Жақыптың хаты 5
5
1Сонымен, байлар, құлақ түріп тыңдаңдар! Бастарыңа төніп тұрған қасіреттеріңе бола зар еңіреп жылаңдар! 2Дүние-мүліктерің шіріп, киімдерің күйеге жем болды, 3алтын мен күмістеріңді тот басты.#5:3 Сол замандағы алтын мен күміс таза болмай, басқа металдармен араласқан еді. Байлар сондай ыдыстарды көптеп жинаған соң, оларды тот басатын (Мат 6:19-20). Солардың тоты сендерге қарсы айғақ болып, тәндеріңді оттай жалмайды. Осы заманның ақыры жақын болса да,#5:3 Яки: Осы заманның ақыры жетіп қалған болса да (5:7,9; Елш 2:17; Пет2 3:10-14). өздеріңе қазына жинап келесіңдер! 4Міне, сендер егіндеріңді жинаған жұмысшыларға төлемеген тиесілі жалақылар өздеріңе қарсы айғақ болып шағынып тұр! Орақшылардың айқайлаған дауыстары Әлемнің Иесінің құлағына жетті.#5:4 Леу 19:13; Мал 3:5. 5Сендер бұ дүниеде молшылыққа белшеден батып, рақат кешіп келесіңдер. Құритын күндерің жетсе де, бордақыланған малдай семірудесіңдер. 6Тіпті өздеріңе қарсы шықпаған әділдерді соттап, өлтірдіңдер!#5:6 4:2; Мат 23:35; Елш 7:51-52.
Мәсіхтің қайтып келуін сабырмен күту
7Ендеше, бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді. 8Сендер де сабырмен күтіп, жүректерің мызғымас табанды болсын. Өйткені Иеміз жуырда қайтып келмек.
9Сотталмауларың үшін, бауырластарым, бір-біріңнің үстеріңнен шағым айтпаңдар. Үкім шығаратын Иеміздің жуырда қайта оралатынын білесіңдер ғой. Ол есік алдына келіп қалғандай жақын.
10Бауырластарым менің, азап шегіп, төзе білуде Жаратқан Иенің атынан сөйлеген пайғамбарлардан үлгі алыңдар. 11Сол төзімді адамдарды бақытты деп санаймыз. Әйүп пайғамбардың шыдамдылығы туралы естігенсіңдер, Жаратқан Иенің ақыр аяғында оны қалай жарылқағанын да білесіңдер.#5:11 Әйүп 1:21-22; 42:10,12-17. Иеміздің жанашырлығы мен қайырымдылығы қандай зор!
Бұлтартпай шындықты айту, бауырласы үшін сеніммен сиыну
12Ең бастысы, бауырластарым, ант етуші болмаңдар! Көк пен жердің немесе басқа да нәрселердің атымен ант етпеңдер. Қайта, сендер «иә» дегенде шынымен иә, «жоқ» дегенде шынымен жоқ болуға тиісті. Әйтпесе Тәңір Ие сендерді жауапқа тартпақ.#5:12 Мат 5:34-37.
13Кейбіреулерің азап шеккенде, Құдайға сиынсын, көңілді болғанда, мадақтау жырлары мен әндерін айтсын.
14Қайсыбіреуің ауырып қалса, қауым жетекшілерін шақыртсын. Олар соның маңдайына Жаратқан Иенің атынан май жағып,#5:14 Май жағу рәсімі бұл жерде Киелі Рухтың құдіретінің сыртқы белгісі іспетті (Мар 6:13; 16:18; Түсіндірмені де қараңыз). оның үстіне қолдарын жайып сиынсын.#5:14 Яки: оның үстінен дұға етіп сиынсын (Мыс 17:10-13; Мат 19:13-15; Мар 5:23; 6:5; 16:18). 15Сеніммен сиынғандарыңа бола Иеміз науқастың денсаулығын қайтадан қалпына келтіріп, сауықтырмақ. Егер ол күнә жасаған болса, кешірілмек. 16Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.
17Ілияс пайғамбар да біз сияқты пенде болатын. Алайда ол жаңбыр жаумасын деп шын жүректен сиынғанда, үш жарым жыл бойы жерге жаңбыр тамбады. 18Ол қайтадан жауын болсын деп сиынғанда, аспаннан жаңбыр құйылып, жер тағы да өнімін берді.#5:18 Пат3 17:1; 18:1-2,41-45.
19Бауырластарым, қайсыбіреуің ақиқат жолынан тайса, басқа біреуің оны кері қайтарсын! 20Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның жанын рухани өлімнен құтқарып,#5:20 Рим 6:20-23; Еф 2:1-5. көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады.
Currently Selected:
Жақыптың хаты 5: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: