Ишая 53
53
1Біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді?#53:1 Немесе: Жаратқан Иенің құдіретті қолы кімге көрсетілді? (40:5,10; 51:5,9; 52:10) 2Қызметшісі Құдай алдында жас көшеттей, құрғақ жерден шыққан жас өркендей#53:2 (7:14; 11:1) Яки: жас өскіндей. өсіп шықты. Оның біз таңырқап қарайтындай ажары мен келбеті немесе бізге ұнайтындай ұсқыны жоқ еді.#53:2 52:14. 3Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де#53:3 49:7; Жыр 68:10,19-20. бағалаған жоқпыз.
4Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді.#53:4 53:5-6,10-12; 1:4-6. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық! 5Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. 6Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.
7Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды.#53:7 Мыс 12:3,6-7,13; Жох 1:29; Пет1 1:18-19. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады. 8Оны жәбірлеп,#53:8 Немесе: бұғаулап. әділетсіз соттап, өлтіруге алып кетті. Оның замандастарынан кім мынаны ойлады:#53:8 Немесе: Оның ұрпақтары туралы кім ойлаған еді (яки: кім айтып бере алады)? (Көне грекше Септуагинта аудармасы бойынша.) Ол халқымның күнәларына бола азапталып, бұ дүниеден аластатылды. 9Оның моласы қылмыскерлер қорымында белгіленгенмен, мәйіті бай адамның қабіріне қойылды. Өйткені Ол ешқандай күнә#53:9 Яки: қылмыс, жауыздық. жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес.
10Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық#53:10 Леу 5:15. еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады.#53:10 Жыр 15:9-11; 21:30-31. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады.
11Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап#53:11 Немесе: Әділ Қызметшім жаны азап шеккеннен кейін (қайтадан) жарық көріп. қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады.#53:11 Немесе: Әділ Қызметшім өз басынан өткізгендері (яки: Өзінің білімі) арқылы көп адамдарды ақтайды (53:4-6). Ол солардың күнәларын өз мойнына алады. 12Оған сол себептен көптеген адамдарды табыс етемін. Ол билік иелерін де олжалайды.#53:12 Немесе: Оған ұлықтардың арасынан орын беремін. Ол билік иелерімен бірге олжаны бөлісетін болады (Рим 8:17). Себебі Қызметшім жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып, қылмыскерлердің кешірілуі үшін ара түсті».
Currently Selected:
Ишая 53: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: