ақсүйек өз елінің патшалығына тағайындалуы үшін алыс жерге барып, келмекші болыпты. Ол сапарға шықпастан бұрын 13қол астындағы қызметшілерінің онын шақырып алады. Әрқайсысына бір-бір қадақ күміс#19:13 Түпнұсқада: «мина». (Құны — жай жұмысшының жүз күндік жалақысы.) үлестіріп беріп:
— Мен қайтып келгенше осы қаржымен жұмыс істеңдер!#19:13 Яки: осы қаржыларыммен сауда жасап, оларды айналымға жіберіңдер! (19:23) — деп тапсырады. 14Ал өз елінің азаматтары сол ақсүйекті жек көреді екен. Сондықтан артынан өкілдерін жіберіп: «Оның бізге патша болуын қаламаймыз», — деген арыздарын жөнелтеді.
15Бірақ әлгі кісі патшалыққа тағайындалады да, еліне қайта оралады. Содан ол күміс берген қызметшілерінің қайсысы қанша табыс тапқанын білу үшін оларды өзіне шақыртады.#19:15 Демек, Мәсіх көктен қайтып келген соң, Өзіне сенетіндерден: «Аманатталған рухани дарындарыңды қалай қолдандыңдар?» деп есеп алмақ (Мат 25:14-30; Жох 15:16; Қор1 3:13-15; Қор2 5:10). 16Сонда біріншісі келіп:
— Тақсыр, сіздің бір қадақ күмісіңіз он қадақ табыс келтірді, — деп есеп береді. 17Патша оны мақтап:
— Жарайсың, жақсы қызметшім! Кішкене істе сенімді болдың, енді он қаланың үстінен билеуші бол, — дейді. 18Екіншісі келіп:
— Сіздің бір қадақ күмісіңіз бес қадақ табыс келтірді, — деп есеп бергенде, 19патша:
— Ендеше сен бес қаланың билеушісі бол, — деп бұйырады.
20Ал үшіншісі келіп, былай дейді:
— Тақсыр, мінеки, сіздің қадағыңыз. Оны орамалға түйіп сақтап қойдым. 21Сізден қорықтым, өйткені қатал адамсыз: өзіңіз салмаған қаржыны иемденіп, екпеген өнімді орасыз. — 22Патша оған:
— Әй, зұлым қызметші!#19:22 (Мат 18:32; 25:26) Яки: оңбаған (жарамсыз) қызметші. Сені өз аузыңнан шыққан сөздеріңмен үкімдеймін! Менің салмаған қаржыны иемденіп, екпеген өнімді оратын қатал адам екенімді білдің ғой? 23Олай болса, неге күмісімді айналымға жібермедің?#19:23 Яки: неге күмісімді ақша айырбастаушыларға қарызға бермедің? Сонда мен қайтып келгенде оны өсімімен қайтарып алатын едім, — деп жауап береді. 24Патша қасындағы нөкерлеріне:
— Мынадан қадағын алып, он қадақ табыс түсіргенге тапсырыңдар! — деп бұйырады. 25Олар:
— Тақсыр, соның өзінің де он қадағы бар ғой! — дейді. Патша:
26— Сендерге айтамын: кімде біраз бар болса, соған тағы беріледі. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады.#19:26 8:18; Мат 13:12; 25:29; Мар 4:25. 27Ал мені өздеріне патша қылуды қаламаған жауларым болса, оларды осында алып келіп, көз алдымда құртыңдар!#19:27 19:14; 20:13-19. — дейді».
Мәсіхтің салтанатпен Иерусалимге кіруі
28Иса осыны айтып болған соң, шәкірттерін ертіп Иерусалим қаласына бет алып өрлеп жүріп кетті. 29Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания ауылдарына жақындағанда, Иса шәкірттерінің екеуін жұмсап, 30оларға мынадай тапсырма берді:
— Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған, әлі ешкім мінбеген бір тайқар есекті көресіңдер. Соны шешіп, алып келіңдер! 31Егер біреу сендерден: «Бұны неге шешесіңдер?» деп сұрай қалса, оған: «Ол Мырзамызға керек» деп жауап беріңдер!
32Жұмсаған екі шәкірті барып, Исаның айтқанын тауып алды. 33Олар жас есектің шылбырын шешіп жатқанда, оның қожайындары:
— Тайқарды неге шешесіңдер? — деді. 34Шәкірттер:
— Ол Мырзамызға керек, — деп жауап берді. 35Олар жас есекті алып келіп, үстіне шапандарын жапқаннан кейін оған Исаны мінгізді.
36Иса ілгерілеген сайын кісілер жамылғыларын жолға жайып отырды.#19:36 Бұл салтпен халық Исаны Құдай жіберген Құтқарушы Патша — Мәсіх деп құрметтеп қарсы алды (3:4-6). 37Осылай Иса жолдың Зәйтүн тауынан төмен түсетін жеріне жақындап қалды. Сонда күллі шәкірттері өздері көрген барлық құдіретті істері үшін зор қуанышпен қатты дауыстап Құдайды мадақтай бастады:
38«Жаратқан Иенің атынан
Келе жатқан Патша жарылқанған!»#19:38 Осындай сөздермен ежелде діни қызметкерлер Исраил халқының жеңімпаз патшаларын Иерусалимге қайта оралғанда қарсы алатын (Жыр 117:26).
«Көкте амандық пен тыныштық,
Заңғар аспанда Құдай мадақталсын!»#19:38 2:14; Жыр 148:1.
39Халық арасынан кейбір парызшылдар Исаға:
— Ұстаз, шәкірттеріңізге тыйым салыңыз! — деп наразылық білдірді.#19:39 18:9-14; 23:2-3; Мат 21:15-16; Жох 11:47-48; 12:10,19. 40Ал Иса:
— Сендерге шын айтамын: егер олар үндемесе, онда тастар айқай салар еді,#19:40 (3:8; 13:34-35; 19:43-44; 21:5-6; Абқ 2:11) Біраздан кейін, б.з. 70 ж., Иерусалим талқандалып, тастары шашылып, «айқайлап қайғырды» (19:44; 22:5-6). — деп жауап қайырды.
Иерусалимнің қиратылатынын алдын ала білдіру
41Иса Иерусалим қаласына жақындап қалған кезде оған қарап көзіне жас алып былай деді:
42— Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің құтқара алатынын білсең ғой шіркін!#19:42 Яки: өзіңе ненің тыныштық әкелетінді білсең ғой шіркін! (19:44; Иш 48:18; Езк 18:30-32; 33:11) Бірақ қазір мұны ұға алмайсың.#19:42 Яки: қазір бұл көзіңнен таса. (Қала Құдайға мойынсұнбағандықтан рухани соқыр болып қалған еді.) 43Жауларың саған қарсы бекіністер құрып, қоршап, жан-жақтан қыспақтайтын күндер басыңа туады. 44Олар сені қиратып, тұрғындарыңды өлтіреді де, күл-талқаныңды шығарып, жермен-жексен етеді.#19:44 Яки: күл-талқаныңды шығарып, қаланған бірде-бір тасыңды қалдырмайды (Мат 24:2; Мар 13:2). Себебі Құдайдың өзіңді құтқаруға келген кезін түсінбедің.
Мәсіхтің ғибадатхананы саудадан тазартуы, ал екі жүзді ел басшыларының Оған өшігуі
45Содан кейін Иса ғибадатхана ауласына#19:45 Яки: (Құдайға бағышталған) ғибадатханаға. кіріп, ондағы сатушыларды қуып шығара бастады. Оларға: 46«Киелі жазбаларда: «Менің (киелі) үйім мінажат ететін үй болады!» делінген. Бірақ сендер оны «қарақшылар ордасына» айналдырғансыңдар!»#19:46 Иш 56:7; Ерм 7:12; Мат 21:12-дегі түсініктемені қ; Мар 11:17. — деп қатаң ескертті.
47Иса күн сайын ғибадатханада халыққа тәлім беріп жүрді. Басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар Оның көзін құртудың жолын іздеді,#19:47 20:19; Жох 7:19; Жох 11:53-57. 48бірақ бұл мақсатты орындаудың ретін таба алмады. Себебі жұрттың бәрі Исаның қасынан кетпей, Оның сөздерін тыңдайтын.

Currently Selected:

Лұқа 19: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy