Ешуа 12
12
Жеңілген патшалардың тізімі
1Исраилдіктердің бұған дейін жеңіп шығып, Иорданның шығыс жағындағы Арнон аңғарынан Хермон тауына дейін, Иорданның алқабының шығыс жағындағы иен даланы қосқандағы жерлерін иемденіп алған патшалар мыналар: 2алғашқысы аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихон еді. Ол Арнон аңғарының шетіндегі Арогерден және сол аңғардың ортасындағы қаладан бастап, аммондықтардың шекарасындағы Ябок өзеніне дейінгі аралықта билік құрды. Бұл аймақ — Ғилақад өлкесінің жартысы. 3Сихон, сондай-ақ, (солтүстіктегі) Ғалилея (Кінерет) көлінің батыс жағалауынан бастап, (оңтүстіктегі) Өлі теңізге,#12:3 Немесе: (оңтүстіктегі) Арабада (яки: елсіз далада) орналасқан Тұзды (Өлі) теңізге (3:16). яғни Тұзды теңізге, дейінгі аралықта, әрі Бет-Ешимотқа, оңтүстікте орналасқан Писга тауының етегіне қарай созылған Иордан алқабына билік жүргізді.
4Екіншісі Башанның патшасы Ог еді. Ол рафалықтар#12:4 Яки: алып адамдар әулеті (13:12; Заң 3:11). әулетінің соңғыларының бірі еді. Огтың басты қалалары Аштарот пен Едірей болатын. 5Ог патша Хермон тауы мен Салхаға, гешурліктер мен махалықтардың жеріне дейінгі бүкіл Башан аймағына және Хешебон патшасы Сихонның жерімен шекаралас жатқан Ғилақад өлкесінің жартысына билік құрған еді. 6Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса мен Исраил халқы осы екі патшаны жеңіп шыққаннан кейін Мұса осы жерді Рубен мен Ғад руларына және Манаса руының жартысына мұралық меншікке үлестіріп берді.
7Ал Ешуа мен исраилдіктер Иорданның батыс жағында жеңген патшалардың жерлері (солтүстіктегі) Ливан аңғарындағы Бағал-Ғадтан бастап, (оңтүстіктегі) Сейірге қарай өрлеп баратын жолдағы Халақ тауына дейінгі аралықта орналасқан болатын. Ешуа солардың жерлерін Исраилдің өзге руларына үлестіріп берді. 8Сол жерлер мыналар: таулы аймақ, батыстағы төменгі қыраттар, Иорданның алқабы, тау беткейлері, (Яһудадағы) елсіз дала, оңтүстіктегі иен дала (Негев), яғни хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктердің жерлері.
9Сонымен Исраил жеңіп шыққан патшалардың қалалары мыналар, әрбір қаланың бір-бірден патшасы болды: Иерихон, Бетел маңындағы Ай, 10Иерусалим, Хеброн, 11Ярмут, Лахыш, 12Еглон, Гәзер, 13Дебир, Гәдер, 14Хорма, Арад, 15Либна, Адуллам, 16Макед, Бетел, 17Таппуах, Хефер, 18Әфек, Лашарон, 19Мадон, Хасор, 20Шимрон-Мером, Ахшап, 21Тағанах, Мегидо, 22Кедес,#12:22 19:37; 20:7; 21:32. Қармил тауының түбіндегі Жоқнеам,#12:22 19:11; 21:34. 23таулы Дор жеріндегі Дор,#12:23 Яки: Нафот-Дордың маңындағы Дор (11:2). Ғылғалдағы Ғойым#12:23 (4:19; 5:9-10; Жар 14:1-2,9) Немесе: Ғылғалдың маңындағы бөтен ұлттар (патшасы). 24және Тирса. Барлық патшалардың ұзын саны отыз бір.
Currently Selected:
Ешуа 12: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: