YouVersion Logo
Search Icon

Ишая 51

51
Құдай халқының мәңгілік құтқарылуы туралы уәде
1«Әділдікке ұмтылып, Маған бет бұрып сиынғандар, сөзіме құлақ түріңдер! — деп шақырады Жаратқан Ие. — Шыққан ата-тектеріңе көз жүгіртіңдер: қандай жартастан қашалып, қай орыннан қазылып алынғандарыңа көңіл бөліңдер! 2Түп ата-аналарың Ыбырайым мен Сараны естеріңе түсіріңдерші. Мен Ыбырайымды балалы болмай тұрып-ақ тағайындап алдым. Оны жарылқап, кереметпен үрім-бұтақты еттім».#51:2 Жар 12:1-2; 17:1-6,17-19. 3Сол сияқты, Жаратқан Ие енді Сион шаһарына да жаны ашып, оның қаңырап бос қалған жерлерінің бәрін кереметпен қалпына келтірмек. Ол елдегі шөл дала мен құла түзді жұмақ секілді, иә, Жаратқан Иенің пейіш бағының#51:3 Жұмақ: яки Едем (пейіш бағы) (Жар 2:8-9; 13:10). өзі іспетті ғажап етпек! Сонда Сион шат-шадыман болып, шүкірлікке, шырқалған әнге бөленетін болады.
4«Ей, халқым Исраил, Маған көңіл аударып, құлақ салыңдар! Мен барлық ұлттарға арнап тәлімімді#51:4 Немесе: заңымды. шығарамын. Бүкіл адамзатқа да әділ шешімдерім нұр болып, тура жолды көрсетеді. 5Менің әділдігім жуырда жер бетінде орнамақ. Сендерді тез арада құтқарып алып, басқа халықтарға өз құдіретіммен билік айтатын боламын. Алыстағы елдер#51:5 Яки: Теңіз жағалаулары мен аралдардағы елдер. Мені үміттене күтіп, құдіретті күшіме сенімдерін артады. 6Аспанға көз жүгіртіп, жерге де назар аударыңдар: аспан түтіндей ғайып болып, жер ескі киімдей пайдасыз болып қалады, оның тұрғындары шыбын-шіркей секілді лезде өліп құриды. Бірақ Менің құтқаруым мәңгілік болады, әділ билігімнің шегі болмайды.
7Ей, әділдікті білетіндер, тәлімдерімді#51:7 Яки: Таураттағы заңымды. жүрегінде ұстайтын халық, сөзіме құлақ түріңдер! Пенденің мазағынан қорықпаңдар, жұрттың өсек-жаласынан да шошынбаңдар! 8Олар күйе түсетін киімдей, құрт жеген жүндей өткінші ғана. Ал Менің әділ билігім мәңгілік, құтқаруымның игілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек».
9— Уа, Жаратқан Ие, орныңнан тұрып,
Баяғыдай құдіретті қолыңды созып,
Ежелдегі істегенің іспетті
Қазір де көрсете гөр ерен күшіңді!
Сол заманда Мысыр елін#51:9 Яки: Рахабты. Немесе: қолтырауынды (Мысыр елінің бір атауы: 30:7; Жыр 86:4; 88:11). талқандап,
Осы айдаһардай жауды жарақаттап,
Жойып жіберген Өзің емес пе едің?!
10Сонда Сен теңіздің суын құрғатып
Түпсіз тұңғиығынан бір жол аштың,
Халқыңды жаудың қолынан құтқарып#51:10 Яки: Халқыңды туысқан қамқоршыдай құнын төлеп азат етіп (41:14; Мыс 12:12-13,29-31; 14:13-22).
Сол жолмен арғы жаққа алып шықтың!
11Содан Жаратқанның азат еткен халқы#51:11 Яки: Жаратқан Ие құнын төлеп азат еткен халқы.
Сионға ән шырқап қайта оралады,
Олар мәңгі бақи мәз-мейрам болады,
Қуаныш пен шаттыққа әбден толады.
Қайғы-мұң атаулы бастарынан сонда
Лезде алыстап кетеді біржолата.
12Жаратқан Ие таңдап алған халқына былай дейді: «Мен Өзім сені жұбатып, сүйенішің боламын. Қалай сен ажалды пендеден шошынып, адам баласынан қорқасың? Ол солып қалатын шөп секілді өткінші емес пе? 13Ал өзіңді жаратқан Мені, Жасаған Иені, ұмытып келесің! Мен әуел баста аспан кеңістігін жайып жіберіп, жердің негізін салғанда шексіз құдіретімді көрсеткен едім.#51:13 40:22; 42:5; 44:24; 45:12. Неліктен сен өзіңе зорлық-зомбылық жасаған жауыңның қаһарынан күн ұзағына үрейің ұшып қорқасың? Рас, ол сені қырып-жоймақшы болды. Ал қазір сол қанаушыңның қаһары қайда?!
14Тұтқындарың жуырда азат болады.#51:14 48:20; Езр 1:2-3,5. Олар өліп, көрге түспейді, әрі нансыз да қалмайды. 15Себебі Мен сенің Құдайың Жаратқан Иемін. Теңізді буырқантып, толқындарын гүрілдетуге құдіретім жетеді. Әлемнің Иесі — Менің тағы бір есімім. 16Аузыңа сөздерімді саламын. Сені қолымның аясында ұстап қорғаймын. Аспанды күмбездей орналастырып, жердің негізін салып бекіткен Өзіммін. «Сен өз халқымсың» деп Сионды#51:16 Яки: Исраилді. (Сион, яғни Иерусалим қаласы, бұл жерде бүкіл Исраилдің халқын бейнелейді: 46:13; 49:14; 51:3.) қайтадан қамқорыма алатын да Менмін».
Құдайдың қаһарлы жазасы
17Оян, орныңнан тұр, Иерусалим! Сен Жаратқан Иенің қаһарына әбден ұшырадың. Сол қаһары шарапқа толы тостағанға ұқсады. Оны түбіне дейін тауысып ішіп, мас болғандай теңселіп жүрдің. 18Өзіңде туып-өскен тұрғындарыңның бірде-біреуі саған қол ұшын беріп, тура жолмен жетелеп алып жүрген жоқ.
19Мына пәленің екеуі де: тас-талқан болу және ашаршылық пен семсерден қырылу басыңа түсті. Ал кім сен үшін қайғырады? Менен басқа кім саған жанашыр бола алады? 20Тұрғындарың естерінен танып, көшелердің бұрыштарында жатып, торға түскен бөкендерге ұқсайды. Олар Құдайдың қаһарына ұшырап, Жаратқан Иенің үкімін толықтай бастарынан өткізді.
21Сондықтан енді сөзіме құлақ сал, ей, Иерусалим! Сен шарап ішпей-ақ мас болғандай әлсізсің, қиналып та жатырсың. 22Жаратушы Тәңір Иең, өз халқын қорғаушы Құдайың,#51:22 (Нқл 22:23; Ерм 50:34; 51:36) Яки: өз халқы үшін күресуші Құдайың (Жыр 34:1). былай дейді: «Мен қаһарыма толы тостағанымды қолыңнан қайтарып аламын. Одан ішкенде сен теңселіп, әбден әлсіреген едің. Мен сол қаһарымнан бас тартып, енді қайтып оны саған төкпеймін.#51:22 Немесе: Ал Мен сол тостағанды қолыңнан алып, енді қайтып саған одан ішкізбеймін. 23Керісінше, сені азапқа салған дұшпандарыңа қаһарыма толы тостағанымнан ішкіземін. Олар саған: «Жерге етпетіңнен жат! Үстіңнен басып өтейік» деп бұйыратын. Осылай сен олардың аяқтарымен басатын жолы болып арқаңды тосып, бағынуға мәжбүр болған едің».

Currently Selected:

Ишая 51: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in