Леуіліктер 3
3
Қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандықты ұсыну тәртібі
1Егер біреу Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандыққа еркек не ұрғашы мүйізді ірі қара малдан ұсынса, онда Жаратқан Иенің алдына еш мінсіз бір малды алып келсін. 2Адам құрбандығының басына қолын қойсын. Оны кездесу шатырының кіреберісінде шалсын. Діни қызмет атқарушы Һаронның ұлдары малдың қанынан құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын.
3Адам Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдірген осы құрбандығынан Оған мына бөліктерді өртеу арқылы ұсынсын: малдың бүкіл ішмайы мен шарбы майын, 4қос бүйректі, олардағы майды жамбас майымен бірге және бауырдың үстіндегі көк етті. Соңғысын бүйректермен бірге бөліп алып қойсын. 5Һаронның ұлдары осы бөліктерді құрбандық үстелінде жанып жатқан отынның үстінде түгелдей өртелетін тартумен бірге түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту.
6Егер біреу Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандығына еркек не ұрғашы бір ұсақ малын алып келсе, онысы еш мінсіз болуға тиіс. 7Егер ол тоқты ұсынса, онысын Жаратқан Иенің алдына алып келсін. 8Адам құрбандығының басына қолын қойсын. Оны кездесу шатырының алдында шалсын. Һаронның ұлдары тоқтының қанынан құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын.
9Адам Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығынан Оған өртеу арқылы мына бөліктерді тарту етсін: барлық майын, яғни құйымшағының қасынан кесіп алған майлы құйрығын түгелдей, бүкіл ішмайы мен шарбы майын, 10қос бүйректі, олардағы майды жамбас майымен бірге және бауырдың үстіндегі көк етті. Соңғысын бүйректермен бірге бөліп алып қойсын. 11Діни қызметкер осы бөліктерді құрбандық үстелінде тамақ іспетті түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған тарту.#3:11 Әрине, бүкіл әлемді жаратқан Құдай Тағалаға ешқандай тамақ қажет емес. Адамдардың Оған ұсынатын құрбандықтары мен басқа да сый-тартулары тек Оны мадақтап, Онымен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін сыртқы белгі ғана (Жыр 49:7-15; 68:31-32).
12Егер біреу құрбандыққа ұрғашы ешкі ұсынса, ол онысын Жаратқан Иенің алдына алып келсін. 13Адам ешкінің басына қолын қойып, содан кейін оны кездесу шатырының алдында шалсын. Һаронның ұлдары малдың қанынан құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын.
14Адам Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығынан Оған мына бөліктерді өртеу арқылы тарту етсін: малдың бүкіл ішмайы мен шарбы майын, 15қос бүйректі, олардағы майды жамбас майымен бірге және бауырдың үстіндегі көк етті. Ол соңғысын бүйректермен бірге бөліп алып қойсын. 16Діни қызметкер осы бөліктерді құрбандық үстелінде тамақ іспетті түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту.
Құрбандықтың бар майы Жаратқан Иеге бағышталсын! 17Өздерің және болашақтағы ұрпақтарың барлық мекендеріңде сақтауға тиісті тұрақты ереже мынау: сендерге құрбандықтың ешқандай майын және қан атаулыны ішіп-жеуге болмайды.
Currently Selected:
Леуіліктер 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: