YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 10

10
Мәсіх Исаның халыққа жетпіс хабаршысын жіберуі
1Содан кейін Иеміз Иса тағы басқа жетпіс шәкіртін таңдап алып, оларды Өзі баратын барлық қалалар мен ауылдарға Өзінен бұрын екі-екіден жіберді. Иеміз шәкірттеріне былай деп тапсырма берді:
2— Оратын егін көп, бірақ жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтініңдер!#10:2 Мат 10:37-38; 28:18-20; Жох 4:35. 3Ендеше барыңдар! Естеріңде болсын: Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қозылар сияқты жіберіп отырмын. 4Ақша салатын қалта, жолдорба, артық аяқкиім алмаңдар. Жолда біреуге сәлем береміз деп кідіріп те қалмаңдар.
5Бір үйге кіргенде әуелі: «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын!»#10:5 Яки: «Ассалаумағалайкүм!» деп бата беріңдер. 6Егер онда амандық пен тыныштықты қабылдауға дайын кісі#10:6 Немесе: тыныштықты жақтайтын (бейбітшіл) кісі (Жыр 36:37; 119:7). болса, берген баталарың соған қонады, әйтпесе өздеріңе қайтып келеді. 7Сол үйде тұрып, олардың берген тамағын ішіп-жеңдер. Себебі еңбек еткен ақысын алуға лайық. Үйден-үйге көшіп жүрмеңдер!#10:7 Шәкірттер Құдайға сеніп, аралап жүрген жерлеріндегі халықтың көмегімен күн көретін болды (9:4).
8Барған қалаларыңның тұрғындары сендерді қабылдаса, берген тамақты ішіп, 9ондағы ауруларды сауықтырыңдар. Кісілерге: «Құдайдың Патшалығының араларыңда орнайтын кезі таяп қалды!»#10:9 11:2; 17:20-21; Мар 1:15. деп білдіріңдер.
10Ал егер сендер барған бір қаланың тұрғындары өздеріңді қабылдамаса, жолға шығып, былай деңдер: 11«Сендерге ескерту болсын деп қалаларыңнан аяғымызға жұққан шаң-тозаңды қағып тастап кетеміз. Алайда Құдайдың Патшалығының таяп қалғанын біліңдер!» — 12Сендерге шын айтамын: қиямет соты күні сондай қала тұрғындарының тартатын жазасынан тіпті Содом халқының#10:12 Ежелгі Содом қаласының тұрғындары істеген азғындықтарымен танымал болатын (Жар 18:20). жазасы жеңілірек болады!
13Ей, Хоразин қаласы, қасіретке қаласың! Ей, Бетсайда қаласы, сен де қасіретке қаласың! Егер сендерде жасалған кереметтер (шетелдік) Тир мен Сидон қалаларында орын алған болса, олардың халқы әлдеқашан азалы киім киіп, күлге отырып,#10:13 Яки: беттерін тырнап, шаштарын жұлып қайғырып. теріс жолдарынан қайтқан болар еді.#10:13 3:5-6; 9:1-2,6. 14Қиямет сотында Тир мен Сидон елдерінің тартатын жазасы сендердікінен жеңілірек болады! 15Ал, Қапарнаум қаласы, сенің атың мақталып, көкке шығарыла ма? Жоқ, сен түпсіз тұңғиыққа құлайсың!#10:15 Немесе: Ал, Қапарнаум, сен көкке шығарылдың (4:31-32,36,39-41; 5:24-26; 7:1-9). Енді о дүниеге (яки тозаққа) құлайсың!
16Кім сендерді тыңдаса, соның Мені тыңдағаны. Кім сендерді қабылдамаса, оның Мені де қабылдамағаны. Ал кім Мені қабылдамаса, оның Мені Жібергенді де қабылдамағаны.
17Жетпіс хабаршы Исаға қайтып келгенде қуана-қуана:
— Иеміз, Сіздің атыңызды атағанда тіпті жындар да бізге бағынады! — деді. 18Сонда Иса оларға былай деп жауап берді:
— Әзәзіл шайтанның найзағайша көктен құлап түскенін көрдім. 19Естеріңде болсын: Мен сендерге жыландар мен шаяндарды таптап басып, жаудың барлық күшін жеңетін билік бердім.#10:19 Мар 16:18; Елш 28:3-5. Енді сендерге еш нәрсе де зиянын тигізе алмайды. 20Дегенмен жындардың өздеріңе бағынғандығына емес, есімдеріңнің көктегі кітапқа#10:20 Яғни Мәңгілік өмір кітабына (Мыс 32:32; Дан 12:1; Аян 3:5; 20:12; 21:27). тіркелгендігіне қуаныңдар.
21Иса сол кезде Киелі Рухтың қуанышына кенеліп:#10:21 Иш 53:11; 62:5; Елш 13:52; Рим 14:17; Ғал 5:22; Сал1 1:6. «Көк пен жердің Иесі — Әке! Осы жайттарды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды нәресте іспетті қарапайымдарға#10:21 Яки: нәресте іспетті білімсіздерге. (Құдайдың құдіреті мен мәңгілік өмірдің құпияларын адам баласы өз ақыл-парасаты арқылы емес, Құдай сыйласа ғана ұғады: 16:20; 18:16-17; Қор1 1:18-31.) ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін. Иә, Әке, Саған осылай болғаны ұнап тұр», — деп (көктегі Әкесіне) мақтау айтты. Иса:
22— Маған бәрін де Әкем сеніп тапсырған. Рухани Ұлының#10:22 1:35. шынымен кім екенін Әкесінен өзге ешкім де білмейді. Әкенің кім екенін де жалғыз рухани Ұлы ғана біледі, әрі Ол Әкесін кімдерге білдіргісі келсе, солар да Оны жақыннан таниды, — деді. 23Содан кейін Ол шәкірттеріне бұрылып, оңаша былай деді:
— Сендер көріп жүрген керемет нәрселерді көргендерің үшін бақыттысыңдар.#10:23 Яки: Құдай сендерді жарылқап тұр (6:20). 24Сендерге айтамын: көптеген пайғамбарлар мен патшалар сендердің көріп жүргендеріңді көргілері келді, бірақ көре алмады, сендер естіп жүрген сөздерді естігілері келді, бірақ ести алмады.#10:24 Мат 13:17; Пет1 1:10-12; Евр 11:13; Жар 49:10,18.
Қайырымды самариялық туралы астарлы сөз
25Сол кезде Таурат заңын үйретуші бір ғұлама#10:25 Яғни Таураттағы діни заңдарды халыққа түсіндіріп, олардың орындалуын қадағалаушы адам. Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болды. Ол орнынан тұрып:
— Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек? — деп сұрағанда, 26Иса оған:
— Таурат заңында не деп жазылған, не оқып жүрсің? — деген сауал қойды. 27Сол адам былай деп жауап берді:
— «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»#10:27 (Заң 6:5; Леу 19:18) Яки: «Өзіңді қалай сүйсең, басқаларды (яғни өмір жолыңда Құдай өзіңе кездестірген жандарды) да солай сүй!» делінген.
28Иса оған:
— Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда (мәңгі) өмір сүресің,#10:28 Әрине, өз күшімен адам осылай істей алмайды. Исаның мұндағы мақсаты осы адамның соны ұғып, тәубеге келуі болған болса керек (Рим 7:18-19,23-25; Жох1 1:8-9). — деді. 29Бірақ өзін ақтағысы келген ғұлама Исадан:
— Сонда «маңайымдағы адам» кім болғаны? — деп сұрады. 30Иса оған былай жауап берді:
— Бір адам Иерусалимнен Иерихон қаласына кетіп бара жатып, қарақшылардың қолына түсіпті. Қарақшылар оның киімдерін сыпырып алып, өзін жарақаттап, шала-жансар етіп тастап кетіпті. 31Бір діни қызметкер сол жолмен кездейсоқ келе жатып, оны көре тұра қасынан өтіп кетеді. 32Дәл солай жаңағы жерге келген ғибадатхана қызметшісі#10:32 Яки: леуілік көмекші (Жох 1:19; Түсіндірмені де қараңыз). де оған қарап, қасынан өтіп кетеді.
33Содан кейін бұл жерге жолаушылап бара жатқан бір самариялық#10:33 Діндар яһудилер самариялықтарды менсінбей, олармен қарым-қатынас жасамайтын (9:52). келеді. Әлгі адамды көргенде оған жаны ашып, 34қасына барады да, жараларын маймен және шараппен жуып-шайып, таңады. Оны есегіне мінгізіп алып, қонақүйге апарып, күтеді. 35Самариялық адам ертеңінде жолға шығарда, қонақүйдің иесіне екі күміс теңге беріп: «Мына кісіге қамқорлық жасай гөр. Егер артық шығын шығарсаң, мен қайтып оралған кезде төлеймін», — дейді.
36Ал енді, қарақшылардың қолына түскен кісіге бұл үшеуінің қайсысы «маңайындағы адам» болды деп ойлайсың? — деп Иса сол ғұламаға сұрақ қойды. Ол:
37— Әрине, оған қайырымдылық көрсеткені, — деді. Сонда Иса оған:
— Сен де солай істейтін бол! — деп тапсырды.
Марта мен Мәриям: адамға шынында не керек?
38Иса шәкірттерімен бірге жол жүріп бара жатып, бір ауылға кірді. Сол жерде Оны Марта есімді әйел үйіне шақырып, қонақ етті. 39Мартаның Мәриям деген сіңлісі бар еді. Ол Иеміз Исаның аяқ жағына отырып алып, сөзін құлақ салып тыңдады. 40Ал қонақты жақсылап күтудің қамын ойлаған Марта зыр жүгіріп қызмет етті. Арасында Исаға келіп:
— Мырза, сіңлімнің барлық жұмысты маған қалдырғанына жайбарақат қарап отырасыз ба? Ол маған көмектессін, айтыңызшы! — деді. 41Ал Иеміз Иса:
— Әй, Марта, Марта-ай, сен көп нәрсенің қамын ойлап, уайымдайсың. 42Ал керегі бір-ақ нәрсе ғой: Мәриям игілікті жағын таңдап алды, оны содан ешкім айыра алмайды,#10:42 Яғни Мәсіхтің сөздеріне құлақ салып, Онымен тығыз байланыста тұрудың мәңгілік үшін де пайдасы зор (Жох 15:4,16; 17:2-3,17). — деді.

Currently Selected:

Лұқа 10: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy